Материалдар / 3 – ТОҚСАН ТЖБ қазақ тілі 5-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

3 – ТОҚСАН ТЖБ қазақ тілі 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып қазақ тілі ТЖБ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2024
1935
41 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Қиял әлемі.

Көлік және жол белгілері.

Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология


І нұсқа

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз.

  2. Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]

1-мәтін

Тамыз

Ол қиялшыл бала болатын. Жаздың ми қайнатар ыстығында өзге балалар салқын үйге кiрiп алып, күн төбеден ауғанша ұйықтап жатса, ол көл жағасындағы үлкен қараталдың басына өрмелеп шығып, алыстарға қарауды ұнататын едi. Көз ұшында бұлдыраған сағым, сағымның алақанында дiрiлдеген Қаратаудың ұзын-шұбақ жоталары, ортада ұшы-қиыры жоқ оман дария… «Дариядан өтсем бәрi де өзгерiп сала берер ме едi» деп ойлайтын бала.

Бұрын тұңғиықтың мұншалықты әде­мi екенiн қалай аңғармаған. «Тiптi, тұң­ғиықтың астында су перiсi жатады, гүлiн жұл­ған баланы су астына алып кетедi» деген­дi естiп, маңына жоламайтын. Байқаса, дүниедегi ең әдемi гүл – тұңғиық екен. (90 сөз)

(https://qazaqadebieti.kz/)


2-мәтін

Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның орта-сында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар—қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал-серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі—мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады.

Ерекше әсері бар күй мен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын сөзбен қатар, өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір, қиял суреттерін, уақиға тасқындарын, жаратылыс. құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді.

Қазір де, міне, белгілі бір қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жарып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға әкетті. Тұлғасы ерен, кең кеуделі, асқақ үнді әнші сахараның ғажайып бір алыбы боп апты.

(М.Әуезов «Абай жолы»)





Оқылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз.

[5]

Велосипедшілерге арналған нұсқаулық


  1. Велосипедшілер жолдың шетінен 1 м қашықтықта және 1 қатармен ғана жүре алады. Бұл қағида тоқтап тұрған көлікті басып озу кезінде ғана бұзылады.

  2. Велосипедшілерге жаяу жүргінші жолымен жүруге болмайды.

  3. Рульді бос жіберіп жүруге тыйым салынады.

  4. Велосипедті еркін басқаруға кедергі келтіретін көлемі үлкен заттарды алып жүруге болмайды.

  5. Арнайы жабдықталмаған велосипедпен балаларды міңгестіріп жүру де қауіпті.

  6. Велосипедшілер топталып жолға шығатын болса, өздері жүретін бағдармен алдын ала танысып алуы қажет.

  7. Басқа көлік жүргізушілері оларды тез байқауы үшін ашық түсті киім кигені дұрыс. (88 сөз)


Мәтін не туралы?



Құрылымы



Қалай рәсімделген?



Жанрлық ерекшелігі неде?




2. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталаған сұрақ (3-5) құрастырыңыз. [5]


1



2



3



4



5





Жазылым

Төменде берілген суреттердің бірін негізге ала отырып, әңгіме жазыңыз. Әңгімеңіздің белгілі бір сюжетке құрылуын, қызықты эпизодтың, шағын кейіпкерлер жүйесінің болуын ескеріп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. Сөз саны шамамен 120-150.

[10]

1) Жолда жүру ережесіне байланысты өмірде болатын оқиғаны арқау етіп, әңгіме құрап жазыңыз. Кейіпкерлері: ұл бала, қыз бала (есімерін ойластырыңыз).



2) Мінез-құлықтарына қатысты туындайтын достар арасындағы қарым-қатынастарды негізге ала отырып шағын әңгіме құрастырыңыз.


3) Кейіпкерлері адамдарға қауіп төндірген айдаһар және елін қорғаушы батыр болатын қиял- ғажайып әңгіме жазыңыз.



Балл қою кестесі

Тыңдалым мен айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзіреттілік


5

Тірек сөздердің бәрі мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Жұбының тірек сөздері арқылы мәтін мазмұнына дұрыс болжамын білдіреді. Жұбының болжамына баға беріп, дәлелдер арқылы түсіндіреді.

Ойын толық жеткізеді. Толымды сөйлемдер арқылы жүйелі сөйлейді. Сөздік қоры мол. Сөздік қайталаулар жоқ.

4

Тірек сөздердің жартысынан көбі мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Жұбының тірек сөздері арқылы мәтін мазмұнына болжамын білдіреді. Жұбының болжамына баға беріп, себебін түсіндіреді.

Ойын жақсы жеткізеді. Аяқталған сөйлемдер арқылы жүйелі сөйлейді. Сөздік қоры жеткілікті. Сөздік қайталаулар жоқ.

3

Тірек сөздерінің жартысы мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Жұбының кейбір тірек сөздері арқылы ғана мәтін мазмұнына болжамын білдіреді. Жұбының болжамына баға береді, себебін түсіндіруі жеткіліксіз.

Ойын кейде аяқталған, кейде синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Сөздік қоры орта деңгейде. Сөздік қайталаулар кездеседі.

2

Тірек сөздерінің аз бөлігі мәтіннің негізгі ойымен сәйкес келеді. Мәтін мазмұнына болжамын жасағанда жұбының тірек сөздерін қолданбайды.

Жұбының болжамына сипаттама береді, себебін түсіндірмейді.

Ойын толық жеткізе алмайды. Толымсыз сөйлемдерді жиі қолданады. Сөздік қоры ауызекі лексикадан тұрады. Сөздік қайталаулар жиі кездеседі.

1

Тірек сөздері мәтіннің негізгі ойымен сәйкес емес. Мәтін мазмұнына болжамы нақты емес жұбының болжамына сипаттама бере алмайды.

Ойын жүйелі жеткізе алмайды, аяқтамайды. Сөйлемдері байланыспайды. Сөздік қоры төмен деңгейде.



Оқылым

1-2 тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі

Балл

Мәтінді талдау

Сұрақ құрастыру

5

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған ашық сұрақтарды өте жақсы құрастырады.

4

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған ашық сұрақтарды жақсы құрастырады.

3

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған ашық және жабық сұрақтар құрастырады.

2

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталмаған жабық сұрақтар құрастырады.

1

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысы жоқ жабық сұрақтар құрастырады.

0

Мәтіннің құрылымдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін түсінбейді.

Сұрақтары жоқ




Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10


Суретке сай тақырып мазмұнын толық ашады. Көркем тілдік құралдарды өте шебер қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры мол. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін толық сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Суретке сай тақырып мазмұнын жақсы ашады. Көркем тілдік құралдарды қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан өзара байланысты, жүйелі. Сөздік қоры жеткілікті. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате жібереді.

5-6

Суретке сай тақырып мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Көркем тілдік құралдарды сирек қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан арагідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктерінен ауытқу бар. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер жібереді.

3-4

Суретке сай тақырып мазмұнын төмен деңгейде. Көркем тілдік құралдарды орынсыз қолданады. Сюжеті логикалық тұрғыдан байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері толық сақталмайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 3-4 ұсақ және ірі қателер жібереді.

1-2

Суретке сай тақырып мазмұнын ашпайды. Көркем тілдік құралдарды қолданбайды. Сюжеті логикалық тұрғыдан жүйесіз. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері сақталмайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алты, одан да көп ұсақ және ірі қателер жібереді.
















3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Қиял әлемі.

Көлік және жол белгілері.

Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология.


ІІ нұсқа

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз.

  2. Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]

1-мәтін

Ғажайып планета


Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан. Ойда жоқта кез болып, басқа түскен сергелдең бұларды бір мезгіл асып-састырып абыржытса, енді бірде көңілдеріне қаяу түсіріп, жабырқатқан секілді. Әркім өз ойымен әуре. Командирдің аты командир ғой. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек. Не дер екен қазір мына ғалым?

Бұл жерде экипаждың барлық мүшесі бірдей жабырқаулы деуіміз артықтау да болар. Өйткені, кемеде бесінші мүше де бар болатын. Ол кеудесін шамасынша көріп көңілді тұрған секілді. Екі көзі жасыл от шашып жарқ-жұрқ етеді. Бұл жасанды адам физиомеханикалық «Кибер» еді.

Кибер маймаңдап басып тақап келді.

Қастерлім, – деді ол биологтың иығына қолын салып. (Оның әрқашан осылай сөйлейтін әдеті еді). Сіздер мына мен болмағанда бағанағы космос айдаһарының аузына түсіп, тәтті тағамға айналған болар едіңіздер. Мен білмейтін өнер сіздерде көбірек. Бірақ осы бір қызықты жұмбаққа миларыңыз қалайша жетпей тұр? Оның үні электронды музыкадағыдай әсем де нәзік естілді. Бұл кибер түп табиғатында әзілқой боп жаратылған-ды. Оның кез келген нәрсені әзілге айналдыратынын космонавтар жақсы біледі. Сол себепті ешкім тіс жармағанды. Барлығының көзі Турановта. (160 сөз)

(Т.Сұлтанбеков «Ғажайып планета»)

2-мәтін

Бақша ағаштары


Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
– Мынау ағаш неге тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.
– Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш қараусыз, өз шығу қалыбымен өскен, – деді атасы.
– Олай болса, бағып-қағуда көп мағына бар екен ғой, – деді баласы.
– Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе ғибрат алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды түсініп, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді. (121 сөз)

Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары»

Оқылым

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз. [5]


Жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өтуге арналған нұсқаулық

1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана көшеден өтуге болады.

2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.

3. Көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!