жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
3-бөлім. Жаһандық энергетикалық дағдарыс 5-бөлімше. Қазақстан-мұнай мекені
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ҚҰНДЫЛЫҚ:7.Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы
САБАҚ: 3-бөлім. Жаһандық энергетикалық дағдарыс 5-бөлімше. Қазақстан-мұнай мекені |
Мектеп: КММ «№89 ЖББМ»
|
||||||||||||||||
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ибрагимова А.Р. |
||||||||||||||||
СЫНЫП: 8 (Т2) |
Қатысқандар: 15 |
Қатыспағандар: 0 |
|||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
8.1.3.1 оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсіну; 8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру. |
||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
-оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсінеді; - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдайды, баға береді. |
||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау |
||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: -оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсінеді, ажыратады; -сызбаларда берілген ақпаратты талдайды, баға береді. |
||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: бұрғылау, тереңдік, бұрқақ, құрал, көмірсутек, алдын алады, қайран, қоспа. |
|||||||||||||||||
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жанама бұрғылау, мұнай бұрқақтары, абсолют тереңдік, таза қоспа, мұнай қалдықтары, маржанды қайран. |
|||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Мұнай бізге не үшін керек? 2. Мұнайдан өндірілетін шикізаттарға не жатады? |
|||||||||||||||||
Ишара: ымдау, қолын көтеру, басын изеу |
|||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
Болашақ энергиясы 8.4.2.1; 8.5.1.5 |
||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар
|
|||||||||||||||
Сабақтың басы 12 минут |
Психологиялық жағымды орта қалыптастыру «Жүректен-жүрекке» әдісін қолдана отырып білім алушылар майшамды бір-біріне ұсыну арқылы жылы тілектерін айтады. Мақсаты: өзара бірлескен әрекетке негізделген ынтымақтастық ортасын қалыптастыру.
«Топ таңдау» әдісі бойынша топқа бөлу
Мұнай
Каспий
1-тапсырма. «Тізбектелген суреттер» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау
Бағалау критерийі: - Жетекші сұрақтардың мазмұнын түсінеді. - Өз ойын еркін жеткізе алады. - Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтайды.
Дескриптор: - Болашақ энергиясы тақырыбына қатысты ақпараттарды білді. - Қазіргі өмірмен байланыстыра алды. - Тиімділігі мен маңыздылығын ажырата алды. Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтау» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды.
Ж
Кері байланыс: «Сұрақ-жауап»әдісі арқылы кері байланыс береді.
Жаңа сабақтың тақырыбы:Қазақстан-мұнай мекені Оқу мақсаттары: -оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсіну; -кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру. Бағалау критерийі: -күрделі сөздердің мағынасын түсінеді; -кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдайды, баға береді. |
https://www.google.kz/
https://www.google.kz/
Сабақтың мақсаты белсенді тақтада жазылады |
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы 24 минут
|
Мәтіналды жұмыс ЖЖ 2-тапсырма.«Бейнені таны» әдісі Сабақ тақырыбын бейнетаспада көрсетілген сурет және сұрақтар арқылы болжау Бағалау критерийі: - Берілген суреттер мазмұны бойынша ақпараттарды анықтайды. - Сұрақтардың мазмұнын түсінеді. - Өз ойларын жеткізе алады.
1.Суреттен қандай бейнені көрдіңіздер? 2.Бұл адам үшін қаншалықты қажетдеп ойлайсыздар? Дескриптор: -Берілген суреттер мазмұны бойынша ақпараттарды анықтады; - Сұрақтардың мазмұнын түсінді; - Өз ойларын жеткізе алды. Қалыптастырушы бағалау: - «Ең қызық ақпарат» әдісі бойынша жаңа әрі қызықты ақпарат берген оқушыны бәрі бірге анықтайды. Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісіарқылы кері байланыс береді. «Прожектор» әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі: мұнай қойнауы, мазут, бұрқақ, бұрғылау, тасымалдау, есептеу, зақым, теңіз тіршілігі. Т 3-тапсырма.Мәтінді тыңдап, күрделі сөздердің мазмұнын түсіндір. «Кинометафора» әдісімен мәтінді тыңда, мәтіндегі мәселеге назар аударып, ақпараттарды ірікте.
Бағалау критерийі: - Мәтін мазмұнын түсінеді. - Мәтін ішінен негізі ақпараттарды анықтайды, күрделі сөздердің мағынасын түсіндіреді; - Жетекші сұрақтарға жауап береді; - Шынайы өмірмен байланыстырады. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұрды. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. 1993 жылы сәуір айында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы мұнай мен барлау ісі бойынша — «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасады. Қазақстанның газ өндірісінің болашағы үлкен. Әлемдегі ірі кен орындарының қатарына жататын негізгі газ кен орындары Қарашығанақта орналасқан. Қазақстанмен арада жасалған келісімдерге сәйкес «Бритиш газ» бен «Аджип» компанияларының осы кен орны аумағында жүргізілетін жұмыстары басталғаннан кейін республикада газ өндіру айтарлықтай өсетін болады. Мұнай өнеркәсібі мұнай өндіруге және өңдеуге маманданған. Өңдеген кезде түрлі отын, яғни бензин, дизель майы, керосин және химиялық өнімдер алынады. Мұнайды өңдеу барысында түзілетін мазут электростансыларында, металлургия пештерінде отын ретінде қолданылса, оның соңғы қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады. Ал мұнайды өңдеу барысында пайда болған газ қалдықтары химиялық шикізат болып табылады. Оны өңдеу арқылы синтетикалық талшық, каучук, спирт, пластмасса, т.б. өнімдер алынады. Елімізде мұнайдың 14-ке жуық болашағы зор алаптары мен кен орындары белгілі, олар Атырау-Ембі және Маңғыстау аумақтарында, Оңтүстік Торғай мен Каспий қайраңында шоғырланған. Республиканың мұнайлы-газды аудандарында 172 мұнай және 42 конденсатты кен орындары (оның 80%-ы өндірілуде) бар, олар Қазақстан аумағының 62%-ын алып жатыр. Сұрақтар: 1.Мәтін не туралы айтылған? 2.Адамдардың өмір сүруі үшін мұнай қажет пе? 3.Қазақстанның мұнай қоры жөнінен көрсеткіші қандай? 4.Мұнайды өңдеу арқылы қандай өнімдер шығады? Шынайы өмірмен байланыстыр. Дескриптор: - Мәтін мазмұнын түсінді. - Мәтін ішінен негізі ақпараттарды анықтады, күрделі сөздердің мағынасын түсіндірді; - Жетекші сұрақтарға жауап берді; - Шынайы өмірмен байланыстырды. Қалыптастырушы бағалау: «Пікірлер парағы» әдісімен топтарбірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді. ТЖ 4-тапсырма.Мәтіннің әр бөлігін мұқият оқы, мазмұн жүйесіне көңіл бөл. Бағалау критерийі: 1.Өрмекшінің аяқтарына мәтіндегі негізгі ақпаратты орналастырады. 2. Өрмекшінің басына негізгі идеяны көрсетеді. 3.Өрмекшінің ішкі сұлбасына күрделі сөздерді жазады. «Өрмекші» әдісін пайдаланып мәтін мазмұнын кестеге түсір.
Негізгі
ақпарат
Негізгі
ақпарат
идеясы
Күрделі
сөздер Дескриптор: 1.Өрмекшінің аяқтарына мәтіндегі негізгі ақпаратты орналастырды. 2. Өрмекшінің басына негізгі идеяны көрсетті. 3.Өрмекшінің ішкі сұлбасына күрделі сөздерді жазды. Қалыптастырушы бағалау: «Асыл тастар» әдісінің көмегімен әр топ өз-өзін бағалайды. Зүбаржат- ұтымды жауап; меруерт- жақсы жауап; інжу- жауап толықтыруларды қажет етеді. Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасалады.
ТЖ 5-тапсырма. Сәйкестендіру картасын толтыру. Бағалау критерийі: - картамен жұмыс істеуді біледі; - сөйлемдерді шатастырмауға тырысады; - нақты жалғасын табады.
Дескриптор: - картамен жұмыс істеуді білді; - сөйлемдерді шатастырмауға тырысты; - нақты жалғасын тапты. Қалыптастырушы бағалау:
топ ішінде смайликтердің көмегімен бағалау. Кері байланыс:«Екі жұлдыз, 1 тілек» әдісі |
Бейнетаспа
https://www.google.kz/
https://www.google.kz/
Бейнетасп
https://kk.wikipedia.org/wiki/
Kaz//bilim.kz//ss
https://www.google.kz/
https://www.google.kz/
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы 8 минут |
6-тапсырма. Мәтін бойынша әр топ сурет салады, суреттерін 5 сөйлеммен сипаттайды. Бағалау критерийі: - Мәтін мазмұнын түсінеді; - Мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады; - Сөйлем құрай алады. «Сендер суретшісіңдер» әдісібойынша оқушылар сабақты қорытындылайды. Дескриптор: - Мәтін мазмұнын түсінді; - Мәтін мазмұнына сәйкес сурет салды; - Сөйлем құрай алды. Қалыптастырушы бағалау: «Диірмен» әдісібойынша топ арасында бағалау. Кері байланыс: «Плюс, минус, қызықты» әдісімен кері байланыс жасау «Плюс»- оң әсер алған білімдері жайлы жазады. «Минус»- түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. «Қызықты»-өздеріне не қызықты болды соны жазады.
қызықты |
https://www.google.kz/
|
|||||||||||||||
Үй тапсырмасы
|
Қазақстанның мұнай-кен орындары туралы қосымша мәлімет жинау |
|
|||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыга тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексерудіқалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||||||||||||||
1.Мақсат бойынша саралауда оқу мақсаттарына сай тапсыр малар тізбегі берілді. Білім алушылардыңбарлығы мәтін ді түсінді, көпшілігі сұраққа жауап бере алды, кейбіреуі қосымша ақпараттар арқылы ойларын толықтырды. 2. Мәтінмен жұмыс бары - сында нәтиже немесе жауап бойынша саралауда 4-тапсырманы орындауда білім алушылар мәтінді тыңдап, мәтінді бөліктерге бөледі, мазмұнын топта талдайды. Нәтижесінде мәтіннен жаңа ақпараттарды іріктейді; кейбірі мәтін мазмұны негізінде салыстыру жүргізеді. Қабілетті білім алушылар өз жауапта - рын шынайы өмірмен байланыстырды, статистикалық мәліметтермен бөліседі. 3. Таңдау бойыншасаралауда білім алушылар берілген мәтін негізінде еркін сурет салады, суреттерін 5 сөйлеммен тиянақтап, ойларын жинақтап қорытындылайды. |
Білім алушылардыңбілімін тексеру «Бас бармақ» , «Сөзді тап», «Сұрақты қағып ал», «Смайлик», «Ойлан-жұптас-бөліс» әдістері арқылы және жұптық бағалау, топтық бағалау түрінде жүзеге асырылды. Әр тапсырмадан кейін «Табыс сатысы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Алма ағашы», «Сен жетістіктерге жетудесің! Нақтылық жетіспейді. Сен мұны бұдан да жақсы жасай аласың!» деген қошамет сөздер арқылы кері байланыс берілді. |
География, тарих, аймақтану, экология, жаратылыстану АКТ |
|||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
1.Өткізілген сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары толықтай орындалды. 2.Білім алушылар бүгінгі сабақта «Қазақстан – мұнай мекені» туралы жаңа ақпараттарды меңгерді. Мұнай өнімдері туралы білетін ақпараттарымен кезектесіп бөлісіп отырды. 3.Сабақ жоспарланған деңгейде өтті. 4.Жоспарланған саралау тапсырмасы жалпы барлық білім алушыларға берілді. Сұрақтар жеңіл және күрделі деңгейде құрастырылды. Соның ішіндегі күрделі сұрақтар мазмұнына қабілетті білім алушылар шынайы өмірмен байланыстырып жауап берді. 5.Жоспарланған сабақ болғандықтан уақыт тиімді қолданылды. |
||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Еңжақсыөткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нарсе немесе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. 2. |
|||||||||||||||||
арайсың!.
Өз ойыңды дәлелдей алдың! Жақсы!
Ойыңды толықтырып жеткізуге тырыс!
деген фишкалар таратылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген