2сынып «Көшеде бейтаныс адамдармен болатын қауіпті жағдайлар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2сынып «Көшеде бейтаныс адамдармен болатын қауіпті жағдайлар»

Материал туралы қысқаша түсінік
көшеде бейтаныс адамдармен мүмкін болатын қарым-қатынас кезіндегі типтік қауіпті жағдайлар арқылы балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау ережелерін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 18.10.2023 ж Кунанбаева А.Т.

Топ: 5

«Көшеде бейтаныс адамдармен болатын қауіпті жағдайлар»


Мақсаты: көшеде бейтаныс адамдармен мүмкін болатын қарым-қатынас кезіндегі типтік қауіпті жағдайлар арқылы балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау ережелерін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру.

Көрнекілігі: ТВ-тақырып бойынша суреттер, үш түсті карточка, музыкалық сергіту сәті.

-Қайырлы күн, балалар! Балалар, қалай ойлайсыңдар, адамға не қауіпті болуы мүмкін? (Балалардың жауаптары:Жануарлар, көлік, электр құрылғылары т.б)

Адамдар қауіпті болуы мүмкін бе?

-Балалар, қандай адамдар қауіпті болуы мүмкін? Неліктен?

- Сыртқы түрі жағымсыз адамдар. Жағымсыз киінген.

Қалай ойлайсыңдар, кім қауіпті ерадам әлде әйел адам ба?

Бейтаныс адам, мейлі ол әйел болсын, мейлі еркек болсын, ұл болсын, қыз болсын, балаға қауіпті болуы мүмкін. Әдемі, ұқыпты адамдардың арасынан жаман ниетті адамдарды кездестіруге болады, ал керісінше, жақсы ниетті адамдарды көріксіз, келбеті ұнамсыз адамдардан да кездестіруге болады.

- Балалар, сендер қандай ережені білулерің керек деп ойлайсыңдар?

-Көшедегі бейтаныс адамға, ол тартымды көрінсе де, сенбеу керек.

-Қандай адамдар бізге жақын?

-Әке, ана, әже, ата, аға ,әпке, бауыр, қарындас.

Таныс деп кімді айтамыз?

- Көршілеріміз, досымның ата-анасы, аға-әпкесі, достар т.б.

Кімді бейтаныс, жат, бөтен деп кімдерді санаймыз?

- Біз танымайтын адамдардың бәрі.

Ойын: «Менің жақыным, туысым, танысым және бейтаныс адамдар (бөтен немесе бейтаныс адамдар). Жасыл-жақын адамым, көк- танимын, ақ-бөтен, танымайтын адам

Үстелдердеріңде үш түсті карточка жатыр. Егер мен «туған» немесе «жақын» адамның атын атасам, Жасыл- картаны көтеру керек, яғни бұл үйде сенімен бірге тұратын адамдар. Егер мен сен білетін адамның атын атасам, Көк- картаны көтеріңдер, бұл саған, ата-анаңа, жақын туыстарыңа, достарыңа жақсы таныс адамдар, сендердің үйлеріңе жиі немесе кейде қонаққа баратын адамдар. Егер мен бейтаныс адамның атын айтсам, Ақ- картаны аласың, бос карта бұл адам туралы ештеңе білмеймін, ол бейтаныс адам дегенді білдіреді. (Ана, әже, ағам,әке, анамың жақын досы, әкемнің досы, полицейский, су құбырын жөдеуші, автобустағы апай, орындықтағы ағай, кіндік шешем, үйдің жанында өтіп бара жатқан адам және т.б.)

- Жарайсыңдар балалар! Кішкене демалып, Сергіту сәтіне кезек берейік!

- Демалдық. Енді бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде туындауы мүмкін жағдайаттарды қарастырамыз және талқылаймыз. Ойын «Жағдайаттық суреттер»

1. «Бейтаныс адам балаға кәмпит ұсынып тұр»

-Суреттен не көріп тұрсыңдар? - Иә. Ересек бөтен адам балаға кәмпит беріп тұр, сонымен қатар балмұздақ, сағыз және басқа тәттілермен де сыйлай алады. Сендер не істер едіңдер? - Иә, тәтті сыйлықтан бас тарту керек. Менің айтарым, бейтаныс адамдардан ешнәрсе алмау керек. Бейтаныс адамнан қашу керек және бұл туралы достарыңа міндетті түрде ескерту қажет!

2. «Бейтаныс адам көлікке мінуге шақырып тұр»

- Мына суретте не көріп тұрсыңдар? -Иә, Сені бейтаныс адам көлікке мінуге шақырып тұр.- Бұл жағдайда не істейсің? Сені бір жерге сүйреп бара жатқан ересек адамнан қалай қорғануға болады? «Көмектесіңдер! Мені әкетіп барады! Құтқарыңдар!Деп қарсылық көрсетіп, қатты айқайлап, тепкіленіп, жұлқынып, қолынан босауға тырысу керек.

3. «Лифттегі бейтаныс адам»

- Мына суретте не көріп тұрсыңдар? –Иә, Лифтке ересек адам кіріп, баланың кіруін күтіп тұр. Не істеу керек? Сыпайы түрде бас тарту керек, иә?. «Менің этажым жақын, жаяу барамын,Рахмет!» деп айту керек. Ешқашан бөтен адаммен жалғыз лифтке кірмеңдер!

-Балалар, бүгін біз күнделікті көшеде болып қалатын бейтаныс адамдармен жағдайаттарды талқылап, «Менің жақыным, туысым, танысым және бейтаныс адамдар» ойынын ойнадық. Бұл естен шығармайтын үлкен сабақ! Егерде сендер осындай жағдайлардың куігерлері болған жағдайда, қандай қызмет түрлерін көмекке шақырамыз? Нөмерлері ұялы телефон арқылы шақыру тегін (102-полиция, 103-жедел жәрдем, 112-құтқару қызметі, 103-өрт сөндіру

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2024
898
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі