400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№2бжб. Қазақ тілі. 5-сынып. Дұрыс жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
№2бжб. Қазақ тілі. 5-сынып. Дұрыс жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 5-сынып № 2 БЖБ

«Менің бос уақытым және хобби» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Білім алушы__________________________________________________________________________________

Оқу мақсаты:

5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында

қолдану.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Мәтіндегі ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән белгілерді анықтайды;

  • Негізгі және туынды сөздерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі. Білу және түсіну, қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут


1-тапсырма. Берілген мәтіндерді мұқият оқыңыз. Төмендегі кестеге сәйкес салыстырыңыз.

1-мәтін

Сәлеметсіз бе, әже?

Аманбысыңдар , қарақтарым!

Әже, Айман үйде мекен?

Немерем ертеңгі көркемөнерпаздар концертіне дайындалып жатыр.

Со концертке мен де қатысам, әжетай, би билеймін!

Ал мен оркестрде домбыра тартам.

Ой, айналайындар, талаптарыңа нұр жаусын!

Әже, Айманға қобызды кім үйретті?

Оны музыка мектебіне барып үйренді ғой.

Айман қобызды жақсы тартат, күйлерін ұйып тыңдаймыз.

«Өнерді үйрен де жирен» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Өнерлерің өрге жүзсін!

Рахмет, әжетай!

2-мәтін

Хабарландыру!!!

Құрметті қала тұрғындары!

13-14 желтоқсан күндері облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім!» атты сурет көрмесі өтеді. Көрмеге отандас талантты жас суретші, өнер шеберлерінің тырнақалды туындылары қойылады. Республикалық деңгейдегі өтетін іс-шарада майлы бояулы суреттер, қолөнер туындылары, графикалар, фото туындыларды тамашалай аласыздар. Көрменің жұмыс уақыты: 9:00-18:00

Бағдарламада:

Жас суретші, өнер шеберлерімен сұхбат;

«Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмінің тұсаукесері;

Көрмеде қойылған туындыларды тамашалау.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілігі

Мәтіндерді салыстыру

1 –мәтін

2- мәтін

Тақырыбы



Стилі



Тілдік ерекшелігі ( ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стиліне тән сөз тіркестері)












2-тапсырма. Мәтіннен түбір және туынды сөздерді анықтаңдар.

Бiз қалада тұрамыз. Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi. Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Қаланың көп қабатты зәулім үйлері ерекше сән беріп тұр. Қаламыз өте таза. Қала тұрғындары тазалық сақтайды.

Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Ол кітапханаға оқушылар үздіксіз келіп, білім алады.

Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.


Түбір сөздер

Туынды сөздер










Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл


Сұрақтарға жауап беру арқылы көтерілген

мәселені анықтайды

1

әр мәтіннің тақырыбын анықтайды;

1

1


әр мәтіннің стилін салыстырады;

1

1


Мәтіндердің стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.

1

1


Мәтіннен түбір сөздерді теріп жазады;

1

1


Мәтіннен туынды сөздерді теріп жазады;

1

1


Барлығы

10



Дұрыс жауаптар


1-тапсырма. Берілген мәтіндерді мұқият оқыңыз. Төмендегі кестеге сәйкес салыстырыңыз.

1-мәтін

Сәлеметсіз бе, әже?

Аманбысыңдар , қарақтарым!

Әже, Айман үйде мекен?

Немерем ертеңгі көркемөнерпаздар концертіне дайындалып жатыр.

Со концертке мен де қатысам, әжетай, би билеймін!

Ал мен оркестрде домбыра тартам.

Ой, айналайындар, талаптарыңа нұр жаусын!

Әже, Айманға қобызды кім үйретті?

Оны музыка мектебіне барып үйренді ғой.

Айман қобызды жақсы тартат, күйлерін ұйып тыңдаймыз.

«Өнерді үйрен де жирен» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Өнерлерің өрге жүзсін!

Рахмет, әжетай!

2-мәтін

Хабарландыру!!!

Құрметті қала тұрғындары!

13-14 желтоқсан күндері облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында Тәуелсіздік күніне орай «Менің елім!» атты сурет көрмесі өтеді. Көрмеге отандас талантты жас суретші, өнер шеберлерінің тырнақалды туындылары қойылады. Республикалық деңгейдегі өтетін іс-шарада майлы бояулы суреттер, қолөнер туындылары, графикалар, фото туындыларды тамашалай аласыздар. Көрменің жұмыс уақыты: 9:00-18:00

Бағдарламада:

Жас суретші, өнер шеберлерімен сұхбат;

«Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмінің тұсаукесері;

Көрмеде қойылған туындыларды тамашалау.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілігі

Мәтіндерді салыстыру

1 –мәтін

2- мәтін

Тақырыбы

Көркемөнерпаздар концерті


Сурет көрмесі

Стилі

Ауызекі сөйлеу стилі

Ресми стиль

Тілдік ерекшелігі ( ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стиліне тән сөз тіркестері)

Диалогқа құрылған

Сәлеметсіз бе, әже? (сұраулы сөйлемдер, қаратпа сөздер қолдаылған).

Айман үйде мекен? (қысқарған сөздер қолданылған)

Хабарландыру мәтіні. Белгілі бір формада жазылған.

Көрменің өтетін күні, уақыты, іс-шара жоспары жазылған.





2-тапсырма. Мәтіннен түбір және туынды сөздерді анықтаңдар.

Бiз қалада тұрамыз. Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi. Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Қаланың көп қабатты зәулім үйлері ерекше сән беріп тұр. Қаламыз өте таза. Қала тұрғындары тазалық сақтайды.

Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Ол кітапханаға оқушылар үздіксіз келіп, білім алады.

Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.


Түбір сөздер

Туынды сөздер


Біз, биік, кең, жасыл, сән, таза, қала, мен




Сәнді, сәулетті, қабатты, тазалық, кітапхана, оқушылар, үздіксіз, білім, қонақжай.








































«Менің бос уақытым және хобби» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Оқушының аты-жөні: ________________________________________________________Сыныбы:_______________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Сұрақтарға жауап беру арқылы көтерілген

мәселені анықтайды;

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырыпты түсініп, күтпеген

сұрақтарға жауап беруде, талқылау

кShape1 езінде өз ойын жеткізуде қиналады.

Тақырыпты түсініп, күтпеген

сұрақтарға жауап беруде, талқылау

кезінде өз ойын жеткізуде қателіктер

жShape2 ібереді.

Тақырыпты ашады, күтпеген

сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды,

тShape3 алқылау кезінде өз ойын толық

жеткізеді.

Таныстым_____________


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19.12.2024
229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі