15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
3 сынып Қазақ тілі. Есептік және реттік сан есім
Қазақ тілі
|
Сабақ тақырыбы: |
Есептік және реттік сан есім |
Мектеп: Шаған ЖОББМ |
|||
|
Күні : |
11.03.19ж |
Мұғалімнің есімі: Муханова А.Т |
|||
|
СЫНЫП: 3 сынып |
Қатысқандар саны: 20 |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау |
||||
|
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап береді; есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтайды |
||||
|
Оқушылардың көбі: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын біледі |
|||||
|
Оқушылардың кейбірі: - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз ойыннегіздеп жауап береді есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын мысалдармен дәлелдейді |
|||||
|
Жетістік критерийлері |
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз ойын негіздеп жауап береді; есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын біледі |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек және шығармашылық, достық. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Таныстырылым |
||||
|
Бастапқы білім |
Сын есім туралы |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
Қызығушылықты ояту Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады), Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын ұстайды Мен үшін жоқ уағың (қолдарымен кіші дегенді көрсетеді), Бәріңе ортақ шуағым (екі қолдарын көтереді). Үй тапсырмасын тексеру |
|
|||
|
Сабақтың ортасы |
Өткенге шолу 1.Жақсы сөзге жан семіреді, Жаман сөзден жан қорқады. 2.Өнерлі бала сүйкімді. 3.Сабағы жаман жемістің, дәні де жаман. 4.Ақылды қария, ағып жатқан дария. Осы сөздердегі сын есімдер қайсысы? «Ой қозғау» Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді? 1.Зат есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді? 2.Етістік дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді? 3.Сын есім дегеніміз не, қандай сұраққа жауап береді? ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. -Екі көзің не үшін керек? -Жақсыларды көру үшін -Екі қолың не үшін керек? -Елге көмек беру үшін Балалар, өлеңде адамның қандай дене мүшелері туралы айтылған? -Қол мен көз туралы Олар жайлы не білесіңдер? Жаттығуда қандай сандарды кездестірдік? -Екі саны Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын танысады. Қазақ халқының санға байланысты қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер? -Бас екеу болмай, мал екеу болмайды. -Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. -Бір мылтықтың аузына, мың адам сияды. (Сан есім.Есептік және реттік сан есім туралы түсінік беру) Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Сс Сс Сс Сәлем-сөздің анасы. Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады. Әр аптада 7 тәулік бар. Ойын «Кім тапқыр?» Дауыстап мақалды оқимын, жоқ сөздің орнына керекті сан есімді оқушы тез тауып айту 1...............ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. (тоқсан) 2.............. теңгең болғанша, ......... досың болсын. 3..............кісінің түсін білгенше, ...кісінің атын біл. (жүз) 4 Білекті ............ жығады, білімді................. жығады. Топтық жұмыс. Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жазады. (Топта бағалау) Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт,жүз,қырық бес,бес,он бес,елу,он сегіз Сергіту сәті. Жұптық жұмыс.Саны бар сөздердің шешуін тауып, екі-үш сөйлем құрастыру.(Жұмыстарын бағалау) К+3+ік- 8+көз- Тү+1- Дер+5- дербес Жел+90- 1+қазан- 6+бақан- 9+құмалақ- 5+ ік- Жеке жұмыс Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз. Он-, жиырма-,екі-,бес-отыз бір-,елу-,үш-, жеті-, он бес-,алпыс- Үйге тапсырма |
|
|||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия. Оқушыларға сұрақтар қойылады: - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? - Сабақтан не үйрендіңдер? - Саған не ерекше қызықты болды? |
|
|||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсау - лық және қауіпсіздік техника- сының сақталуы |
|||
|
Тапсырмаларды орындау барысында қиындық туындаған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі. |
Оқушылардың жұмыстары мен жауаптары арқылы бағалау |
Сергіту сәттерін өткізу |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген