400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

3-сынып Болымды және болымсыз етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып қазақ тілі пәні бойынша Болымды және болымсыз етістік тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары________Коптлеуова А.Ы.


Білім беру ұйымның атауы

№273

Бөлім

Атақты тұлғалар

Педагогтің аты-жөні

Құлпыбаева А.

Күні:

19.02.2026ж

Сынып: 3 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Болымды және болымсыз етістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақтың мақсаты


Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын табады. Болымды, болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдайды.

Құндылық:

Ай құндылығы: жасампаздық және жаңашылдық

Апталық дәйексөзі: «Өнерлі өрен-елдің тірегі»


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.


II. Үй тапсырмасын сұрау

33-жаттығу

Сызба бойынша сипаттау мәтінін құрап жаз.


III. Өткен сабақты бекіту

«Сұрақ-жауап» әдісі

1. Болымды етістік дегеніміз не?

2. Болымсыз етістік дегеніміз не?

3. Болымсыз етістік қалай жасалады?

4. «Бар» болымсыз етістікке айналдыр.

5. «Келме» болымды етістікке айналдыр.

Жеке тапсырма

Етістіктерді екі топқа бөліп жаз.

Сөздер: барды, бармады, оқыды, оқымады, жазды, жазбады, келді, келмеді, ойнады, ойнамады.

Болымды етістік

Болымсыз етістік






Өлеңді хормен айтады.






Үй тапсырмасын тексертеді.




Сұрақтарға ауызша жауап береді





Жеке тапсырма орындайды








Дескриптор:

- Сипаттау мәтінін құрап жазады – 1балл



Әр дұрыс жауапқа -1балл





Тапсырманы дұрыс орындаған балаға-1балл


презентация







Оқулық











тапсырмалар

Сабақтың ортасы

31 мин



IV. Жаңа сабақ

1. Оқулықпен жұмыс

36-жаттығу

Ребусты шеш. Ол кісі туралы не білетініңді айт.

2. Мәтінмен жұмыс

37-жаттығу

Мәтінді оқы.


Мәтін кім туралы?

Төле бидің кім екенін айт.

Ол билікке неше жасынан бастап араласты?

Төле би кімнің кеңесшісі болды?

Төле бидің қандай нақыл сөздерін білесің?

Төле би хан болды ма?

Мәтіннен тірек сөздерді тауып көр.


3. Дәптермен жұмыс.

А) Күннің реті

Ә) Көркем жазу

Тірек сөздер: Төле би, шешен, қоғам қайраткері, ұлы жүз, сауатты, әз Тәуке, кеңесші.



Ребусты шешіп, Төле би туралы білетінін айтады.








Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен тірек сөздерді табады.


А деңгейлі,

В деңгейлі,

С деңгейлі балалардан сұралады.





Тірек сөздерді көркем жазады.


Ребусты шешеді-1балл

Төле би туралы білетінін айтады-1балл






Мәтінді оқиды-1балл. Сұраққа жауап береді-1балл

Тірек сөздерді табады-1балл











Дескриптор: тірек сөздерді қатесіз, көркем жазады-1балл


Оқулық, презентация



4. Дәптермен жұмыс

38-жаттығу

Батаны жатқа жаз.

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!


1. Сөйлем мүшелеріне талдау.

Бір үйдің баласы болма.

2. Сөз құрамына талдау.

Санасы, қолдың


Қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықта.


ЕББҚ

1-тапсырма. Болымды етістіктерді көшіріп жаз.



Батаны жатқа жазады, қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтайды.





Жұмыс дәптеріндегі жеке тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

Батаны жатқа жазады-1балл, қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтайды-1балл


Сөйлем мүшелеріне талдайды-1балл

Сөз құрамына талдайды-1балл

Оқулық, дәптер


Сергіту сәті

Сергіту сәтін орындайды




5. Топтық жұмыс

1-топ

Тиінге жаңғақ жинауға көмектес

2-топ

Араларға бал жинауға көмектес.

3-топ

Қоянға сәбіз жинауға көмектес.

6. Жұптық жұмыс

Болымды етістіктерді жұрнақтарымен қосып, болымсыз етістікке айналдыр.

Топтық тапсырма орындайды.




Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырады.

Топтық тапсырмаға қатысқан оқушыларға-1баллдан



Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырады-1балл

тапсырмалар

Сабақтың соңы

6 мин


V. Жаңа сабақты бекіту

Жеке тапсырма

1-тапсырма

Төле бидің шешендік сөзін оқы. Болымсыз етістіктерді теріп жаз. Осы сөздерді болымды етістікке айналдырып жаз.

2-тапсырма

Болымды етістіктерді жасыл түспен, болымсыз етістіктерді сары түспен боя.


VI. Қорытындылау

Кері байланыс

Сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақтан нені үйренгендері сұралады.


VII. Бағалау

Балалардың алған баллдары айтылады.


VIII. Үйге тапсырма

3 болымды етістікке, 3болымсыз етістікке сөйлем құрау.





Тапсырма орындайды







Кері байланыс жасайды.






Оқу тапсырмасын жазып алады














Сабаққа белсене қатысқан оқушылар ауызша бағаланады.

тапсырмалар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі