400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2сынып Ашық сабақ: 1 санымен амалдар орындау Мақал – халық даналығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Математика

Мектеп : Шаған ЖОББМ

Күні:25. 02. 2019 жыл

Мұғалім: Бекжанова Б.С.

Сынып: 2

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы :

1 санымен амалдар орындау Мақал – халық даналығы

Бөлім:

2.2. Алгебра элементтері

Бөлімшесі:

2.1. Cандық және әріптік өрнектер

Ортақ тақырып:

Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

2.2.1.4. Cанды 1-ге кобейту және болу жагдайларын әріптік теңдік түрінде : а х 1 = a; a : 1= a көрсету.

Сабақ мақсаты:

Санды 1-ге көбейту мен бөлу жағдайларын әріптік теңдік түрінде көрсету және салт- дәстүр және ауыз әдебиетінің бір түрі мақалдың мағынасын ашу.

Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар :

  • әріптік теңдік түрінде а х 1 = a; a : 1= a көрсетеді;

  • амалдардың орындалу рентін айтады;

  • көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыра алады;

Көптеген оқушылар: есептерге сызба таңдап оларды екі амалмен шығатындай етіп толықтырады және шығарады; алдында өтілген көбейту кестелерін және олардың заңдылықтарын біледі.

  • Kөбейтуді бөлумен тексереді.

Кейбір оқушылар: баған түрінде есептеп, тексереді; өрнек құрастырып, мәнін табады;

Тілдік мақсаттар:

Ортақ тақырыпты ашу сұрақтары : -Санды 1-ге кобейту және болу жагдайларын түсіндір -Салт- дәстүр дегеніміз не? -Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. -Мақалдың мазмұнын қалай түсінесіңдер?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр?

  • Кез келген санды 1-ге және 1-ді кез келген санға көбейткенде қандай сан шығады?

Құндылықтарды дарыту


Мақалдың мағынасын түсіну арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықты сіңіру. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының екінші құндылығы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып ұрпақтан ұрпаққа берілетінін ұғындыру. (Бұл идея сабақтың өн бойында іске асады)

Пәнаралық байланыстар


Ұлттық дүниетаным, дүниетану, әдебиеттік оқу, дене шынықтыру,музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,парақшалар, кестелер, дискі,сурет, бағалау мен сергіту түрлері, смайликтер, т.б.

Бастапқы білім

Теңдік пен теңсіздік, санды және әріпті өрнектер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы




Ширату жаттығулары «Мақалдың жалғасын тап» (Шеңбер бойында тұрып, достық пен бірлік және ынтымақ туралы мақалдың жалғасын айтады, бір-бірін қайталамайды).

Т.Ж. «Адасқан сөздер» ойыны

Ітоп: «Ағаш тамырымен,адам досымен мықты»

ІІтоп: «Білім инемен құдық қазғандай»

ІІІтоп: «Анаға баланың алалығы жоқ»


Рисунок 6

Сабақтың ортасы


«Біліміңді сына» Диалог Осы сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеру.-Теңдік дегеніміз не?32 + 37 = 69; 46 – 30 = 16

-Теңсіздік дегеніміз не?100 > 90; 60 < 70

-Санды өрнек дегеніміз не? 900 + (700 – 600)

-Әріпті өрнек дегеніміз не? b + (12 + 40)

-Санды1-ге, 1-ді санға көбейткенде қандай сан шығады?

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Оқулықпен жұмыс

«Орындап көр» әдісі. Жұппен жұмыс(Оқулық, 56-б)

Өрнектердің мәнін өсу ретіне қарай орналастырып мақалды құрастырады. 27: 3 = 9 ағаш 3 х 9 = 27 адам

6 х 3 = 18 тамырымен 5 х 8 = 40досымен

9 х 5 = 45 мықты

«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Дескриптор: - өрнектің мәнін өсу ретімен орналастырады;- сурет кімдер туралы екенін айтады;

- мақалдың мағынасын түсіндіреді. ҚБ.«Қол шапалақтау»

«Жетістік баспалдағы» арқылы білімнің шыңына жетеміз. Ол үшін әр баспалдақтағы тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-ші баспалдақ «Біліміңді байқа»

Мысалдар: І топ ІІ топ ІІІ топ

1 х 2 = 2 1 х 5 = 5 1 х 9 = 9

2 х 1 = 2 5 х 1 = 5 9 х 1 = 9

2: 1 = 2 5 : 1 = 5 9 : 1 = 9

2: 2 = 1 5 : 5 = 1 9 : 9 = 1

Дескриптор: -жаңа тақырыпты түсінеді; -түсінгендерін жұмыс дәптерінде орындайды; -қорытынды жасайды.

3. Ереже:Кез келген санды 1- ге және 1-ді кез-келген санга көбейткенде сол санның өзі шығады

а х 1 = а а:1 = а

Дескриптор:

-көбейтуді қосылғыштардың қосындысымен алмастырады;

-көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстырады, қорытынды жасайды.

ҚБ. Дәптермен жұмыс 1 санымен көбейтуге және бөлуге өзара байланысты мысалдар құрастырады.

2-ші баспалдақ «Ойыңды шыңда»

Топтық жұмыс 2-тапсырма

.Ітоп.а)Сырым 8 жүйек, ал Санжар одан 2 есе кем жүйек суғарды.. . . неше жүйек суғарды?

Ш: 8 : 2 + 8 = 12Ж екеуі 12 жүйек суғарды.

ІІ топ.ә) Мақсат 12 кг алма, ал Әнуар одан 4 кг кем алма жинады.. . . неше кг алма жинады?

Ш: (12 – 4) + 12 = 20 Ж: екеуі 20 кг алма жинады.

ІІІ топ. б) Серуенге 5 ересек адам, ал олардан 3 есе артық балалар шықты. Неше . . . серуенге шықты?

Ш: 5 х 3 + 5 = 20 Ж: 20 адам серуенге шықты.

Дескриптор: екі амалмен шығатындай сұрақтармен толықтырады;есептің шешуі мен жауабын табады;есептерге тиісті сызбаны дұрыс таңдайды.

ҚБ. Сергіту сәті 3-ші баспалдақ «Кім жылдам?»ойыны

3.Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.

І топ ІІ топ ІІІ топ

100 – 24=76 19 + 6 = 25 50 + 17 = 67

61 – 49 = 12 60 – 13 = 47 57 + 13 = 70

29 + 21= 50 55 + 35= 90 70 – 14 = 56

17 + 53 = 70 61 + 19 = 80 40 – 18 = 22

Топ басшысы тексереді.Топтан үш оқушы шығып үш бағанды тақтада орындайды.

Дескриптор: баған түрінде есептейді;

дұрыстығын тексереді.

Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек»

4-ші баспалдақ «Тез есепте» Салыстыр

Жұппен жұмыс 5-ші баспалдақ «Меңгере біл»

5. а)Өрнек құрастырып, оның мәнін тап.

ең үлкен екі таңбалы сан мен 77-нің айырмасына ең кіші екі таңбалы санды қос. (99 – 77) + 10 = 32

ә) Өрнектердің мәнін тап.15 + а – 13а = 5; a = 10; a = 30

15 + 5 – 13 = 7 15 + 10 – 13 = 12

b – 2 + 18b = 32; b = 43; b = 5232 – 2 + 18 = 12

43 – 2 + 18 = 59 52 – 2 + 18 = 68

Дескриптор : өрнек құрастырады ;- өрнектердің мәнін табады.

Қ.Б.«Смайликтер» арқылы бағалау

Ойын.«Математикалық балық аулау»

Ойынның барысын мұғалім түсіндіреді.Әр топтан оқушылар шығып, балық артындағы тапсырмаға жауап береді.

6-ші баспалдақ «Кім тапқыр?»

2.Есептер бойынша өрнектер жазып, оларды шығар. Шешуін салыстыр. а) 4 х 6 =24 ә) 24 : 4 = 6 б) 24 : 6= 4

Дескриптор

Білім алушы есептер бойынша өрнектер жазып, шығарады;- шешуін салыстырады.












Интербелсенді тақта






Ауладағы достар







«Қол шапалақтау»





Мысалдар жазылған

(көбейту)

парақшалары беріледі






Интербелсенді тақтамен түсіндіреді



«Бас бармақ»










Топ ішінде бағалау

«Бағдаршам» Сызба парақшалары таратылады

(әр топқа)


Интербелсенді тақтадан көрсетіледі

Топта, тақтада орындайды

«Екі жұлдыз бір тілек»






Сабақтың соңы



Кері байланыс.

  • Мен бүгін не үйрендім ? Маған не ұнады ?Қай тапсырманы дұрыс орындамадым ?

  • Қай жерін түсінбедім ?




















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз ?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға тапсырмалар беремін, тапсырмаларды орындау барысында білімдерін дамытамын.Дарынды оқушылар топтағы деңгейі төмен оқушыларға көмектесіп, түсіндіруін қадағалаймын.Ұжыммен, топпен, жұппен жұмыс істеуге көп көңіл бөлемін.


Әр тапсырмадан кейін топты бағалап (ҚБ) отырамын. Тапсырманың соңында бағалаудың мына түрлерін қолданамын:


Сергіту сәтін жасаған кезде , бір-біріне кедергі жасамауын, бидің барысында қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескертемін .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі