15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
3 сынып Математика. "Аудан дегеніміз не?"
Математика
Сабақ тақырыбы: |
Аудан дегеніміз не? |
Мектеп: Шаған ЖОББМ |
|||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Муханова А.Т |
|||
СЫНЫП: 3 сынып |
Қатысқандар саны:20 |
Қатыспағандар саны: |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.3.3 ** ұзындық өлшем бірліктерін: мм, см, дм, м /масса өлшем бірліктерін: г, кг, ц, т/ (ыдыстың) көлем өлшем бірліктерін: л/ аудан өлшем бірліктерін: см², дм², м², га салыстыру және шамалардың мәнімен арифметикалық амалдар орындау |
||||
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар: Ауданы бар нысандарды атау, ауданды өлшеу құралдар мен өлшемдер таңдау. Палеткамен өлшеу жүргізу. |
||||
Оқушылардың басым бөлігі: см2, дм2, м2 шама мәндерін салыстыру және олармен амалдар орындау. |
|||||
Кейбір оқушылар: Фигуралардың ауданын әртүрлі тәсілмен табады. |
|||||
Жетістік критерийлері |
Аудан
өлшем бірліктерінің арақатынасын
анықтайды |
||||
Тілдік мақсат |
Пəндік лексика жəне терминология. Аудан, ауданның өлшем бірліктері, ауданды өлшеу құралдары, палетка, см2, дм2, м2 шама мәндерін салыстыру. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Ауданды қандай өлшем бірліктерімен өлшейді? Ауданның өлшем бірліктерін өсу ретімен ата |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек және шығармашылық, достық. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Таныстырылым |
||||
Бастапқы білім |
Аудан туралы түсінік. |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Ынталандыру. Оқушылармен қандай маман иелері ауданды өлшейтіні жайында әңгімелесеу, күнделікті өмірде бұл білімді қалай пайдалануға болады. Білімді өзектендіру. 1-тапсырмаға берілген суреттерді қарап, қанша тақтатас кететінін санайды. |
|
|||
Сабақтың ортасы
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят). Өткен сабақта аудан түсінігімен, қалай және қандай бірліктермен өлшейтінін білдік. Бізге өткен сабақтағы материалдың қаншалықты жақсы меңгерілгенін түсінуіміз қажет. Өзіндік жұмыс. Оқушылар практикалық жұмыс орындайды. 2- (а) тапсырмада – тіктөртбұрышта (шаршыда) қанша қатар бар екенін, бір қатарда қанша торкөз барын, санап, тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы нешеге тең екенін анықтайды. 2-(ә) тапсырмада – тіктөртбұрышта (шаршыда) қанша баған бар екенін, бір бағанда қанша торкөз барын, санап, тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы нешеге тең екенін анықтайды. Оқушылар санаудың екі әдісінің нәтижесін салыстырады. 3-тапсырмада оқушылар шамалармен ұсынылған өрнектің мәнін есептейді. Шамаларды ауызша көбейту алгоритмін сақтай отырып, өрнектің қосындысы мен айырмасын, көбейту мен бөлуге берілген өрнектерге көбейту кестесі бойынша білімін пайдаланады. Қиындықтарды түзету. Тапсырманың дұрыстығын тексеру. – Кімде қиындықтар туындады? – Қай жерден қате жібердіңіз? – Жіберілген қатенің себебі неде? – Өзіндік
жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-
әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз. – Қиындық
туындаған оқушы жұмысының түпкі
мақсаты қандай? – Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз. – Әркім өзінің есебі жайында айтады. |
Оқулық, дәптер интерактивті қосымша. |
|||
Сабақтың соңы |
Рефлексия. - Сабақта қандай тапсырма басқаларынан қызығырақ болды? -Бүгінгі сабақта алған білім қай жерде қажетке асуы мүмкін? Үйге 7-тапсырма 59бет |
|
|||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техника сының сақталуы |
|||
Тапсырмаларды орындау барысында қиындық туындаған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі. |
Оқушылардың жұмыстары мен жауаптары арқылы бағалау |
Сергіту сәттерін өткізу |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген