жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
3.1. IDE-мен танысу
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: 3.1. IDE-мен танысу
|
Бөлім: |
3-бөлім. «рython тілінде программалау» |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
3.1. IDE-мен танысу |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
6.1.2.2. IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану. |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Программалар құрудың интеграцияланған ортасы интерфейсімен танысады. Көптеген оқушылар: Программалар құрудың интеграцияланған ортасының бөліктерін жіктейді. Кейбір оқушылар: Программалар құрудың интеграцияланған ортасы программалар құрады. |
|
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.
|
1) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуды тексеру. 2) "Қуаныш шеңбері" әдісі арқылы сыныпта қолайлы психологиялық атмосфера қалыптасады. Оқушылар бір-бірімен жақсы тілектер алмасып, бүкіл сыныптың көңіл-күйін көтереді. 3) Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру |
Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК |
||
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Не үшін программалау тілдерінің арасынан Python -ды таңдадық? |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу.
|
Оқулықпен жұмыс. (Д) Жаңа білім бөліміндегі ақпаратпен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап береді және тапсырманы компьютерде орындайды. |
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -сұрақтарға дұрыс жауап береді. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК |
|
|
(Д) №1 тапсырма. Оқулықта берілген тапсырманың шығарылу жолын пайдаланып программа құрудың алғашқы жолдарын үйренеді.
Дәптермен жұмыс. (Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интерактивті тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды. |
Рython терезесін пайдаланып ең алғашқы программамызды жазайық. Бұл программалау тілі қазақ әріптерін оқымағандықтан, латын әріптерін пайдаланамыз. Әрине ең алғашқы таныстық сәлемдесуден басталатын сияқты, бізде қарапайым сәлемдесу программасын жазайық. Программаның нәтижесін көру үшін «Enter» пернесін басу керек. |
Дескриптор: Жалпы – 3 балл. -программаны құрып үйренеді. -магынасын талдайды. -өз ойын айтады. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК |
|
|
(Ж) №2 тапсырма: Төменде берілген сөздерден алу программасынан біріккен сөз құраңдар. |
Nur, alty, Saule, Sultan, su, bakan, ak |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК |
|
|
(Ж) № 3-тапсырма: Еліміздің атауымен, астанасының атуын 4 реттен баспаға бер. |
Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan |
Дескриптор: Жалпы - 2 балл.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК |
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Үй тапсырмасы: Екі санды көбейтетін және нәтижені шығаратын бағдарлама жазыңыз
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. Сабақты бекіту сұрақтары.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген