400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

3 санына бөлу және көбейту кестесін бекіту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге керек болып қалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

3 санына бөлу және көбейту кестесін бекіту.

Мұғалімнің аты-жөні: Карагулова Г.Д.

Күні: 5.02.2019

СЫНЫП: 2 ә


Қатысқан оқушылар саны: 22


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.2 - көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау

2.1.2.4** - 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу. Сыныпты қалыпқа келтіру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Үш тілде амандасу

Топқа бөлемін : «Түрлі-түсті асықтар» арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар қоржыннан қызыл, сары және жасыл түсті асықтар алып

1, 2, 3,4 топтарға бөлініп отырады.

Үй жұмысын сұрау . «Ілгіштер сөйлейді» әдісі бойынша

Ойын шарты: әр топқа ілгіштерге ілінген 3 сан беріледі. Сол сандардан топпен бірге көбейтінді және бөлінді амалдарын А4 параққа орындап, 1 оқушы тақтаға шығып қорғайды.

Көбейту мен бөлуге байланысты теңдіктер құрастырады.

Ережені еске түсіреді


Логикалық тапсырмалар

1.Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті бесеуі.

Ізінше оның жұлынып

Түсті тағы біреуі.

Тұр әлі ілініп

Жапырақтың нешеуі?(4)

Аулада бес үйрек,

Қорада төрт үйрек.

Бір үйрек тығылды

Екі үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек?(6)

3. Математикалық диктант (1 деңгей):

А) 67-дың алдындағы және 67-ден кейінгі санды жаз;

Ә) Бірінші қосылғыш-3, екінші қосылғыш-10, қосындының мәні  неше?

Б) 4 және 5 сандарын пайдаланып екі таңбалы сандар жаз;

В) Бірліктері 2 болатын сандар жаз;

Г) 4-ке неше қосқанда 10 болады?





Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Ұ.Ж. Белсенді оқу «Ойлан тап!» әдісі (жаңа материалды түсіну)

А) Алма бағында әр қатарда 9-дан 3 қатар алма ағашы, отырғызылған. Бақта неше алма ағашы бар?

Ә) Әлия ағаштан 15 алма үзіп алды, оны әр себетке 5-тен бөліп салды. Әлияда неше себет алма болды?

Б) 21 алма 3 себеттің әрқайсысына теңдей бөлініп салынды. Бір себетте неше алмадан болады?

 К/Б:оқушылар сурет бойынша өрнек құрастырады, мәнін түсіндіреді.

3*7=21 21: 7=3 7*3=21 21: 3=7

Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар. Көбейту амалын бөлумен, бөлу амалын көбейту амалымен тексереміз деген қорытынды шығарады.

 Қ.б.: Өте жақсы! Керемет!


  Ж.Ж: Тапсырманы саралау . «Сандарды ата» әдісі (алған жаңа білімдерін есептеуде қолдану) 

Нұсқау: 3-ке бөлінетін сандарды есіңе түсір

Тапсырма: 3-ке бөлінетін 30-ға дейінгі барлық сандарды ата, жұп сандар бар ма?3, 6, 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30
КБ. әр бір дұрыс жауапқа алма беріп отырамын

Дескриптор:  3-ке бөлінетін 30-ға дейінгі барлық сандарды атай алады.

Жұп сандарды табады.




Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Дәптермен жұмыс.

3 есепте.

2*3=6 24/3=8 27/3=9 7*2=14

15/3=5 10/2=5 5*3=15 18/3=6

14/2=7 5*2=10 21/3=9 6/3=2

12/3=4 4*3=12 7*3=21 18/2=9



Оқулық,


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

Сырым эстафеталық жарыста әр жүгірген сайын 3 доптан әкеледі. Егер ол 4,5,6,9 рет жүгірсе, онда неше доп әкеледі?

Дескриптор:

Логикалық есептерді шығарады

Есепке сай амалды қолданып өрнекті шығарады

Тақтаға шығып қорғай алады


Деңгейлік тапсырмалар:

С деңгей. Көбейтуге байланысты жұмысын орындайды.

В деңгей:Өрнектер құрып мәнін табады, бір-бірін бағалайды.

А деңгей:зерттеу өзгешелігі бар тапсырма:

Ұзындығы \3*а\ см кесінді сыз, мұндағы а=2,3,4

Асқар 1 дәптер үшін200 тг төледі.Кәрім осындай 3 дәптер үшін неше теңге төледі.


А3, маркер

Бағалау


5 минут



Кері байланыс

3 минут

Ақылды үкі» кері байланыс

Жасыл түсті үкі- түсіндім

Сары түсті үкі - сұрақтарым бар

Қызыл түсті үкі - түсінбедім


Әр оқушы ақылды үкінің түстеріне сай сабақтан алған әсерлерінің тұсына қыстырғышты іледі


Үйге тапсырма: оқулықта қалған тапсырманы аяқтау.

Саралау

Деңгейлік тапсырмалар:

С деңгей. Көбейтуге байланысты тест жұмысын орындайды.

В деңгей:Өрнектер құрып мәнін табады, бір-бірін бағалайды.

А деңгей:зерттеу өзгешелігі бар тапсырма:

Ұзындығы \3*а\ см кесінді сыз, мұндағы а=2,3,4

Асқар 1 дәптер үшін200 тг төледі.Кәрім осындай 3 дәптер үшін неше теңге төледі.


Бағалау

Бағалау кезінде оқушылар орындаған жұп және тақ сандарды ажырата алуы мен 3 санын көбейту амалдарын шығара алатындығына басымдық бердім. Сабақтың жиынтық бағасы бағалау критерилерді дескриптор бойынша бағаладым.Оқушылар бір-бірін ойын доп арқылы бағаланды


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі