400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

3 сынып, Кітап - білім көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Күні:

№: 6

Мұғалімі:

Сыныбы: 3

Тақырыбы: Кітап – білім көзі.

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттері: қайырымдылық, қамқорлық, мейірімділік, еңбекқорлық.


Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: оқушыларға кітап білім көзі екендігі туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру арқылы еңбекқорлық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды мақсаткерлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқулық, «Мөлдір бұлақ» хрестоматиясы, стикер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл-күйге келу.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет), рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру.


«Қайнар» мәтіні.

Сұрақтар:

1. Имантай би балаларының кітап оқуын қалай тексеретін еді?

2. Атасы Қанышқа «Оқығаныңды көкейіңе тоқуың да керек» деп неліктен айтты?

3. Кітап оқу Қанышты қандай әсерге бөледі?

4. Кітар оқудың қандай пайдасы бар?

5. Өзің қандай кітап оқып жүрсің?

Сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Үш топқа түрлі-түсті дөңгелектер арқылы бөлінеді.













Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау.

3. Сабақтың дәйексөзі.

«Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған.

                                                                     Ы. Алтынсарин

Сұрақтар:

1. Білім адамға не үшін қажет?
2. Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Дәйексөзді көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау бірізділігімен талдау

4. Оқиға айту (әңгімелеу).

Қарқын

Қ.Толыбаев


Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да:

– Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің біреуі:

– Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не?

– Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы.

– Ал әрекет неден пайда болады?

– Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады.

Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.

  • Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?

  • Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер?Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?

  • Ойлаған мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?

  • Сендер өз қарқындарың мен мақсаттарыңды қандай істерге жұмсайсыңдар?


Пікір алмасады, сұрақтарға жауап береді.

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Білімділер»

2 – топ: «Алғырлар»

3 – топ: «Зеректілер»


Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар.
1. Оқу – білім …,
Білім – өмір …

2. Оқу… құдық қазғандай.
3. Білімдіге дүние …
Оқымасаң … жоқ.
4. Білекті … жығар,
Білімді … жығар.

Керекті сөздер: бұлағы, бірді, инемен, шырағы, жарық, мыңды, білім.

Топпен бірлесіп тапсырманы орындайды.

6. Топпен ән айту.

«Ұстазым» әні

Әліппеден басталған,

Келгенімді мектепке.

Ұстаз маған жол ашқан,

Оқу, білім, өнерге.

Асығамын мектепке,

Көңілім бар қуанған.

Бақыттымын бүгін мен,

Ұстазыма ұқсаған.


Қайырмасы:

Ұстазым ағайым, ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анамдай, әкемдей ұстазым, ұстазым

Өзіңе арналған осы

Бәрі бірігіп әнді ерекше көңілмен айтады.

7 . Үй тапсырмасы.

№7, «Кел, балалар оқылық!» өлеңін оқып келу, 30 бет

Үй тапсырмасын жазып алады.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Осы сабақта айтылған барлық  жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға стикерге жазып тілек ағашына ілейік.

Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!

Сабаққа қатысқаны үшін алғыс айту






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі