400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

3-4 сыныптарда АКТ қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру оқытудың белсенді нысандарын қамтиды. 3–4-ші сыныптарда жаңа пән – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) енгізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-4 сынып оқушыларымен АКТ қолдану

Білім берудің жаңартылған мазмұны – бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге, әлемдік стандарттарға сәйкес болуға мүмкіндік беретін уақыт ағымы.

Жаңартылған білім беру оқытудың белсенді нысандарын қамтиды. 3–4-ші сыныптарда  жаңа пән – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) енгізіледі.

Мұғалімдер оқушылардың танымдық әрекетін, оқу процесінің тиімділігін дамытуға арналған инновациялық технологияларды бұрын да қолданған. Алайда техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мен уақыт жетіспеушілігі аталған жайттарды кең түрде пайдалануға мүмкіндік бермеді.

Қазіргі балалар компьютерді жақсы меңгерген, компьютерлік ойындарды белсенді түрде ойнайды, олардың жадысы, зейіні, ептілігі, тез арада үн қатуы дамиды. Олар компьютерді ақпарат көзі ретінде пайдалана біледі. Мұғалімнің міндеті – баланы ерте жастан ақпаратты іздеу мен таңдау дағдысына үйретіп қана қоймай, оны өңдей білуге, қарапайым кесте, график, диаграмма мен таныстырылым түрінде беруге үйрету. Бұған жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы әсер етеді.

Мұғалімнің жұмысында АКТ сабақтың әр сатысында

  • оқу ақпаратының көзі (мұғалімді немесе кітапты ішінара яки толық алмастыру);

  • көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерінің сапалы жаңа деңгейі);

  • жаттығу құрылғысы;

  • диагностика мен бақылау құралдары түрінде пайдаланылады.

3–4-ші сыныптарда таңдау бойынша екі сағаттық пән қосу кезінде компьютерлік қолдау арқылы «Қызықты орыс тілі» курсының жетілдірілген бағдарламасы жасалды. Бағдарлама жадыны, зейінді, бақылағыштықты, логикалық ойлауды дамытуға бағытталған арнайы әзірленген теориялық материалдар, ойындар мен жаттығулар, тест кешенін қамтиды; сөйлеуді, шығармашылық қиялды, танымдық белсенділікті дамытуға әсер етеді; оқушылардың көрінбелі, аудиалды және кинестетикалық қабылдау жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

Әзірленген тапсырмалар материалының тақырыптық ауқымы кең, оқушыларға өз білімін және орыс тілінің заңдылықтары туралы білімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Тапсырмалардың өзі дәстүрлі бағдарламалар шеңберінен шығып кетеді және кездейсоқ элементтер енгізіледі.

Сабақтарда балалар жұмыстың сан алуан түрін орындайды, оқушының білім алу өнімі қызықты:

  • блок-сызба, кесте, фразеологизмдер альбомын жасау;

  • «Мінез белгілері», «Досыма хат» морфемаларын пайдалану арқылы шағын шығармалар жазу, қанатты тіркестерді пайдалану жайттары;

  • сөзжұмбақтар, жұмбақсөздер шешу;

  • драмаландыру.

Рөлдік ойындар мен үлгілендіруді пайдалану арқылы өткізілетін сабақтар өзгелерге жанашыр болуды, түсіне білуді дамытады; сыни ойлауды өткірлендіреді; әр баланың өзін шығармашыл тұлға ретінде көрсетуіне, топта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Курс сабақтары интерактивті жабдықтар мен компьютерлік қолдауды пайдалану арқылы өткізіледі.

Орыс тілінің: «Фонетика», «Сөзжасам», «Морфология», «Пунктуация», «Лексика», «Орфоэпия» бөлімдеріне сәйкес келетін зертханалық жұмыстарды орындау оқушылардың айрықша қызығушылығын туғызады. Зертханалық жұмыстарды орындай отырып, балалар орыс тілі материалдарын қайталап және пысықтап қана қоймайды, компьютерде жұмыс істеуді: мәтінді сауатты түрде теріп, редакциялауды, мәтінге сурет қоя білуді, кестелер жасауды және редакциялауды, түспен жұмыс істеуді және т. б. үйренеді. Бұл балаларға компьютерді ойынға арналған машина түрінде қабылдап қана қоймай, үлкен қызығушылығын туғызады, шығармашылық белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік қолдау курсының ерекшелігі – балалар зертханалық жұмысты орындай отырып, компьютерде 20 минут қана жұмыс істейді, қалған уақытта жұмыстың басқа түрлерін жалғастырады. Қандай да бір себеппен тапсырманы орындап үлгермеген оқушы оған әрқашан кейін оралып, аяқтауына болады, өйткені әр баланың компьютерінде өз папкасы бар, онда өз жұмыстарын сақтайды.

Курстың артықшылықтары:

  • көбірек саралап оқытуға мүмкіндік беретін топшаларда жүргізіледі;

  • әр бала өзінің жеке шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;

  • бағалау жүйесі болмайды: бала қателесуден және нашар ұпай алудан қорықпайды, білімді бағалау сынақ түрінде жүзеге асырылады.

Сабақ барысында АКТ қолдану оқушылардың жүйкесіне салмақ түсірмейді, олардың әрекет нысанын ауыстыруға мүмкіндік береді, назарын сабақ тақырыбының түйіндік мәселелеріне аудартады, табысқа жетуіне ықпал етеді, мұның өзі оқушылар үшін керемет ынталандыру болып табылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі