400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

3 сынып. Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: оқушылардың зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру және сөз ішінде таба білуге үйрету.

Сабақтың міндеті:

Білімділігі: Зат есімнің мағынасы туралы жалпы

түсінік беру.Ол қандай да бір заттың , ұғымның атауы екенін

түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін,сөздік қорын,

дүниетанымын, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті

сөйлей білуге, жылдамдыққа және ұқыптылыққа, білімділікке, өжеттілікке тәрбиелеу.

Тәжірибелілігі: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сөзжұмбақ,ребус,кестелер, интерактивті тақта,слайд.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: парктикалық, сөздік,

түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланысы: Ана тілі, бейнелеу, математика, дүниетану

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Амандасу, оқушыларды түгелдеу

Сынып тазалығына мән беру

Оқушылардың құрал-жабдығын ретке келтіру, сабаққа зейінін аудару.


II. Үй тапсырмасын сұрау:

III.Жаңа сабақ:

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атаймыз. Зат есім Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұраққа жауап береді.

Мысалы:Менің анам-мұғалім (Кім?).Әдемі көжектер (Нелер?).Қызыл-сары көбелек( Не?).Қылықты қыздар (Кімдер?)

Сөзжұмбақ шешу:

Сергіту сәті:

1,2,3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз
Әсем етіп жазамыз

IV.Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу. Сөздерді оқып, кім?, не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Биік , ұқыпты, ұшқыш, алмұрт, күшті, қызғалдақ, әдемі, әкелді, қайшы, келді, суретші.

V.Дәптермен жұмыс:

«Кім шапшаң» ойыны:

2-жаттығу. Суреттегі бейнеленген заттардың атауларын жаз. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

3-жаттығу.Кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға теріп жаз.

Торғай, дәрігер, дала, оқушы, кеме, биші, өзен, зейнеткер.

VI.Тақтамен жұмыс.

Ребус шешу:

4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдердің астын сыз.

1.Азамат компьютерді үйренді. 2. Дариға домбыра тартады. 3. Айнұр ертең келеді. 4. Тамақ пісіп тұр. 5. Жаңа туған сәбиге Мағжан деп ат қойды.

VII.Ауызша талдау:

Суретпен жұмыс: Басы ай, гүл сөздерінен басталатын және кім?,не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазу.



5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

Бал арасының жыры


Баратыным –

Қыр.

Қонатыным-

Гүл.

Теретінім-

Нәр.

Беретінім –

Бал.

(М.Әлімбаев)

VIII. Сабақты бекіту: Зат есімді қатыстырып сурет бойынша әңгіме құра.




IX.Cабақты қорытындылау.

Жұмбақтың шешуін тап:


1. Матрос көйлек киген, 2. Табаныма байладым.

Африкада жүрген. Қос аяқпен айдадым. (шаңғы)

Құлан емес, жылқы емес,

Айтшы оны кім білген (зебра)


3. Тілі бетінде, 4. Шыр-шыр етеді,

Сөзі шетінде. (сағат) Құлағымнан өтеді

Ұстай алсам,

Сөйлеп кетеді (телофон)

5. Аяғы бар, басы бар

6. Иесі оның – сәби

Арқалаған тасы бар (тасбақа) Әрі төсек, әрі үй. (бесік)

7. Тиіп кетсе ән салған,

Даусына ел тамсанған (домбыра)



Венн диограммасы:


Shape1

Зат есім





Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің сұрақтары?

X. Үйге тапсырма:

Зат есімнің ережесін жаттау

«Менің отбасым » тақырыбында шағын эссе жазу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі