Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

35+2,37-2 түріндегі қосу және азайту.2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға санның ондық құрамы негізінде, бірліктерді қосу және азайтуға келтіру арқылы орындалатын есептеу тәсілдерін енгізу, сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсетіп, ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: 35+2,37-2 түріндегі қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға санның ондық құрамы негізінде, бірліктерді қосу және азайтуға келтіру арқылы орындалатын есептеу тәсілдерін енгізу, сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсетіп, ұғындыру

2. Оқушылардың қызығушылық, танымдық қабілеттерін, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ұйымшылдыққа, жылдам есептеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жапырақтар, маркерлер, қызыл, сары, жасыл текшелер, Бағдаршам суреті, үлестірмелі карточкалар, таңбалар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлемдесу

- Психологиялық дайындық (оқушыларды шеңберге тұрғызу)

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге

Оқушыларды топқа бөлу( парта тұрған қосу және азайту таңбаларын алып, топқа бөліну)

І топ «Қосу»

ІІ топ «Азайту»

Топ басшысын сайлау. Топ ережесін айту

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

5 есеп 61 бет (топ арасында жұппен тексеру)

ІІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.

«Жапырақ жинау» ойыны арқылы

Ортада жатқан жапырақтардағы жазылған екі таңбалы сандарды ондық, бірлігін жіктеп жазу(тақтада орындау)



ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

1 есеп а) орындалады.

І топқа 28 ,39 ,

ІІ топқа 54, 69 сандарын разрядтық қосылғыштарға жікте. 20+8,30+9,50+4, 60+9

Ә) Тақтада орындау

І топқа ІІ топқа

20+(3+5) 30+(2+7)

30+(7+2) 50+(6-4)

40+(8-2) 20+(2+6)

80+(3-2) 70+(5-4)

-Балалар ,бұл есепті орындағанда қандай амал бірінші болып орындалады?

-Дұрыс айтасыңдар,жақша ішіндегі амал орындалады.

-Жақшаның ішіндегі қандай сандарды бір-біріне қосып, азайттыңдар?

-Бірліктерді.

-Олай болса бүгінгі сабағымыз бірліктерге бірліктерді,бірліктерден бірліктерді азайту болмақ.

-Балалар ,бәріміз №2 есепке қарайық.Тақтамен жұмыс.

35+2=30+(5+2)=37 35+2=37 30+(5+2)=30+7=37

5+2 жазуы нені білдіреді?-Бірліктерге бірліктерді қосуды.

37-2=30+(7-2)=35 37-2

7-2 жазуы нені білдіреді?-Бірліктерге бірліктерді азайтуды.

Бірліктерді бірліктерге қосады.Бірліктерден бірліктерді азайтады.

Енеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 35+2, 37-2 түріндегі қосу және азайту

Бүгінгі сабағымыздың мақсатын қою

А) Дәптермен жұмыс.

- Бүгінгі күнді жазу. Тақырыпты жазу.

3 Топпен жұмыс.

Есептің 1 бағаны 1-топқа, 2 бағаны 2-топқа Тақтада әр топтан шығып шығару.

64+5=60+(4+5)= 69

42+5=40+(2+5) =47

25-2=20+(5-2) = 23

2-топ 64+2=60+(4+2)=66

47-6=40+(7-6)=41

78-2=70+(8-2)=76

Сергіту сәті. «Қызыл гүлі-ай» қимылды музыка

4 тапсырманы 1-топ бірлесе шығарып,топ басшысы қалай шығарылғанын түсіндіреді.

Болды-25 және 4жіп

Жұмсалды-3 жіп

Қалды-?

Шешуі: (25+4)-3=26

Жауабы: 26 жіп қалды.

5 тапсырманы 2-топ бірлесе шығарып,топ басшысы қалай шығарылғанын түсіндіреді.

Тігілді-25 және 4киім

Сатылды-8киім

Қалды-?

Шешуі: (25+4)-8=21

Жауабы : 21 киім қалды.



6 Өздік жұмыс. Теңдеулерді шеш.

Әр топқа «Ойлан, тап» тапсырмасын беру

1 топқа (16 8) 4=12

2 топқа (15 5) 3=23

ІV. Рефлексия

- «Бағдаршам» түсі арқылы

Ж асыл- тақырыпты түсіндім,өзім орындай аламын

С ары – түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін

Қызыл-түсінбедім, орындай алмадым



Үйге тапсырма №3 (3,4 бағаны), №7 есеп 90 бет

Бағалау. (топ басшылары бағалайды)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12