жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
3 сынып, III тоқсандық жиынтық бағалау
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес сыныптары үшін) пәні бойынша бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4 сыныптар
III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 16
Айтылым бөлек тексеріледі
Тыңдалым -10 минут
Оқылым - 15 минут
Жазылым - 15 минут
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ |
Ортақ тақырып |
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Оқу мақсаты |
Тапсырманың сипаттамасы |
Тапсырма саны |
Жалпы балл |
1 |
Атақты тұлғалар Өнер |
Тыңдалым |
3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну |
Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды. |
1 |
4 |
2 |
Айтылым |
3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. |
1 |
4 |
|
3 |
Оқылым |
3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату,баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс- әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру |
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. |
1 |
4 |
|
4 |
Жазылым |
3.4.2.1 Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу |
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. |
1 |
4 |
|
Барлығы |
4 |
16 |
||||
3- сынып «Қазақ тілі» пәнінен III тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Домбыра - қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. Домбырамен қазақ халқы күй шертеді. Домбыраны тұтас ағаштан ойып немесе ағаштардан құрап жасайды. Домбыраның екі ішекті, үш ішекті деген түрлері бар. Ал балаларға арналған домбыраны шіңкілдек домбыра деп айтады. Домбырада ойнау үшін сол қолмен пернелерді басу керек. Ал оң қолмен ішектерді шерту керек.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін дұрыс (+). сөйлемді белгіле.
Домбырамен қазақ халқы күй шертеді. |
|
Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы. |
|
Балаларға арналған домбыраны шіңкілдек домбыра деп айтады. |
|
Сол қолмен ішектерді шерту керек. |
|
Домбыраны тұтас ағаштан ойып жасайды. |
|
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
Домбыраны тұтас ағаштан ойып жасайды. |
1 |
Әр дұрыс белгілеуге 1 балл қойылады. |
Балаларға арналған домбыраны шіңкілдек домбыра деп айтады. |
1 |
||
Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы. |
1 |
||
Домбырамен қазақ халқы күй шертеді. |
1 |
||
Барлығы |
4 |
|
|
Айтылым
Жұптық жұмыс
«Өнерлі отбасы » тақырыбында диалог құрастыр. (3-4 сөйлем.) Жұбынның жауабын толықтыр, тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: домбыра тарту, қобыз, баян, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар, ұлттық аспап, саз балшықтан, ағаштан, ән, күй, концерт, жақсы көреді.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
2 |
Білім алушының ықтимал жауабы: Анар, сенің отбасың өнерлі ме? Иә, менің отбасым өнерлі . Әкең не істеуді жақсы көреді? Ол қазақ халқының ұлттық аспабы-домбыра тартуды жақсы көреді. Сен не істеуді жақсы көресің? Мен қобызбен күй ойнағанды жақсы көремін. Тақырыпқа сәйкес болатын баламалы диалог қабылданады. |
1 |
Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды Сұрақтарға лайықты жауап береді. |
1 |
жұбының ойын толықтырады |
||
1 |
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды |
||
1 |
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. |
||
Барлығы |
4 |
|
|
Оқылым
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Дина Нұрпейісова –қазақтың күйшісі. Дина талантты қыз. Атақты күйші Құрманғазы –Динаның ұстазы. Ол Динаға батасын берді. Динаға күй шертуді үйретті. Дина 9 жасында Дәулеткерей күйшінің шығармаларын орындаған. Дина дарынды композитор.
Мәтіннің жанрын анықтап, белгіле (V).
|
||
мақал – мәтел |
бата |
әңгіме
|
[1]
Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Белгіле (V) |
||
Сипаттау
|
әңгімелеу |
пайымдау |
[1]
Мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастырып, жауап жаз.
1-сұрақ______________________________________________________________________
2-сұрақ______________________________________________________________________
[1]
1-жауап_______________________________________________________________________
2-жауап_______________________________________________________________________
[1]
Балл қою кестесі
Тапсырма № |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
1 |
әңгіме |
1 |
|
әңгімелеу |
1 |
||
Дина Нұрпейісова кім? Динаның ұстазы кім? / Білім алушының ықтимал жауабы ескеріледі |
1 |
Мәтіннің мазмұны бойынша баламалы сұрақтар қабылданады. |
|
Екі дұрыс жауапқа 1 балл |
1 |
||
Барлығы |
4 |
|
|
Жазылым
Бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады
Тірек сөздер: тартады, жақсы көреді, ән айтады, би билейді,сурет салады.
[4]
Балл қою кестесі
-
Тапсыр ма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
4
Бұл менің – отбасым. Әкем домбыра тартуды жақсы көреді. Анам ән айтуды жақсы көреді. Інім би билеуді жақсы көреді. Әлібек сурет салуды жақсы көреді.
Білім алушының ықтимал жауабы ескеріледі.
1
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, мазмұнын жүйелі жазады.
1
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
1
Тірек сөздерді орынды қолданады.
1
Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес).
Барлығы
4
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Толығырақ: https://alashainasy.kz/culture/dina-nurpeysova-turalyi-10-derek-74635/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген