Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

3 сынып дүниетану сабағы "Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
дүниетану сабағынан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың жоспар

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/Дата/ Date:25.11.15

Сынып/Класс/Class: 3 «А»

Пән/ Предмет/ Subject: дүниетану

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ The theme of the lesson: математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives:

білімділік / образовательная/ educational: Оқушыларға математиканы пайдалану арқылы табиғатты қалай зерделеу керек екені туралы түсінік беру.

дамытушылық/ развивающая/ developing: Ой өрісін, қабілетін тілін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: адамгершілікке тәрбиелеу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: жаңа сабақ

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: аралас сабақ

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: плакат,суреттер

Әдебиет\Литература\Literature:

  1. дүниетану оқулық

  2. бастауыш сынып журналы

  3. www. Google. kz



Сабақтың барысы/ Ход урока/

Ұйымдастыру кезеңі:

-Қайырлы таң, оқушылар! Көңіл - күйлерің қалай? Бүгінгі ауа - райы қандай? Бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр, сондықтан өзімізді оқушыға тән ұстайық. Сабаққа белсенді қатысып отырыңдар! Егер тапсымаларды жақсы орындап, өздеріңді жақсы жақтарыңнан көрсетсеңдер, мен сендерге мынадай жетондар беремін. Сендер білесіңдер, иә, өз сыныбымыздың ережесі бар. Соны еске түсірейік. Егер сендер бұл ережені бұзатын болсаңдар, сабақ соңында бағаларыңды төмендетіп қоямын, келістік пе?

Ережелер:

  • Тыныштық сақтау;

  • Бір-бірін тыңдау

  • Бір-бірін құрметтеу

  • Сұраққа толық, ұтымды жауап беру;

Психологиялық дайындық
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем әдемі.
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.
Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берген тақырыпты мазмұндау.
Жаңа сабақ

Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу

  1. Кітаптағы мәтінді тізбектеп оқу, мазмұндау

Бақылау құралының негізі –көз. Көз арқылы табиғаттағы құбылыстарды, күннің батуын, гүлдің ашылуымен мен жабылуын бақылайды. Құм, гүл, су сағаттарын ойлап тапты.Уақыт бірліктерін еске түсірейік: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай , жыл, ғасыр.

1мин-60сек 1апта-7күн 1 ғасыр-100 жыл

1сағ-60 мин 1ай-30,31 күн

1тәулік-24 сағ 1 жыл-12 ай

Жаңа мәлімет

Математика пәні бізге әр уақытта қажет біз күнделікті өмірімізде математика арқылы көп нәрсені анықтаймыз.

Мысалы: сағат пен күнтізбелер адамдардың уақытты анықтауына көмектеседі. Мектептегі сабаққа кешікпеу үшін сен сағатыңа қарап, үйден ертерек шығасың. Егер сенің сабақтан кейін спорттық жаттығуларың болса, сен тағы да сағатыңа қарайсың.

Күнтізбеде уақыт апта және ай бойынша бөлінген. Күнтізбе бойынша сен жыл мезгілдерін қадағалап, қазір қай ай, қай күн, нешінші апта екенін білесің.



Ұзындық өлшемдері: километр, метр, дециметр, сантиметр, миллиметр.

Ұзындық өлшемдері арқылы әр түрлі заттардың ұзындығын, ауыл мен қалалар арасын, үйлердің, таулардың биіктіктерін тағы басқаларды өлшеуге болады.

1км = 1000м, 1м = 100см, 1дм = 10см, 1см = 10мм

Сызғыш пен өлшеуіш әртүрлі заттардың биіктігін, ұзындығын, енін дәл өлшеуге көмектеседі. Егер саған зертханалық жұмыс жасауға ұзындығы бірдей бірнеше қағаз жолақтары керек болса, сен сызғышты пайдаланасын.


Біз «жылы», салқын дегенде температураның өзгергені туралы айтамыз. Адам, өсімдік, жануарлар тіршілігі үшін ауа, су және топырақ температурасының маңызы зор. Қыста ауа, су және топырақтың температурасы төмендегенде өсімдіктердің өсуі тоқтайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көптеген жануарлар қысқы ұйқыға жатады. Қысқы суықтан қорғануға жануарларға ненің пайдасы тиеді.

Адамдар әр түрлі температураға қарай киінеді. Қыста олар үйлерін жылытады. Температураны өлшеу үшін арнаулы құрал – термометрді пайдаланады. Адам денесінің, ауа, су және топырақтың температурасын әр түрлі термометрмен өлшейді.


Ө лшеу құралдардың атын жаз::

  1. _______________________________

  2. _______________________________

  3. _______________________________

  4. _______________________________

Тағы қандай өлшеуіш құралдарын білесіңдер? Жаз.

Сергіту сәті
Жаңа білімді бекіту : Оқулық бойынша 57-59 бет оқу, сұрақтарға жауап беру.

59 беттегі суреттер бойынша жұмыс:

1.Суретке қара. Өлшеу аспаптарын адамдар қайда пайданылатынын түсіндір.

2.Суретті пайдаланып бұл аспаптар қайда қолданылатының анықтаңдар.

3.Егер адамның математикадан білімі болмаса, ол адам тәжірбие жүргізе ала ма?

Қорытынды: Сонымен, бүгін біз сабақта нені білдік? Не үйрендік?

Секундомер қайда қолданылады?

Термометр қайда қолданылады?

Тұсбағдар қайда қолданылады?

Үйге тапсырма: 57-59 бет оқу әңгімелеу

Бағалау: сендерді сабақ барсысында алған жетондар бойынша бағалаймын. Сабақ аяқталды сау болныздар!



Сынып жетекшісі

Әдіскер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12