400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

3 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен тест тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу пәнінен олимпиадалық тест тапсырмалары 3 сыныпқа арналған немесе 4 сыныптың 1 тоқсанында қолдаруға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олимпиада тапсырмалары. 4- сынып

Оқушының аты-жөні:________________________________________________________


І-нұсқа

1. «Дала сұңқары қиырға қарайды» әңгімесінің басты кейіпкері кім?

а) Қаныш Сәтпаев

в) Ыбырай Алтынсарин

с) Шоқан Уәлиханов

д) Абай Құнанбайұлы

2. Суреттелетін затты шамадан тыс асырып айту тәсілі.

а) аллитерация

в) кейіптеу 

с) әсірелеу 

д) суреттеу 

3. Бұл тұжырымдардың қайсысы қате? 

а) Қадыр Мырза Әли геолог.

в) Тұманбай Молдағалиев ақын.

с) Қаныш Сәтпаев - геолог.

д) Бердібек Соқпақбаев жазушы.

4) «Қарлығаш әулие» атанған би?

а) Бала би

в) Төле би

с) Қазыбек би

д)Әйтеке би

5. Ұстазы жақсының  ... жақсы.

а) білімі 

в) өнері  

с) ақылы  

д) ұстамы

6) Шығармадағы оқиғалар тізбегі қалай аталады?

а) сюжет 

в) картина   

с) баяндама

д) пейзаж

7. «Пулеметші батыр қыз» өлеңінің басты кейіпкері кім?  

а) Әлия Молдағұлова

в) Мәншүк Мәметова

с) Хиуаз Доспанова

д) Шара Жиенқұлова

8. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?

а) Ы. Алтынсарин 

в) Т. Жароков   

с) С. Бегалин 

д) М.Мақатаев

9. Өмірде болған адам туралы айтылған шығарманы белгіле.

а) аңыз

в) ертегі 

с) шешендік сөз 

д) мысал

10. «Қанжарменен қармасып,

Семсерменен серместі.

Сөйтіп ойын ойнасты», деген жолдары бар жыр қалай аталады?

а) Төрт түлік жыры

в) Наурыз жыры

с) Батырлар жыры

д) Бесік жыры

11. «Осы жұмыс ырғағы,

Білезік пен алқаны.

Сақинаны, сырғаны

Күміс сымнан тартады» деп келетін өлең жолдапында қандай өнер туралы айтылған?

а) Ән өнері  

в) Би өнері 

с) Зергерлік өнер

д) Сәулет өнері

12. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл құралы» еңбектерінің авторы кім?

а) Ш.Құдайбердиев

в) А.Байтұрсынұлы

с) М. Дулатов

д) Ж. Аймайытов

13. «Ақын, аудармашы. Құлагер шығармасын жазған» деген жолдар кімге қатысты айтылған?
а) Б.Майлин

в) І.Жансүгіров

с) А. Байтұрсынұлы
д)
С. Торайғыров
14. «Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, өзіме ұқсайды». Кім туралы?

а) А. Байтұрсынұлы 

в) Ө.Тұрманжанов   

с) С. Бегалин 

д) Б.Соқпақбаев

15. «Өлең жолдарындағы бірыңғай дауыссыз дыбыстардың ерекше мәнермен үйлесімді қайталануы» қалай аталады?
а) аллитерация

в) кейіптеу 

с) әсірелеу 

д) эпитет 

                     

«Туған жер – алтын бесігім» тақырыбында осы сұраққа қатысты өз көзқарасыңызды тұжырымдап, эссе жазыңыз (60-70 сөз) – 5 балл.













Олимпиада тапсырмалары. 4- сынып


Оқушының аты-жөні: _________________________________________________________

ІІ-нұсқа

1. Қиял ғажайып ертегіге қайсысы жатады?

а) Бидай мен Қаңбақ  

в) Шегіртке мен Құмырсқа 

с) Арыстан мен Түлкі 

д) Ғажайып бақ

2. Өз пікірің, ойың жазылған шағын әдеби шығарма. 
а) Мазмұндама
в)
Әңгіме
с)
Эссе 
д)
Шығарма

3. «Көпті көрген қарт» сөзінің мағынасы қандай?
а) дана қария   

в) көп саяхаттаған адам 

с) көз жанары жақсы көретін адам 

д) болашақты болжай алатын адам
4. «Адал болсаң досың жақын, Еркелейтін немерең жақын» деген шешендік сөзді айтқан кім?

а) Бала би

в) Төле би

с) Қазыбек би

д)Әйтеке би

5.Тақырып дегеніміз не?
а) жазушының шығармасындағы негізгі ойы

в) әдеби туындылар
с) шығарма
д) өлең

6. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинау....
а) анықтама

в) баяндама
с)
сауалнама

д) өмірбаян

7. «Батырдың мінезі» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
а) Т. Жароков  

в) Б. Момышұлы 

с) Т.Әубәкіров 

д) Қажымұқан  
8. Төле бидің нақыл сөзін аяқта «Халқыңа адал бол, жайыңа қатал бол....»
а)
ұзатылған қыз  

в) еритін мұз 

с) артта қалған із 

д) досыңа адал бол
9. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қой:

«Көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол ... ... болады».

а) Ән өнері  

в) Би өнері 

с) Сөз өнері

д) Сәулет өнері


10. «Қазақтың ұлы ақыны, аудармашы. Жалпы саны 45 қарасөзі бар» деген жолдар кімге қатысты айтылған?
а) Ы. Алтынсарин

в) А. Құнанбайұлы 

с) А. Байтұрсынұлы
д)
С. Торайғыров

11. Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мыңқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. бұл үзінді  қай өлеңнен алынған?

а) А.Құнанбайұлы  «Қыс»

в) С. Сейфулин  «Қызыл шұнақ» 
с) Б. Үсенбаев «Менің туым»  
д) К. Салықов «Астана- Азияның ару қызы» 
е) Б. Үсенбаев «Аяз ата»

12. «Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы?
а) А. Байтұрсынұлы 

в) Б. Момышұлы   

с) Д. Қасенов  

д) А. Жақсыбаев 

13. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» қай шығарманы есіңе түсіреді?
а) Ғылымға көңіл бөлсеңіз

в) Өнер білім бар жұрттар

с) Оқуға шақыру  

д) Күн шыққанда 

14. Батырлық, қаһармандық, ерлік істер мадақталатын халық шығармасын ата.
а) Бесік жыры 

в) Өтірік өлең

с) Батырлар жыры    

д) Бата
15.  «Табиғат құбылыстарын адам кейпіне келтіріп суреттеу» қалай аталады?
А) аллитерация

в) кейіптеу 

с) әсірелеу 

д) суреттеу  


«Болашақта кім болам деп армандайсың?» осы сұраққа қатысты өз көзқарасыңызды тұжырымдап, эссе жазыңыз (60-70 сөз) – 5 балл.













Тест кілті

І-нұсқа

1.с 2.с 3.а 4.в 5.д 6.а 7.в 8.д 9.а 10.с 11.с 12.в 13.в 14.д 15.а

ІІ-нұсқа

1.д 2с 3.а 4.с 5.а 6.с 7.в 8.д 9.с 10.в 11.а 12.в 13.а 14.с 15.в

 

 

Эссе

Шығармадағы автор идеясын анықтайды

1

Мәтіннен дәлел келтіреді

1

Асан қайғының жерге айтқан сынын сараптайды

1

Өз көзқарасын білдіреді

1

Жазба жұмысын жазады

1


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
02.12.2024
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі