3 саб ана тілі 1 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

3 саб ана тілі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 саб ана тілі 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Дыбыс және әріп

Мұғалімнің аты-жөні

Шеримова.Е

Күні:

12.01.2026ж

Сынып: 1«Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыстар мен әріптер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1. 1. 3. 1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

1. 2. 8. 2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну

1. 4. 1. 1. айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көщіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақ мақсаты

  • иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

  • дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады;

  • дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін біледі;

  • айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көщіріп жазады

Ұлттық құндылықтар

Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Апта дәйексөзі : «Талап бар жерде, тәртіп бар»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру хормен өлең оқыту арқылы өтеді.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Өткен тақырыпқа шолу үшін «Баскетбол» ойыны қолданылады.

Оқушыларды қатар бойынша жарыстырады.

- Әр қатар оқушылары сұрақтарға кезекпен жауап беріп, допты себетке тастайды. Қай қатар көп жауап беріп, доп тастай алса, солар жеңімпаз болады.

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс деген не?

-Әріп деген не?

-Дауысты дыбыстарды ата.

-Дауыссыз дыбыстарды ата.

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

-Қосарлы дыбыстарды ата.

-ь,ъ таңбалары туралы не айта аласың?

тсс

-Ендеше бүгінгі күні «Дыбыс және әріп» бөлімін бастаймыз. Дыбыс және әріп туралы білімімізді кеңейтетін боламыз.

Сабақ тақырыбын таныстыру.

Сабақ мақсатын хабарлау.

Хормен өлең оқиды.
















Сұраққа жауап береді, себетке доп салады.





Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.






«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Керемет!

Жақсы!











себеттер, доп суреттері





Сабақтың ортасы

33 минут




























(Ұ) 1- тапсырма.

Тыңдалым, айтылым, оқылым.

1-жаттығу. «Суреттер сөйлейді» әдісімен

-Суретке қараңдар, айналадан қандай дыбыстарды естуге болатынын айтыңдар.

2 тапсырма ; 2-жаттығу. Тыңдалым Куар-код арқылы жұмыс

Мәтінді тыңдаңдар.

-Тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан өзгешелігі неде?

-Су, тіл, құс сөздеріндегі дыбыстардың орнын ауыстырып көрейік. Сөз мағынасын түсіндіңдер ме?

Анықтамамен жұмыс.

Сергіту сәтінде «Ертегілер» әнін айтқызады.


(Д) 3-тапсырма.

Жазылым. Дәптермен жұмыс. «Көркем жазу »кезеңі

3-жаттығу.

-Сөздерді көшіріп жазыңдар.

-Сөздер неден құралған? Берілген сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар?

-Сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

ЕББҚ оқушыға:

3-жаттығудағы сөздердің бірін қатыстырып сөйлем құрап жаз.

ЕҚБ оқушы:

Сөйлемге дыбыстық талдау жаса.

(Ұ) 4-тапсырма.

«Сөз тану» айдары.

А) Жатқа білетін мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Мағынасын түсіндіріңдер.

Ә) Мақалды жаттап алыңдар.

  • Ұлттың қуаты – тілінде.

  • Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.


Сурет бойынша сұрақтарға толық сөйлеммен жауап береді.

Мәтінді тыңдайды.

Тапсырма орындайды.






Ән айтады.

Партада дұрыс отырады.

Қаламды дұрыс ұстайды.

Көркем жазады. Дыбыстық талдау жасайды.

Сөйлем құрап жазады.

Дыбыстық талдау жасайды.

Жаттаған мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді айтады. Мағынасын түсіндіреді.

Мақал жаттайды.

Дескриптор:

Сұраққа жауап береді- «Жарайсың!».

Сұраққа жауап беруде көмек қажет етеді-«Жақсы!».

Сұраққа жауап беруде қиналады-«Талпын!».





Дескриптор:

Талапқа сай сауатты жазады- «Жарайсың!».

Сөздерді аздаған қателермен жазады -«Жақсы!».

Сөздерді жазуда өрескел қателер жібереді -«Талпын!».


Дескриптор:

Білетін мақал, жаңылтпаш, нақыл сөздерді айтады, мақалды тез жаттайды - «Жарайсың!».

Білетін мақал, жаңылтпаш, нақыл сөздерді айтады, мақал жаттауда аздап қиналады -«Жақсы!».

«Ана тілі» оқулығы

1 сынып 2021ж


Сюжетті сурет

9-10-бет







1 ана тілі дәптері

















Сабақтың соңы

7 минут


Кері байланысты «Ашық микрофон» әдісі арқылы береді.

-Бүгінгі сабақтың тақырыбын айтыңдар.

-Сабақ барысында не ұнады?

-Қай тапсырманы орындауда қиналдың?

-Қай тапсырманы орындау жеңіл болды?

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.


доп


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі