Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Т
– ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп,
сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге
талаптанып, тыныштықты орнатып,
тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді
татулықпен өткізейік.
Тыныштық
сәті.
«Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді
түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды
айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп
көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан
баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем
гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр
сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.
Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді
істейді және баршаға көмектеседі. Нұр
аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық
жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан
әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды
құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана
естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз
тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты
ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей
нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі,
сәулелі ой келеді.
Нұр
бірте - бірте қарқындап және шұғылана
бастайды, сіздің денеңіз ден шығып,
жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағытта
ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың
да жүрегі нұрға толсын.
Осы
нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,
жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі
жанға таралсын... Ғаламның барлық
түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің
ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай
Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз...
Енді
осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.
Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен
көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Үйге
тапсырманы тексеру.
1.
№33
– сабақ.Сөйлемдерді
жалғастырып жазыңдар.
Мені
жақсы көретін адам – ол ................
Менің
жақсы қасиетім – ол ...............
Менің
жақсы көретін сөзім – ол ...............
Менің
жақсы көретін ойыным – ол ................
Менің
жақсы көретін ісім – ол ....................
Менің
мақсатым - .................
Менің
арманым – ол .....................
2.
Келесі сабақ. №34, «Ең
құнды не ұлым?» өлеңін оқып
келу.
Сұрақтар:
1.
Өнер – білім неліктен тозбайды?
2.
Өз парызыңды қалай түсінесің?
3.
Әдептілік дегеніміз не?
4.
Туған жер, Отан неліктен қымбат?
|
|
Оқиға
айту (Мұғалім сыйы).
Саудагер
мен ғалым
Кемеде
саудагер мен ғалым жүзіп келеді.
Саудагер өзімен бірге көп тауар
әкеледі, ал ғалымның ешнәрсесі болмады.
Дауыл тұрып, кеме апатқа ұшырайды.
Екеуі бір томарға жабысып, жағаға
шығады.
Саудагер
ғалымның мұңайған түрін көріп:
-
Байлығымды жоғалтқан мен, ал сенің
бар байлығың өзіңде, - дейді.
Сұрақтар:
1.
Өсиет әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
2.
Шынайы байлықтың мәні неде?
3.
Өмірде қандай адамдарға еліктеп,
ұқсауға тырысуымыз керек екен?
4.
Өздерің өмірде қандай байлық жинауға
тырысып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
|
|
5.
Топпен ән айту.
Бала
тілегі
Сөзін
жазған С. Молдасаұлы
Әнін
жазған Ф. Лұқпанова
Бал-балалық,
балдырған шақ сан арман,
Барлық
бала армандауға жаралған.
Кел,
достарым, өндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін
деп атамекен қара орман. (2рет)
Болашақтың
иесіміз бәріміз,
Туған
жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын
бесік - ұлан-байтақ елімде,
Жарқын
болсын шырқап айтар әніміз.
(2рет)
Қалықтаған
көгершіні көгінде,
Мұңаймасын
ешбір бала елімде.
Ата
берген батаменен көркейсін,
Ұлы
Отаным, тілегім сол менің де. (2рет)
|
|
7.
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс
алуға зейін қою.
Баяу
музыка қойылады.
Мұғалім:
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай,
түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс
алуға зейін қойған кезде, біздің
ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту
кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз.
Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне,
дайындалайық, балалар. Көзімізді
жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д
е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10
рет)немесе1..................2 [3].
Рахмет!
Бүгінгі
сабақтан игерген жақсы қасиеттерді
есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|