30-жылдыққа арналған Диктант жұмысы 10-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

30-жылдыққа арналған Диктант жұмысы 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
диктант жұмысы 30-жылдыққа орай білім алушылардың мемлекеттік тілді білуі мен сауаттылық деңгейін байқау және тілге деген құрметін арттыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

І. Диктант жазуды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері


    1. Мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың мемлекеттік тілде жазу мәдениетін дамыту, сауаттылығын қалыптастыру, мәтін мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру.


    1. Міндеттері:


  • білім алушылардың мемлекеттік тілді білуі мен сауаттылық деңгейін байқау және тілге деген құрметін арттыру;

  • білім алушылардың мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;

  • мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру;

  • білім алушылардың еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын ояту.



10-сынып


Тәуелсіздік – басты құндылығымыз


Тәуелсіздік күні ерекше тарихи маңызы бар ұлттық мереке. Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр.

Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы болған тәуелсіз ел болу бақытын көру біздің замандастарымызға бұйырды.

Экономикалық дағдарыс, тұрақсыздық пен тоқырау кезеңінде Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақстандық қоғамды басқарудың дара жолын айқындады. Ұлттық ерекшеліктерімізді, шетелдік озық тәжірибені терең зерделей отырып, жас мемлекетті дамытудың жаңа бағыттары қарастырылды. «Ынтымағы жарасқан елдің ұпайы түгел» демекші, бірлігі бекем ел барлық қиындықты еңсерді. Сан ғасыр бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалған қасиетті жерімізді сақтау, тәуелсіздігімізді нығайту – жастарға аманат.

Бүгінде тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір-салттары да ерекше.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жасампаздық пен өрлеудің, өркендеудің жаңа белесіне айналуына бәріміз мүдделіміз. Еліміздің тұғыры мығым, мерейі үстем болсын! (129 сөз)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
1352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі