Тақырып бойынша 11 материал табылды

3, 7, 13 сандардың сиқыры неде?

Материал туралы қысқаша түсінік
"3, 7, 13 сандардың сиқыры неде?" атты жоба барлық мұғалімге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды қаласы Әкімдігінің «Қарағанды қаласы білім бөлімі» ММ «№ 137 негізгі орта мектеп» КММ




Зерттеу жұмысы


Бағыты: «Сандар сөйлейді»

Тақырыбы: 3, 7, 13 сандардың сиқыры неде?






Орындаушы:

Оразалинова Альбина

4 «А» сыныбы



Жұмыстың жетекшісі:

Жаппарова Ардак Жолдыбаевна,

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды қаласы






Қарағанды қаласы,

2017-2018 оқу жылы


Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • 3 санын сиқыры

  • 7 санын сиқыры

  • 13 санын сиқыры

  1. Зерттеу бөлімі:

  • 3 - санның қызықты қасиеттері

  • 7 -санның қызықты қасиеттері

  • 13- санның қызықты қасиеттері

  1. Қорытынды

  2. Падаланылған әдебиет

  3. Қосымша
















І. Кіріспе

Ежелгі заманнан бастап қазіргі уақыттқа көптеген адамдар бақытты және бақытсыз сандарға сенді және сеніп келеді. Мысалы көптеген адамдар 13 санынан қорқады, кейбір адамдар 7 санын киелі деп санаса басқалары 3 және 11 саны сәттілік әкеледі деп ойлайды. Басқа да көптеген мистикалық сандар белгілі. Көне заманнан сандар адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. 

Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі

жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды.

ІІ. Негізгі бөлім

3 саннын сиқыры

3 деген саны көптеген аңыз аңгімелерде кездеседі және көптеген ғалымдарға тыныштық бермеген. Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларда үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады. 3 күні туыған адамдардың жұлдызнамасы бойынша өте ширақ, белсенді, бір орында отыра алмайтын адамдар. Олардың бойында ойлау дағдылары жақсы дамыған кез келген қиын жағдайдан шығатын жол табады. Егер сәтсіздік болса олар мұнаймайды өз жұмысын әрі қарай жалғастырады. Кез келген адамдармен тіл табысады өте білімді адамдар. Бірақ олардың бойындағы ең басты кемшелек олар тез жалығып кетеді және еріншек.

7 саннын сиқыры

Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген.

Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап өседі. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тамамдалғаның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан

13 саннын сиқыры

Осы жұрт 13 - тен неге шошиды?
Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.
Алайда, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады. Бұл жасқа келген адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды. 13 жылда мүшел жас келіп отырады. 13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді. Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жеккөрінішпен қараудың бір себебі де осында. Италияда 13 нөмерлі лотерея жоқ. Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ. Ал Женевада ұшақта 13 орын жоқ. 13 қатерлі көргендіктен. Ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған.

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3 - санның қызықты қасиеттері

1. 3 саны - ең кіші қарапайым сан.

2. Сиқырлы немесе сиқырлы шаршы сандармен толтырылған тік сызық, әр жолдағы сандардың жиынтығы, әр баған және екі диагоналі бірдей. Осы кезде түрақты үш санның қосындысы 15 т- ке тең болады ал 15 3-ке бөлінеді

3.Астраномия бойынша ЖЕР күннен санағанда үшінші планета екен, Коперниктің айтуынша. КҮН-ді 8 планета айналып жүреді: Меркурий, Шолпан, ЖЕР, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

4. Үш деген сөзді орысшаға аударғанда 3 әріптен түрады.

5. Бұл санды жазғада 3 ерекше нүктеге түйіседі:

6.  Вальс (фр. valse) – бұл бидегі адымдар саны 3 мысалы: 1,2,3

7. Үш қырлы көпбұрыш, яғни үшбұрыш, керемет қасиетке ие - бұл қатаң фигура. Бұл тараптардың тұрақты ұзындығымен үшбұрыштың пішінін өзгерте алмайтындығын білдіреді. Үшбұрыштың бұл қасиеті оны машина жасау мен құрылыс саласында қажет етеді.Үшбұрыш түрінде құрылыстың элементтері, керісінше, квадрат немесе параллельограмма түріндегі элементтерден сақтайды.

8. Сағаттың тілі ширектік сандарға бөлінген, ал сол сандар 3-ке бөлінеді. Мысалы: 3:3=1; 6:3=2; 9:3=3; 12:3=4.

7 - санның қызықты қасиеттері

1. Әр апта 7 күннен тұрады.

2. Әлемнің жеті кереметі. 1 . Мысыр пирамидалары;. 2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы; 3. Эфестегі Артемида ғимараты; 4. Олимпияда Зевстің мүсіні;5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы; 6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні;. 7. Александрия шамшырағы.



3. Кемпірқосақ 7 түстен тұрады.

4. Музыкада 7 нота бар.

13 - санның қызықты қасиеттері

1. Сағаттың тіліндегі барлық сандардың қосындысы: 1 + 2 + 3 + 4 +... = 78; ал бұл сан 3-ке бөлінеді: 78:13 = 6

2. ШТРИХ-КОД.
Әр тауардың өзінің тіркелеген нөмірі бар ал ол 13 саннан тұрады. Бұл
штрих-код.



Өзімді қызықтырған сандар жайлы сауалнама 31 оқушыдан сауалнама алдым. Сауалнама сұрақтары :

Сұрақ

жауаптары

Иә

қ/ұ

Жоқ

қ/ұ

  1. 3 саннын қасиетті деп санайсыз ба?

21

14/7

10

2/8

2. 7 саның құдыретті деп ойласыз ба?

12

9/3

19

7/12

3. 13 санынан қорқасыз ба?


7

3/4

24

13/11


4. «13 жұма күні» - сіз үшін қорқынышты күн ба?


2

2/0

29

14/15

5. 13 қабатта және 13 пәтірде тұрғыңыз келе ме?


23

10/13

8

6/2












Бұл сауалнама қорытындысы қыз балалар үл балалармен салыстырғанда әсершіл екендігі анықталды.


ІІІ. Қорытынды.

Әдебиеттерді зерттей келе және оқушылардың сұрақтарын зерделей келе адам өміріндегі сандардың маңызын түсіндім. Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.

Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.

Сөзімді түйіндей келе алдағы уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу жұмыстары ары қарай жалғасын тапса деген оймен төмендегі жобаларды ұсынамын.

















Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.

  2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.

  3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.

  4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.

























Аннотация

Бұл жоба 3, 7, 13 сандарының қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту. 

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:

1. 3, 7, 13 санын зерттеп халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату. 

2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайданағанын дәлелдеу.

Өзектілігі:

Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасеитті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ. 



Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:

  • киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;

  • жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;

  • маңыздылығын анықтау. 



Зерттеу жұмысының кезеңдері:

І – теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен қарау. 
ІІ – практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру. 
ІІІ – бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау. 

Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалық талдау. 
2. Бақылау әдісі (сауалнама)
3. Тірек сызбалар мен кестелерді құру әдісі. 

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:

Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептерде қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады. 











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2018
861
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12