Материалдар / 3 – ТОҚСАН ТЖБ қазақ тілі мен әдебиеті 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

3 – ТОҚСАН ТЖБ қазақ тілі мен әдебиеті 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып казак тил мен адебиет СОЧ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
313
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым


Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз,
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген қыз.
Шәй ішіп самаурыннан сәске түсте
Керіліп әзер тұрасың төріңнен қыз.
Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,
Көшкенде салтанатың көрінген қыз.
Дәулеттің қалың қара арқасында
Асқан жоқ қатар - құрбың өзіңнен қыз.
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан қыз,
Сүйегің жаратылған асылдан қыз.
Лебізің, сөзің - шырын, маржан - тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан қыз.
Адамның жалғаншыда арманы не,
Сенімен дүниеде қосылған қыз.
Сөйлесең сүт шығады тіліңнен қыз,
Құрбыңа салтанатың білінген қыз.
Басыңнан бұл дүние өтеді деп,
Қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз.
Қамқа бөрік, камзол, бешпет, алтын ілгек,
Ақ көйлек зер шашақтан киінген қыз,
Қызығын дүниенің сізде көріп,
Ата - анаң үйде отырып сүйінген қыз.
Шалықта ата - анаңның дәулетіне,
Бір күні жөнелерсін үйіңнен қыз.
Әуелде атаңа еріп анаң келген,
Ойласаң осы жерден білінген қыз.
(133 сөз)


1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тақырыбын анықтаңыз.

  1. Қыз баланың тәрбиесі

  2. Қыздың көркі

  3. Қызға қырық үйден тыйым

  4. Қыз мұраты – кету

  5. Қыз өссе елдің көркі

[1]

2. Шығарманың тақырыбын анықтап, мәтіннен екі дәлел келтіріңіз.

  1. ________________________________________________________________

  2. ________________________________________________________________


[2]

3. Мәтінді екінші рет тыңдаңыз. Тыңдалған мәтіннің идеясына талдау жасаңыз, пікіріңізді қорытындылаңыз.

Идеясы

Қорытынды пікір





[2]

Оқылым

Мәтіндерді оқыңыздар. Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыздар.


1-мәтін

1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында Мәметовтер отбасында Жиенғалидың Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Анасының еркелетуінше, ол  - «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк аталып кеткен ерке  арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?!. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы – қалайда  жеңіске жету! 1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті. «Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті.Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді.
(174 сөз)

2-мәтін

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы қаңтардың 1-і Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі...
1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер күшімен басылды. Бірақ, дүмпу бірден басылмай, Жезқазған, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды және Өскемен секілді қалаларға жайыла түсті. Дүйім қазақ жастарының қозғалысына ұласты. Сондай қаланың бірі Өскемен болатын. Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған. Барлығы да алаңсыз еді...
Бірақ, олар ойлағандай болған жоқ, арада жарты сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеу барысында жастардың пікірі мен сөзіне құлақ түрген ешкім болмады. Тек біржақты қараланып, яғни ұлтшыл деген жала жабылып, орынсыз қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.
Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді. (178 сөз)



1-тапсырма. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз.


Ұқсастығы


Айырмашылығы

1- мәтін

2- мәтін



[2]


2-тапсырма. Мәтіндердің түрлері, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, өз ойыңызды білдіріңіз.


1-мәтін


2-мәтін


Түрі мен тілдік ерекшелігі

Түрі: мен тілдік ерекшелігі

Пікір



[2]


3-тапсырма. Оқылған екі мәтінді салыстырып, ондағы көтерілген мәселелерге баға беріңіз.


Көтерілген мәселе


1-мәтін

2-мәтін

Жоғары

Орташа

Төмен








[1]



Жазылым


Берілген тақырыптың бірін таңдап, эссе құрылымы мен дамуын (негізгі бөлім, қорытынды бөлім) сақтап, эссе жазыңыз. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

[10]



  1. Ұл мен қыздың тәрбиесінде ата аналардың белгілі бір принциптерге сүйенуі тиіс. Ол принциптердің балаларға ұнай қоюы екіталай. Сіздің ойыңызша қалай ортақ шешімге келуге болады? Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыныңыз.

  2. Қазақстан Республикасының жаңа жылы «Наурыз мерекесі» болып табылады. Дегенмен Еуропалық жаңа жылды, яғни 31 желтоқсанды біз көбірек тойлаймыз. Осыны дұрыстау мақсатында мәселені оңтайлы шешу жолдарын ұсыныңыз.



Айтылым


Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Жұбыңызбен өзара сұрақтармен алмасып, оларға сенімді, дәлелді жауап беріңіз.

[10]


  1. «Наурыз мерекесін тойлаған дұрыс па, әлде жаңа жыл мерекесін тойлаған дұрыс па? Сен қалай ойлайсың?» тақырыбы бойынша өз пікіріңізді сенімді дәлелдеп, қойылған сұрақтарға еркін жауап бере отырып, жұбыңызбен сұхбат құрыңыз (8-10 сөйлем).


  1. «Алтын адам – қазақ халқының мақтанышы» тақырыбында жұбыңызбен диалогқа түсіңіз. (8-10 сөйлем).

Балл қою кестесі


Тапсырма

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым

1

Д

1

Осы жауап дұрыс жауапқа қабылданады

2

1.Қазақхалқыныңсалт-дәстүрініңбірі-қыздықұттыорнынақондыру екенін түсіндіреді.

Шалықта ата - анаңның дәулетіне,
Бір күні жөнелерсін үйіңнен қыз.

2.Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті ардағы, аманаты, тарихи өмірі бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай.

Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан қыз,
Сүйегің жаратылған асылдан қыз.

2

Осы жауаптарға жуық жауапттар қабылданады.


3

Идеясы: қазақ қызының сұлулығымен қатар нәзіктігі,өмірдегі мақсаты аяулы жар болып, құтты орнына қону екенін сөз етеді.

Қорытынды пікір: қыз бала өмірде аяулы жар, ана, ибалы келін болатынын ұмытпауы керектігі айтылады.

2

Идеясын анықтап, қорытынды пікірін білдіруі тиіс.

Оқылым

1

Ұқсастығы: екі мәтінде де қазақ қыздарының ерлігі сипатталады.

Айырмашылығы:

Бірінші мәтін. Ұлы Отан соғысы кезеңі сипатталады.

Екінші мәтін Желтоқсан оқиғасы сипатталады.

1

Осы жауапқа жуық жауаптар қабылданады.

2

  1. Әңгімелеу мәтіні. Сөйлемдер тізбектеле байланысқан

  2. Әңгімелеу мәтіні. Сөйлемдер тізбектеле байланысқан.

  3. Оқиға ретімен баяндалған, мәтін соңында негізгі ой айтылады.

1

1

Әрбір тапсырма үшін 1 балдан беріледі.

3

Көтерілген мәселе: ерлік туралы. Бағалайды.

Мәншүк соғыс кезінде Отаны үшін өз өмірін пида еткен. Кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды.

Сәбира Мұқамеджанованың Желтоқсан оқиғасына қатысып, елінің тәуелсіздік алуына тигізген септігі. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды.

1


Осы жауапқа жуық жауаптар қабылданады

Жазылым

Балл

Мазмұны

Тіл сапасы

5

Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген; қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады.

Эссенің құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған; келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.

Өте жақсы

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.


Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.

4

Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап; қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады.


Жалпы эссенің идеясында логикалық дамуы жақсы жазылған; аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.

Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады; түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.


Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес; қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз.


Эссе дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.

Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады; сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.


Көбіне нақты; қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кездеседі; тек қарапайым идеяларды ашады.


Эссенің құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.

Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады; қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз.


Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған; мағынасы кейде түсініксіз.

1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз; сұраққа жауап бермеді.


Эссенің құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде; идеялары жүйесіз.

Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады; көп құрылымдары аяқталмаған және қате.


Көптеген қателіктер жіберген, түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жауап жоқ

Жауап жоқ

Айтылым

338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!