2-тоқсан қазақ тілі тоқсандық жиынтық бағалау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2-тоқсан қазақ тілі тоқсандық жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіл, жауаптарымен бірге
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.

Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқылым

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.[10]

Өркениет: бізге не берді, бізден нені алды?

  • Дидахмет аға, бүгінгі әңгімемізді өркениетке арнасақ. Айтыңызшы, бізге өркениет не берді?

  • Бұл кең ауқымды әңгіме. Қалыпты ой түюден сәл ауытқып, бұл жерде еркін ойға ерік берейік. Қалыпты өмір сүру, стандарт ойдың шырмауында қалып қою – көп жағдайда дамуға қайшы дүние. Сондықтан, артық кеттім, қателестім демей, ойымызды еркін қозғайық.

Ең бірінші, «өркениет бізге не берді?» дейсің. Өркениеттің не бергенін, міне, көз алдымызда бәрін көріп отырмыз. Жан-жағыңа қарасаң, барлығы ғылыми-техникалық прогрестің жемісі, өркениеттің көрінісі. Көшеде зулаған машиналар, компьютер алдында тапжылмай отырған адамдар.

Өркениет адам баласынан нені алды?

Əлемдегі адамзат мойындаған ұлылардың, ойшылдардың көбісі (бәрі емес) өркениетке сын көзбен қараған. Солардың ішінде XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында өмір сүрген Томас Мор да бар. Оның пайымы бойынша, даму жолына түсеміз деп алға қарай жылжыған сайын адамзат табиғилығынан айырыла бастаған. Біздің қарапайым сөзбен

айтсақ, Құдайдың дарытқан шынайы қалыбынан ауытқи берген. Адам ішкі дүниесіндегі асыл-жауһарларды көрмей, оны тануға тырыспай, ұмыта бастаған. Батыс әлемінде ең алғаш осыған қарсы болған ғалым, философ Томас Мор корольдің ең жақын көмекшісі бола жүріп, әлгіндей тың ойларға ерік берген. Соның нәтижесінде «Утопия» деген еңбек жазған. Утопия дегеніміз қазіргі біздің ұғымымызда қиялшылдық қой. Бірақ Томас Мордың «Утопия аралының» мағынасы – «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған арал». Бақытты елді, оның тамаша қалаларын, гүлденген даласы, ғажап тәртіптері мен заңдарын суреттеп жазады. Утопияда қанау жоқ. Барлық адам еңбек етуге міндетті. Оларда азық-түлік мол, өйткені онда еңбек етпейтін жалқаулар жоқ. Арал тұрғындары ғылыммен, өнермен, спортпен айналысады. Утопия тұрғындары үйлерінің есіктері әрқашан да құлыпсыз, ашық тұрады, олар ұрлықтан қауіптенбейді. Томас Мордың идеясы барлық адам тең өмір сүретін қоғам құру болды. Өзінің арманындағы бақытты елдің өмірі мен мемлекеттік құрылымын елеп-екшеп, дәлелдермен жазды. Бірақ оны жүзеге асыру қиял еді...

Сұхбаттасқан Дәурен Сейітжанұлы


  1. Мәтін қандай жанрда жазылған?

А) монолог, мақала Ә) диалог, сұқбат Б) әңгіме, проза[2]

  1. Көпшілікке арналған мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз, сәйкестендіріңіз. [2]

А) Баспа бетіне шығарылған мәтін түрінде 1. Мәтіннің құрылымы толық сақталмаған

Ә) Қолжазба түрінде 2. Аралас мәтін түрінде

Б) Мақала сұқбат түрінде 3. Тұтас мәтін

3. Мәтіннің стиліне тән ерекшеліктерді атаңыз . (Екі жауап бар) [2]

А) көркем әдебиет стиліне тән көркемдегіш құралдар

Ә) публицистика стиліне тән жеке пайымдау

Б) ғылыми стильге тән терминдер

В) сыни көзқарас бар

Г) ауызекі сөйлеу тіліне тән қарабайыр сөздер бар

4. Берілген кестені толтырыңыз[4]


Өркениеттің оң жақтары

Өркениеттің теріс жақтары



Жазылым[10]

Екі бөлім бойынша берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.


Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма

  1. Сіз «Парасат» журналының редакциясына жаңадан жұмысқа тұрдыңыз. Сізге атақты саясаттанушыдан сұхбат алу тапсырылды. Сұхбатта төмендегідей ақпараттар қамтылуы керек:


  1. Сіз мектеп журналына әңгіме жазбақшысыз. Сіздің әңгімеңіз мынадай сөйлемдерден аяқталу керек: «...Білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт, себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын адам ғана табысқа жетеді.

Экономикалық интеграция бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма


  1. Сіздер мектепте әлемдегі экономикалық интеграцияның болашағы туралы талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында еліміздегі экономикалық интеграцияны қалай дамытуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз.»


  1. Сіз «Жаһандық перспективалар және жобалау» пәні бойынша «Еуразиялық одақ не үшін керек» тақырыбында жоба жасап жүрсіз. Төмендегі графиктік мәтіндегі ақпараттарды талдап, маңызды тұстарын анықтап жазыңыз.

Оқылымға арналған балл қою кестесі


Дескриптор

Балл

Тыңдалым / айтылым

1.

мәтін мазмұнын айтады, сыни көзқарас білдіреді.

10

Оқылым


1

1. Ә

2

2

2. Б -1

2

3

3. Ә, В

2

4

Теріс: Бүгінгі күні қазақ тілінің деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. «Əзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес» деп автор көрсеткендей, орыс тілінің үстем болып тұрғаны рас. Оны сауалнама нәтижесі

көрсетіп отыр.

2

2

Жазылым

5

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.

Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.

Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.

Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.

Сауаттылықтың деңгейі жоғары.

1

1

1

1

1

1

1

1


Барлығы

30



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2024
153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі