400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№32-сабақ. Табиғат аясында өзіңді қалай ұстау керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыпты ашу «Өзіммен бірге аламын» тәсілі. Алдымен заттарды салуымыз керек. Туристің ең басты қағидасын есте ұстаңдар: «Жолға қажет болатындарды емес, оларсыз жолға шығу мүмкін емес дейтін заттарды алу керек». Тақтада үлкен иық дорбаның суреті салынған. Үстелде керек- жарақтардың аттары жазылған табличкалар жатыр: – шатыр, сулық, саптаяқ, тостаған, қасық, қалта фонаригі, күрек, тұсбағдар, үстел сағаты, кілемше, шағын дәрі қобдиша (йод, дәке, марганцовка), жекебас тазалығының заттары (сабын, тіс пастасы мен щеткасы, сабын салғыш, орамал), – жиналмалы қармақ, орындық, журналдар, үстел шамы;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Дүниетану

Бөлім:

Дені саудың жаны сау

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

1 сынып.


Сабақтың тақырыбы:

32-сабақ. Табиғат аясында өзіңді қалай ұстау керек?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.2.1.2 табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Табиғат аясы неліктен «Жасыл үй» деп аталатынын біледі,табиғат аясында серуендегенде сақталатын қауіпсіздік ережесін құрастырады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут












Өткенді пысықтау

5 минут









Сабақ

тың ортасы

20 минут










































Сергіту сәті

2 минут










Сабақты қорыту

6минут












Қосымша тапсырма

2минут






























Кері байланыс

5 минут





Психологиялық ахуалды жақсарту

Бәрің маған қараңдар.

Экскурсия жетекшісі бүгін мен.

Бір минутты да жоғалтпай

Жолға шығуға шақырам!

Бар білімді жолға ала шық!

Күлімдеуді де ұмытпа!

Сабақта барлықтарыңның зейінді, тапқыр болғандарыңды, ең бастысы алған білімдеріңді қалай жұмыс

істеуде көрсете алуларыңды қалаймын




Өткенді пысықтау

«Тізім» тәсілі.

Бір бет қағаз бен қалам алыңдар, 2 минут ішінде үйдегі қауіпсіздік туралы не

білетіндеріңді жазыңдар. Еске түскен нәрселердің бәрін жазыңдар




Тақырыпты ашу

«Өзіммен бірге аламын» тәсілі.

Алдымен заттарды салуымыз керек. Туристің ең басты қағидасын есте ұстаңдар: «Жолға қажет болатындарды емес, оларсыз жолға шығу мүмкін емес дейтін заттарды алу керек».

Тақтада үлкен иық дорбаның суреті салынған. Үстелде керек-

жарақтардың аттары жазылған табличкалар жатыр: – шатыр, сулық, саптаяқ, тостаған, қасық,

қалта фонаригі, күрек, тұсбағдар, үстел сағаты, кілемше, шағын дәрі қобдиша (йод, дәке, марганцовка), жекебас тазалығының заттары (сабын, тіс пастасы мен щеткасы, сабын салғыш, орамал), –

жиналмалы қармақ, орындық, журналдар, үстел шамы;

азық-түлік (үш құты бұқтырылған ет, бір килограмм жарма, кепкен

қара нан, бір бөлке жаңа піскен нан, бір қорапша шай, тұз, қант, май).

Жорықта аса қажетті еместерді атап, неге екендігін түсіндіріңдер.



Жаңа тақырып

Жұптық жұмыс

«Диалог» әдісі

Парталасыңмен бірге серуен кезінде қалған қалдықтарды не істеу керек екенін талқыла және бізге түсіндір



ЕБҚ

Серуенге шығарда ойыңа алып қойған қауіпсіздік ережесін айт



ЕҚБ

Табиғат аясында өзіңді қалай ұстайтыныңды жаз


Сергіту сәті

Қайталаймыз бірге

Көп отырған оқушыға

Бой жазу да керек!

Мұрынмен терең дем алып

Жеңіл көтерілеміз...

Тік тұрдыңдар ма?

Арқаны тік ұстап, жауырынды қосыңдар.

Ең соңында керіліп,

Дем аламыз тереңдеп.

Иілеміз.

Күлімдейміз. Отырамыз...


Оқушы дәптеріндегі» тапсырмаларды орындаймыз

1. шеңбердің ішіне табиғатқа жанашырлықпен қараудың шартты белгісінің суретін сал. Бұл белгіге ереже құрастыр (ауызша).

2. тапсырманың орындалуын парталас көршіңмен салыстыр.

Сыныптасыңа өз шартты белгіңнің тақырыбын таңдауыңды түсіндір, оның таңдауында тыңда



ҚЖ:

Жағдаяттан шығу» әдісі

1-жағдай 1-топ

Сендер орман ішінен саңырауқұлақ көрдіңдер,бұл шынайы ақ саңырауқұлақ па,әлде тек соған ұқсайтын саңырауқұлақ па,білмейсіңдер,қандай іс-әрекет қолданасыңдар?

1.Тұрған орнында қалдырамын.

2.Кесіп алып,өзіммен бірге алып кетемін.

3.Ата-анамнан немесе достарымнан сұраймын.

4.Дәмін татып көруге әрекеттенемін.


2-жағдай 2-топ

Сен орманға жидек теру үшін бардың.

1.Бәрін қатарынан жұла беремін.

2.Піскен жидектерді ғана бір-бірден теремін.

3.Жидектерді көп-көптен бұтағымен қоса жұламын.

3-жағдай 3-топ

Орманда серуендегеннен кейін,көп қоқыс қалдықтары қалғанын байқаған кездегі сендердің іс-әрекеттерің.

1.Жерге көміп тастаймыз.

2.Үйге алып кетіп,қоқыс жәшігіне лақтырамыз.

3.Қағаздарды өртейміз.

4.Онсыз да қоқыс көп деп,бәрін өз орнында қалдырамыз.



Кері байланыс











Сәлемдеседі.

Оң психология

лық көңіл күй қалыптастырады.








Тізім жасайды













Тапсырманы орындайды










Тақырыпты ашады










Диалог құрады








Жеке жұмыс жасайды












Жаттығу жасайды












Дәптермен жұмыс жасайды







Балалар топқа бөлініп, сахналық қойылым жасайды.









Дұрыс нұсқаны таңдап,оны іс жүзінде көрсетеді

















Кері байланыс жасайды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
15.05.2023
948
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі