Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
2 тоқсан бойынша полный талдау анықтама біртұтас
Қараша айы
Тақырыбы: "Адал азамат- Адал еңбек- Адал табыс" тәрбие сағаты
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 қараша күні 9-сынып оқушыларының қатысуымен "Адал азамат- Адал еңбек- Адал табыс" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға адалдықтың, еңбекқорлықтың және адал табыстың маңыздылығы туралы ой қозғау. Адал азамат болу-қоғамымыздың негізгі қорғаны, ал адал еңбек-адамның өзіне және отбасына жарқын болашақ сыйлаудың ең тиімді жолы екенін түсіндіру. Сонымен қатар, балаларды адалдық пен әдептілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшісі оқушыларға "Адал адам", "адал еңбек" және "адал табыс" ұғымдарына тоқталып, түсінік берді. Ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді келтіріп, мағынасы түсіндірді. Оқушыларға тақырып аясында сұрақтар қойып, кері байланыс орнатылды. "Дұрыс па, бұрыс па" әдісі арқылы оқушылар білімдерін пысықтады.
Адал азамат дегеніміз — жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды.
Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам "Адал азамат" деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды.
Қорытынды. Адал еңбек – адамның жан-дүниесін байытатын және оның қоғамдағы орнын айқындайтын басты құндылық. Оқушылар әрбір адам адал еңбек арқылы ғана шынайы табысқа жете алатынын түсінді.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы.
«Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.
Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
І-оқу тоқсанының аяқталуына байланысты 9-11 сыныптың кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелерге тоқтала келіп, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыстары таныстырылды, сынып жетекшілер мамандық таңдау бағытында «Сен жанбасаң лапылдап», «Құмарлыққа бой алдыру –тәуелділік құрдымы», «Атадан-өсиет, анадан -қасиет» және «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыптарында таныстырылымдар көрсетіп, баяндамалар оқыды.
Жиналыс соңында ата-аналар мектеп ұжымына алғыстарын жаудырып, мұғалім, мектеп, ата-ана үштік одағы біріксе, бала тәрбиесі жоғары сатыда болып, еліміздің болашағы балалар білімді де тәрбиелі, алғыр болып өсетініне сенім білдірді.
САРЫАРҚАНЫҢ САҢЛАҒЫ - БИІК ТҰЛҒА БЕЙІМБЕТ сахналық қойылым
Бейімбет Майлиннің туғанына -130жыл
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа құрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді.
Бүгін мектебімізде “Мектеп театры” жобасы аясында 5сыныптар бойынша “САРЫАРҚАНЫҢ САҢЛАҒЫ-БИІК ТҰЛҒА БЕЙІМБЕТ” тақырыбында жазушы шығармаларынан драмалық сахналық қойылым сайысы өткізіліп, оқушылар сахналық шеберліктерін көрсетіп, марапатталды.
Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі
10 сынып оқушылары арасында "Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі" тақырыбында пікірсайыс өткізді.
Мақсаты: Ұлттық-сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Оқушылар 4 топқа біріктіріліп, "Отбасындағы ұлттық тәрбие", "Балабақшадағы ұлттық тәрбие", "Мектептегі ұлттық тәрбие", және "Ұлттық тәрбиенің көздері" атты тақырыптар беріліп, талқыланды. Оқушылар белсене атсалысты. Сондай-ақ халық тарихының дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным сенімінің, дүниетанымының көрінісі, бесік жырын дана халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танимыз.
Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы-өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету-ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.
Сынып жетекшілер отырысы
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер жиналысы болып өтті.
Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспары негізінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және топтық төбелестің, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер, тәрбие орынбасары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагог қызметкерлермен бірлескен отырыс болды.
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарын аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры заман ағымындағы болып жатқан түрлі құқықбұзушылық пен жас жеткіншектер өміріне төну қаупі бар келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында талмай жұмыс жасау керектігін атап айтылды.
Мектеп директорының тәрбие орынбасары елімізде жүріп жатқан буллинг, кибербуллинг, ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше екендігін атап өтті.
"ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ КҮНІ" тәрбие сағаты
15 қараша ұлттық валюта күніне орай "Ұлттық валюта-теңге күні" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді.
Мақсаты: Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгенің айналымға кіруі, авторлары жайлы мағұлмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Оқушыларға ақшаның адам өміріндегі маңызы, ақшаның атқаратын қызметі, әр елде әртүрлі аталуы, ұлтық валюта-теңгенің пайда болуы, оның авторлары, ақшаны сақтау орны - банк, шешіп алатын орын - банкомат жайлы толық мәлімет берілді. "Теңгенің шығу тарихы" бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен кері байланыс орнатылды. Тақырыпты пысықтау мақсатында "Ақшаны ұсақтау" және "Дүкен" ойындары ойнатылды. Оқушылар тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Сынып сағатының басында мемлекеттік әнұран орындалды. Қауіпсіздік сабағының тақырыбы: ""Кәмелетке толмаған бала заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе? ", "Көшедегі қауіпсіз ойындар" туралы айтылды.
"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы аясында "Әлеуметтік жобалар мен іс шаралар арқылы құндылықтарды енгізу" блогы бойынша "Ұшқыр ой алаңы " дебат клубы мүшелерінің қатысуымен 9 қазан күні "Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал – кино д.е." тақырыбында пікір сайысы өткізілді.
Мақсаты: тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу; ой-өрісті дамыту,жан-жақты ойлау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сыйластыққа,достыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сайыста "Үкімет" тобының және "Оппозиция" тобының спикерлері өз позицияларына сәйкес ойын көрсетті.
"Б.П. Қазақстандық жасөспірімдерге патриоттық сезімдерді дәріптейтін күшті құрал - кино д.е." қарар тақырыбы бойынша екі топ спикерлері өз аргументтері мен фактілерін келтіріп, тұщымды ойларын ортаға салды. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ой айтып, түйінді пікір білдірді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасын және жалпы тәрбие қызметін іске асыру бойынша ұйымдастырылатын тәрбиелік іс – шаралар жоспарына сәйкес «SMART BALA» жобасы аясында «Startup. Ғаламдық экологиялық мәселелер» тақырыбында 8 – 9 сынып білім алушыларының қатысуымен инновациялық идеялар байқауы өткізілді.
Мақсаты - білім алушыларды қоршаған әлемнің жалпы экологиялық бейнесін жасау және оған адамның әсерін айқындауға баулу, ізденіске тәрбиелеу. Бұл жарыс балалардың шығармашылық қабілеттерін, инженерлік ойлауын дамытуға бағытталған. Қатысушылар инновациялық идеялар мен конструкциялар ұсынды. Байқау жастардың техникалық дағдыларын жетілдіруге зор мүмкіндік болды.
Байқау нәтижесімен озық идеяларын ұсынған білім алушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Даналық мектебі" бағдарламасы аясында 1- 2-сыныптар арасында ұйымдастырылған "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" атты тәрбиелік іс-шарамыз болып өтті.
Іс-шараның міндеттері: әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; әжелердің бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау; өнегелі әжелердің іс-тәжірибесімен бөлісу. Мақсаты;мектеп,ата-ана,бала үштағанын қолдау.
Тәрбие сағаты барысында: әндер, сұрақ-жауаптар, диспуттар, ойындар,кино көрсетілімі,қолданбалы қол өнер тапсырмасы болды. Іс-шара өте қызық, кең көлемде өтілді. Әжелер немерелеріне жол нұсқап, үлгі-өнегесін насихаттап, болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Іс-шара соңы сыйлықтар мен батамен жалғасын тапты. Әженің бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше екені байқалды.
ЕСІРТКІСІЗ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!
Нашақорлық қауіпті індет-алдын алу міндет! Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.
Осы орайда "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы" аясында мектебімізде «Есірткісіз жарқын болашық» тақырыбында «Шабыт» жобасы мүшелерінің қатысуымен сахналық қойылым қойылды.
Жастар арасындағы есірткіге әуестік көбінде білместіктен басталады. Нәтижесінде есірткіге ағзаның тәуелділігі қалыптасады. Сондықтан әрбір ата-ана бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру арқылы ұрпағына зиянды әрекеттер туралы кеңінен ақпарат беріп, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіріп отырғаны абзал.
Адамға берілген құндылық – өмір болса, сол өмірді дұрыс сүру, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, елге адал қызмет ету маңызды болып қала бермек.
Мақсаты: оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын-алуға тәрбиелеу.
Өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша «Өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік” тақырыбында тәрбие сағаты жүргізілді. Сынып сағатының басы әдеттегідей еліміздің Мемлекеттік Гимні орындаумен басталып, оқушылар апта дәйек сөзімен таныстырылды. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып алу мақсатында, демалысты қалай өткізгендіктерін сұрап, оқушылар санын түгендеп алған соң, тақырыппен таныстырылды. Содан кейн өз ойларын айтып тақырып бойынша, әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Сабақ барасында жауапкершілікті алу түсінігін терең ұғыну үшін жұпқа бөліп, бір оқушының көзін жауып, екінші оқушы өз мойнына жауапкершілік алып кедергілерге жанастырмай мәреге жеткізетін ойын ойнап, тақырыпты қорытындыладық. Сабақ соңында “Төтенше нөмерлер” атты қауіпсіздік сабағы өтті. Жауапкершілік деген сөздің аясының кең екенін , оған адамгершілік,сөзге беріктік,уәдеде тұру сияқты қасиеттер жататындығын айтып,топтастыру арқылы қорғады.»Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ерте жастан жауапкершілікті сезініп, үйрену керектігі жайында сөз қозғады
6-9 сынып оқушылары арасында темекінің, нашақорлықтың алдын алу үшін “Спид, нашақорлық ғасыр дерті” тақырыбында спорттық сайыс болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.Спорт салауатты өмір салтын ұстану мықты денсаулық кепілі.
Мектебімізде оқушыларға буллинг және кибербуллинг жайлы мағұлмат беру, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында 2 - 11 - сыныптар арасында «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы буллингтің себептері мен түрлерін анықтау, алдын алу жұмыстарын жүргізу және буллинг туралы ақпаратты кеңейту.
Сабақ соңында қауіпсіздік сабағының тақырыбы «Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары» жайында бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға қарапайым және төтенше жағдай арасындағы айырмашылық түсіндірілді және қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы ақпараттар айтылды.
Буллингпен қоса жүретін Кибербуллингтің (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, т.б жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.
"Бір тұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде Қараша - "Әділдік пен Жауапкершілік" айы шеңберінде, "Құқықтық сана - қоғамға пана" жобасы бойынша "ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" апталығы аясында жұмыс жоспарына сәйкес, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында "Өзін өзі басқару" ұйымы және мектеп тәлімгері - ұйымдастыруында дөңгелек үстел өткізілд
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтар мен міндеттерін түсіндіру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Құқық дегеніміз не?
2. Ата Заңымызда көрсетілген адам құқықтары мен міндеттері
3. Жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлері және жауапкершілік
4. Бейнеролик тамашалау, кері байланыс орнату.
5. Тапсырмалар орындау.
Қорытынды: оқушылар заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратқа жететінін түсінді.
"БАЛАЛАРДЫ РЕНЖІТПЕУ, КЕМСІТПЕУ" СЫНЫП САҒАТЫ
"20 қараша – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне" орай "Біз бірге зорлық - зомбылыққа қарсы тұрамыз" тақырыбында өткізілетін онкүндік жоспары аясында "Балаларды ренжітпеу, кемсітпеу" тақырыбында 5-6 сынып білім алушыларымен танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты:
-Оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға , ренжітпеуге, кемсітпеуге тәрбиелеу;
- Қатыгездік пен кемсітудің адам психологиясына әсерін түсіндіру;
- Өзара түсіністік пен достықты қалыптастыру, әлеуметтік ортада сабырлық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту:
Танымдық сағаты барысында балаларды бір-біріне құрметпен қарауға, оқушыларға өзара қолдау көрсету, жақсылық пен мейірімділік екеуара тілектерін білдіріп, "Құрмет деген не?" немесе "Мен ренжіткен адамды қалай кешіруге болатынын ойлап көр" тақырыбында оқушылар эссе жазды.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл,ратификацияланғанына 30 жыл Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70жыл толуына орай құрылған іс-шаралар жоспарына сәйкес 20 қараша - Халықаралық балаларды қорғау күні «Бала құқығы - адам құқығы» атты онкүндік аясында "Балаларға қатыгездік көрсетуге жол бермеу, тәрбиенің зорлық - зомбылық әдістерін болдырмау" тақырыбында оқушыларға брошюра таратылды.
Мақсаты: «Балалар құқығы» туралы конвенциясының баптарын таныстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу.
Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, кез-келген зорлық-зомбылықтан балалардың құқықтары заңмен қорғалатындығы айтылды, тақырыпқа сай презентация көрсетілді, жадынамалар таратылып түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушыларымыздың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру керек.
«Вейптерден бас тартудың себептері» тақырыбында мектеп тәлімгері және парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді.
Мақсаты — қатысушыларды осы мәселенің маңыздылығына назар аудартып, олардың өз пікірлерін қалыптастыруға және дәлелдер арқылы қорғай білуге үйрету. электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды химиялық құрамының әсерін ашу
Дебатқа 2 фракция қатысып, өзара тартысты пікірсайысқа түсті. Дебатқа қатысушы мүшелер құнды ақпараттарды ізденген. Айтылған қарар бойынша ақпараттары жеткілікті деңгейде болды.
Вейптерден бас тартудың себептері туралы пікірсайыс әртүрлі көзқарастарды қамтиды. Бір жағынан, олардың денсаулыққа зиянды әсері мен тәуелділік тудыруы маңызды мәселелер болса, екінші жағынан, олар темекі шегуді азайтуға және адамдарға жақсырақ балама ұсынуға мүмкіндік береді.
Дебатқа қатысушы оқушылар электронды темекінің адам денсаулығына келтіретін зияны жайлы өз ойларын ортаға салып,ғылыми тұрғыда дәлелдер келтірді.
Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ - келер кемел болашақ.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8 сыныбында "Вейптерден бас тартудың себептері. Электронды темекілердің химиялық құрамы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты:
Электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу;
Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекіу екенін, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ соңында су, электр энергиясын үнемдеу туралы видеолар мен жадынамалар көрсетіліп, оқушылар пікірлерін ортаға салды.
"БАЛАҒА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА ҚАНДАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?" тақырыбы бойынша 9-10-11-сынып оқушыларына мамандық таңдаудағы бейімділігін, қызығушылықтарын анықтау, нығайту мақсатында дөңгелек үстел. Мамандық таңдау-бұл өте маңызды іс екенін.Өйткені бұл таңдап отырған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқаратындықтарын ұғынды.Оқушылар өз ойларын сұрақ-жауап арқылы толықтырды.
9-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл кездесудің мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың , соның ішінде, өрт сөндіруші мамандығының қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру болып табылады. Кездесу барысында маман иелері өз мамандықтары және жұмысы туралы сұхбат беріп , барлық сұрақтарға тұшымды жауап қайтарды.
"Нашақорлық-Қазақстанның болашағына зор қауіп" тақырыбында семинар өткізілді.
Күн тәртібінде;
-Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік:
-Нашақорлық;
-Ойынға құмарлық(лудомания)
-Ғаламтор-алаятық
-Жәбірлеу немесе қорлау (буллинг) мәселелері қозғалып нашақорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
1 Есерткі заттарының ішімдік ішу мен темекі тартудың нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері,өкінішке ұрындырар ,келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
2 Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де , өзгені де зиянды әдеттердің қасіретін қорғай білуге салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Нашақорлықтын алдын алу .
3 Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру,жеке тұлғаның санасын дамыту , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні жайлы жас ұрпаққа толық түсіндірілді.
«Қазақ ханы Қасым ханның туғанына 580 жыл» толуына орай танымдық сағаты өткізілді. Шара барысында оқушыларға Қасым хан туралы тарихи деректер және шығу тегі мен билік басына келу тарихы, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының нығаюы, Сыр бойындағы қалалар үшін күресі туралы слайд арқылы көрсетіліп, түсіндірілді.
Мақсаты: Қасым хан кезіндегі хандықтың өркендеу тарихын зерттей отырып, олардың тарихтағы орнын зерделеу; Қасым ханның елді басқарудағы ішкі-сыртқы саясатты жүргізудегі реформалары мен заңдылықтарын зерттеу, тану және болашақ ұрпаққа жеткізу; Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Желтоқсан айы
Табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамға табиғат қаншалықты қажет болса, табиғатқа адам сондайлық қажет. Өйткені табиғатты гүлдендіретін, әрлендіретін, көркейтетін адам.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, “Қамқор” жобасы желтоқсан айында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы, "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында – мектеп оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қажетсіз қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында балалар табиғатты ластмамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған қалдықтар мен қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, бұлақ көздерін ашу, келешек ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға үлестерін қосты. Қай кезде де болмасын ең бірінше өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аула тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. Мектеп – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гулденуіне әрбір тұрғын бей – жай қарамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Тазалық әркімнің өз ауласынан басталатынын ескерте отырып, аудан тұрғындарын аталған тазалық шарасына өз үлестерін қосуға шақырамыз.
9-11 сыныптар арасында «Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына130 жыл» тақырыбында әдеби кеш өтілді.
Мақсаты:оқушыларға Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі туралы ақпарат беру. Шара барысында Рысқұловқа арналған «Тұрар Рысқұлов» атты деректі фильм көрсетілді.Сонымен қатар, оқушылар бұл дәрісте Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметімен таныстырып, оқушыларды халқын сүюге үйрету, еңбекке құштарлық сезімдерін туғызу мақсатымен туралы сыр шертетін слайд-шоу тамашалады.
Сталиннен қаймықпай, елінің мүддесі үшін қызмет еткен тұлғаның қазақ тарихында алар орны да ерекше. Әсіресе оның мыңдаған қазақты аштықтан құтқарып қалғанын ел аңыз ғып айтады. Белгілі Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ол туралы «Қызыл жебе» атты роман жазып, Тұрарға кітаппен ескерткіш қойды.
«Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі әрбір қазақ үшін үлкен үлгі. Ол ұлттың болашағы үшін өз өмірін арнап, қазақ халқының дербестігі мен тәуелсіздігін қорғауға тырысты. . Тұрар Рысқұлов сияқты тұлғалардың ерлігі мен жанқиярлығы әрқашан біздің жүрегімізде сақталады.Отанды сүю, ұлтты құрметтеу – әрбір азаматтың басты міндеті.
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының"жұмыс жоспары аясында “Өмір бойы оқыту: неге? қалай?” тақырыбында 9-11 сыныптың ата-аналарына дәріс өтті.
Мақсаты: ата-аналарға білім алудың маңызы мен мүмкіндіктерін ұғындыру, білім берудің замануи жағдайында ата-аналардың әлеуметтік серіктестігін қалыптастыру.
Дәрісте:
1. Адам неге өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді?
2. Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, сондай-ақ өзін- өзі басқару қабілеті өзін-өзі тәрбиелеуде қандай орын алады?
3. Өзiн-өзi тәрбиелеудiң қандай дағдылары мен қабiлеттерiн бала меңгеруi тиiс.
4.Балаға өзiн-өзi тәрбиелеу жөнiндегi iс- шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету тәртiбi айтылды.
Ата-аналарға өмір бойы білім алудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Өздерін дамыту арқылы балаларына үлгі болудың артықшылықтары, оқуға деген ынтаны арттыру жолдары, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдана отырып білім алу мүмкіндіктері қарастырылды.
Шарада ата-аналарға өзін-өзі дамытуға арналған платформалар мен ресурстар тізімі ұсынылды.
Сынып жетекшілер ата-аналармен мақал- мәтелді жалғастыру, құрастыру ойындарын ойнатып, көңілді әрі тиімді әдіс-тәсілді қолдана білді.
Ата- анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлдесе ой-өлкесі, - деп Абай атамыз айтқандай,перзенттерінің болашағынан үміт күткен әрбір ата-ана ұрпағының керемет тұлға болып есейгенін армандайды. Ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым- қатынастың бір көрінісі осы тренингте көрініс тапты деп айтуға болады.
Ата -ананың бала көңілін таба білуіне,өзін -өзі тануына бағыт беруіне арналған бұл тренинг өз дәрежесінде ұйымдастырылып, ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
«Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі» семинар-тренингі
Мектебімізде оқушыларға буллинг және кибербуллинг жайлы мәлімет беру, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу мақсатында «Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі» тақырыбында мектеп оқушыларына семинар-тренингі өткізілді.
Мақсаты: жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.
Мектептің әлеуметтік педагогы А.Құдайбергенова, педагог-психолог А.Сукурлукова оқушыларға «Буллингке» тап болған жағдайда не істеу керек және әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл қоюға болатыны туралы ұсынымдар берді.
Жасөспірімдер арасында өзекті мәселе екені туралы түсінік беріліп, алдын алу шаралары және шешу жолдары айтылды.
Қыз-өмірдің гүлі, барлық адамзатты қадірлеп,аялайтын асыл аруы десек те артық етпес. Осыған орай мектеп жанынан құрылған жастар клубының ұйымдастыруымен «Иманды қыз-аяулы ана» атты таным сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты: оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.
Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Қыз баланың бойындағы асыл қасиеттерді айта отырып, болашағына дара жол салу. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын өзінің ерекше болмысымен көзге түсері анық екендігі айтылды.
Кеш барысында имандылық тақырыбында мақал-мәтелдер берілді. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағанасын ашып өз ойларын айтты. Іс шараның барысында жастар белсенді ойларын толық жеткізді. Жасөспірімдер адамгершілік, имандылық туралы толық мағлұмат алып, қай жерде болса да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүру керек екенін түсінді. Қыздар қазақ қызының бойындағы адамгершілік қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұратындығын ортаға салып, талқылады. Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң білім ордасынан бастау алары сөзсіз. отбасынан алған тәрбиені жоққа шығармау өз қолдарыңызда екендігін естен шығармаған жөн. «Иманды қыз аяулы ана» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында «Жетістігімді еліме арнаймын»
спорттық челленджі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушыларға жетістік ұғымын түсіндіре отырып, өз жетістіктерін елі үшін қалай пайдалану керектігін ұғындыру. Оқушылардың өз елінің дамуына үлес қосу туралы ойлануына жағдай жасау.
«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында подкаст ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу. Адамгершілік, адалдық қасиетін дамыту.
Подкаст арқылы оқушыларға адалдық, шыншылдық ұғымдары түсіндіріліп, рухани адамгершілік қасиеттер қалыптастырылды.
Адалдық – қоғам әділеттігінің негізгі белгісі, адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етіп, жеке тұлға мінез-құлқының жағымды қалыптасуына әсер ететін құндылық. Адалдық-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі іспетті.«Адалдық» деген сөз шыншылдық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске алады. Шара барысында бейнесюжет көрсетіліп,тақырып көлемінде сұрақтар қойылып, топтық тапсырмалар орындалды.
Тақырып аясында оқушылар өз пікірлерін білдіріп,адал болу-адамгершіліктің белгісі екенін дәлелдеп берді.
«Тәуелсіздік –тірегім, Қазақстан жүрегім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен
жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін
дәлеллдеу, білімдерін кеңейту
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік
құндылықтарын дамыту
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар деректі фильм тамашалап, өзара диалог құру арқылы тақырып мазмұнын ашты. Еліміздің қасиетті символдарына түсінік беріп кетті.
Қазақстанымыздың тәуелсіздігі баянды, абыройы асқақ, мәртебесі үстем болсын!
«Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы ата бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді оқырмандарға жете ұғындыру, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеу және Тәуелсіздіктің қадір қасиетін насихаттау.
1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Қазақтың бас бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, бақытты күні сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ия бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ. Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан.Желтоқсан еліміздің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық – танымдық біліммен қамтамасыз ету шараларының аясында құқық қорғау органы қызметкерлері және сала мамандарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берілді.
Сондай-ақ, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында оқушылармен еркін әңгіме жүргізілді.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, мәдениет деңгейін арттыру бойынша жасөспірімдер арасында ақпараттық түсіндірме жұмысы негізінде «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өтті. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының ішінде діни білімге қызығушы жастардың қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сондай-ақ зайырлылықтың негізгі қадиғаттары түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды.
Шара барысында «Экстермизмге қарсы іс – әрекеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламалары , «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, қазіргі қоғамдағы қиындық тудырып отырған мәселелерге кеңінен тоқталды. Мектеп оқушыларын тәрбиелі, саналы, еліміздің патриот жастары болуға шақырды!
Жастарға дұрыс бағыт бағдар беру, дұрыс жолда болуына пайдасын тигізу. Әрдайым сенімді деректерден дұрыс ақпарат алып,дәстүрлі емес күмәнді әдебиеттерден сақ болып,ғалымдар мен сарапшылар мақұлдаған әдебиеттерден ақпарат алғанымыз жөн.
Мектебімізде жас жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың белең алған түрі буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп директорының, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, мектептегі педагог-психологтардың қатысуымен семинар практикум болып өтті.
Мақсаты: Мектептегі буллинг себептері және алдын алу жұмысы. Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің себептерін анықтау, қиыншылықтардың алдын алу жұмысын жүргізу мазмұны, буллинг туралы ақпаратты кеңейту;
Мектептегі зорлық-зомбылық қазіргі білім беру жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Өкінішке орай, айдап салу немесе қорқытуды кез-келген мектепте кездестіруге болады. Әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде буллинг білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Буллинг салдары – тікелей де және жанама түрде – оқушылардың зияткерлік және жеке тұлғалық дамуына теріс әсер етеді.
Бүгінгі күні білім беру ұйымдарына буллинг проблемасын пысықтау және жою жауапкершілігі жүктеледі. Бұл білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға, білім берудің жоғары сапасын, білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен дамуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ білім алушылардың физикалық және әлеуметтік денсаулығын сақтауға және нығайтуға кепілдік беретін қолайлы дамытушы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.
Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт –дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюді және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауды әрбір азаматтың аяулы борышы деп түсіндірген. Қазіргідей көптеген әдеби, мәдени оқулықтар толассыз ақпарат көздері болмаса да ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіре білген сол уақыттың адамдарын қалай кемеңгер демессің. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
«Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» айдарымен «Вейп туралы мифтер мен шындық» тренинг сабақтары 5 -6 сыныптарда ұйымдастырылды.
Шара барысында мамандар жастар арасында есірткі пайдалануы көбейгенін, нашақорлық өлімге әкелетіні, отбасы мен қоғамға үлкен қауіп тудыратыны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, нашақорлықтың, темекі шегу мен алкоголизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Салауатты өмір салтын жүргізу қағидаларын қалыптастыру, темекі, вейп қоспаларының зиянды әсерлері, синтетикалық есірткілерді пайдалану, сондай-ақ жасөспірімдерді есірткі құралдарына тартудың жағымсыз салдарлары туралы арнайы дайындалған видеожазба көрсетілді.
Қорытындылай келе, мамандар білім алушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.
Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың арасында мектеп психологы А.Сукурлукованың ұйымдастыруымен «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында әңгіме өтілді.
Әңгіме мақсаты:
құмар ойындардың адам психикасына зиянды әсері туралы түсінігін кеңейту; оқушыларда бар проблеманы саналы түрде түсінуді дамыту;
құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптастыру;
салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу;
өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.
Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.
«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.
Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.
Құмар ойыннан аулақ болып, өмірге салауатты көзбен қарайық деген қорытынды жасалды.
Оқушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, бейнеролик көріп, пікір білдірді
ЖОШЫ ҰЛЫСЫНА 800 ЖЫЛ!
Биыл Жошы ұлысының іргетасы қаланғанына 800 жыл. Бұл қазақ мемлекеттілігінің тамыры тереңде жатқанын дәделдейтін айтулы оқиға.
Мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларына арналған "Жошы ұлысына 800 жыл" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Жошы ұлысының тарихымен таныстыру. Жошы өмірбаянын насихаттау, Жошының жасампаздық рухтағы ұлы жолын кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Сабақ барысында оқушылар Жошы ханның өмірі мен жорықтары, Жошы ханның өмірге келуі, кесенесі туралы түрлі мәліметтер алып, Алтын Орда мемлекетінің тарихына қатысты өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар, түрлі тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді.
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде апта дәйек сөзін негізге ала отырып, "Бірлік және ынтымақ, " тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына жиын өткізілді.
Мақсаты: Достық пен бірліктің маңыздылығын түсіндіру, оқушыларды өзара жақсы қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, әлеуметтік ортада жақсы қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсіндіру және «Бірлігі күшті ел озады» дәйексөзі арқылы еліміздің дамуындағы бірліктің рөлін ашу.
Сабақ барысында оқушылар достық пен бірліктің қоғам мен ұлт дамуына тигізетін әсерін түсінді, достықты бағалау және оны өмірде ұстанудың маңыздылығын игерді. Оқушылар ұжымдағы ынтымақтастықтың маңызын түсініп, өзара қарым-қатынастарын нығайтуға, бір-біріне қолдау көрсетуге үйренді. Сынып сағаты оқушылардың достық пен бірліктің құндылығын түсінуіне ықпал етті.
Педагог-психологы А.Сукурлукованың ұйымдастыруымен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында 7-10-сынып оқушыларымен "Менің психологиялық денсаулығым"және "Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі"тақырыптырында дәріс өткізілді. Оқушыларға буллингтің құрбаны болмас үшін түрлі ұсынымдар, буллинг кезінде көмекке жүгіну, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануға арналған кеңестер ұсынылды. Буллингтің құрбаны болудың алдын алуға арналған ақпараттар беріліп, оқушыларға сауалдар қойылып, пікірлері тыңдалды.
1. Өзіндік құрметті сақтау –буллингтің құрбаны болу адамның өзіндік құндылығына, өзін-өзі бағалауына әсер етеді. Өзіңді құрметтеу маңызды.
2. Денсаулыққа зиян – психологиялық және эмоционалдық стресстің әсерінен денсаулығыңыз нашарлауы мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді депрессияға, қорқынышқа, ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін.
3. Қоғамдық қолдау – буллингке қарсы тұрып, айналаңыздағы адамдардан қолдау алу және қорғау маңызды. Бұл сіздің ішкі күшіңізді арттырады.
4. Әлеуметтік дағдыларды дамыту – буллингтің құрбаны болу адамның әлеуметтік дағдыларын дамытуды тежейді. Қиындықтарға қарсы тұрып, күрескен сайын, өзіңізді әрі күшті сезінесіз.
5. Құқықтарыңызды қорғау – әр адам буллингтен қорғау мен қауіпсіз ортаға құқықты. Бұл құқықтарды қорғау қажеттігін түсіну маңызды.
6. Үміт пен болашақ буллингтің құрбаны болу сіздің болашағыңызға сенімсіздік тудыруы мүмкін. Бірақ оны жеңіп шыққан сайын, өмірге деген сеніміңіз артады.
7. Қоршаған ортаға теріс әсер етуі – Буллингтің құрбаны болу тек сізге ғана емес, жақындарыңыз бен достарыңызға да әсер етеді. Айналаңыздағы адамдардың көңіл-күйіне теріс ықпал етеді.
8. Қиындықтармен күресу дағдыларының жетіспеушілігі – буллингтен қорыққан адам жаңа қиындықтарға дұрыс жауап бере алмайды. Буллингке қарсы тұрып, өмірдің күрделілігімен күресуді үйрену керек.
9. Өзіңізді жақсы сезіну – буллингке қарсы тұрып, сіз өзіңіздің мықты, еркін тұлға екеніңізді сезінесіз. Бұл сіздің болашағыңыз үшін маңызды.
10. Қоғамда позитивті өзгеріс жасау – Буллингке қарсы тұру және онымен күресу қоғамда өзгеріс жасауға көмектеседі, бұл өз кезегінде бүкіл қоғамның дамуына үлес қосады.
Жаңа жыл- барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі көңілді мерекелердің бірі. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі.
Осы мереке қарсаңында, мектебімізде “Қош келдің, Жаңа жыл!” тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеште оқушылар Аяз ата, Ақшақар және басқа да түрлі ертегі кейіпкерлерімен билеп, ән айтып, қызықты ойындар ойнады. Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алып, керемет көңіл-күйде болды.
Жаңа Жылда жақсылықтар мол болсын деп тілек білдірді. Барша балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар тапсырылып, көңілді кеш ән-жырға ұласты.
Әртүрлі маскарадтық киім киіп келген балалар ортада би билеп, әсем ән шырқады. Аяз Ата мен Ақшақардың сыйлығы да мол екен.
Балаларға бар мейірімін төгіп, жандарына дем беріп, білім алуына қолайлы жағдай жасап жүрген дефектолог мамандарға ата-аналар дән риза.
"Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет,"- деген даналықты сіңірген білім қызметкерлері оқушылардың ерекше қабілеті мен қызығушылықтарын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.
Балалар шат-шадыман көңіл күйге бөленіп, бір сәт ертегі әлеміне еніп кеткендей әсер алды.
"Атаулы күндер" айдарымен Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының туғанына 840 жыл (1184-1227жж) толуына орай 11- сынып оқушыларының қатысуымен зерттеу сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға Жошы ханның өмірі мен мұрасының маңызын түсіндіріп, оның қазақ тарихындағы рөлін ұлықтау болды.
Жошы хан туралы қызықты мәліметтермен танысты. Бұл іс-шара балалардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыруға, тарихи сананы нығайтуға ықпал етті.
Жошы хан кесенесі – Жезқазғаннан Солтүстік-Шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Ұлытау өңірінде ұлықталған Жошы хан кесенесінде де «Жошы хан жерленген бе, жоқ па?» деген сауал ашық күйінде қалып отыр.
Жошы хан кесенесіне археологиялық зерттеу жүргізген Әлкей Марғұлан қазба жұмыстары кезінде кесене ішінен екі қабірді тапқан. Олардың бірінен табылған шегеленген табыттан үстіңгі жақ сүйегі жоқ адамның бас сүйегі шыққан. Әрі қолсыз жерленген. Көне аңыздарда Жошы хан қабірге бір қолсыз жерленген десе, келесі аңызда бұл кесенеде Жошының тек бір қолы немесе «Жошы ханның шынашағы қойылған» деген мәліметтер айтылады.

