Материалдар / 3-сынып сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

3-сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып сабақ жоспары Ғасырлар даналығы 7сабақ өзін өзі тану пәні Оқушыларға көп оқу қажеттігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
878
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім: 1

Ғасырлар даналығы

Мұғалімнің Аты-жөні, тегі


Мерізімі:


Класс: 3 А

Оқушылар саны: 20

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №7

Оқу – менің еңбегім.



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары


Оқу оқушының басты еңбегі ретінде екендігін түсіндіру.

Құндылық


Ақиқат

Қасиеттер

Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.


Сабақтың мақсаты


Оқушыларға көп оқу қажеттігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері


  1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

















1. Жағымды көңіл күй (1-1,5 мин)


Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру:

Тәртіп.Талап.Тазалық

Татулық.Тыныштық

Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын.

Жағымды күйге келу. Жағымды күйге келу.

«Сиқырлы сөздер» ойыныМұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуыкерек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші »


Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
















Жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Презентация,

слайд












Волшебная Композиция - Хрустальная Грусть

https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc


2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


1. №6 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №7, «Кел, балалар оқылық!» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2. «Ықыласпен тоқу» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Сенің оқудағы мақсатың қандай?

Сұрақтарды оқып оқушылар жауап беріп жауаптарын айтып бікір білдіреді.





Оқулық,



3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

                                                                     Халық нақылы

Сұрақтар:

1. Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

2. Білімді адамның болашағы қалай болады деп ойлайсыңдар?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылар дәйексөздерді қайталап, дәптерлеріне жазып алады. Жаттап алуға болады.


Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Қарқын

Қ.Толыбаев


Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да:

Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің біреуі:

Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не?

Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы.

Ал әрекет неден пайда болады?

Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады.

Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.


  • Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?

  • Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер?Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?

  • Ойлаған мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?

  • Сендер өз қарқындарың мен мақсаттарыңды қандай істерге жұмсайсыңдар?


Оқушылар әңгімені тыңдады, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, шынайы ниеттерін білдіреді.

Оқулық


https://www.youtube.com/watch?v=3OhdtTaPf7Q

5. Шығармашылық жұмыс ( жеке)

(12-15 мин)


1 – топ: «Білім»

2 – топ: «Талап»

3 – топ: «Еңбек»

Тапсырма: Оқушылардың ата-бабалар сөзін тыңдап,жадында сақтап,өмірде қолдану қажеттігін түсіну мақсатында тапсырма беру: дәптерде берілген ақын М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазыңдар.

Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел ...
Оқуда зейінді бол,
Еңбекке ... бол,
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын ...
Оқығаның есте болсын,
Күнделігің ... толсын,
Шәкірт кезде
Шоқандардай ... бол,
Оқу – білім бейнетіне төзіп көр!


Оқушылар тапсырманы орындайды


Оқулық түрлі қағаздар

6. Үй тапсырмасы

(1-2 мин)

1. №7 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №8, «Бала Шоқан» мәтінін оқып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.

Оқулық


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)


«Ұстазым»әні

1.Әліппеден басталған,

Келгенімді мектепке.

Ұстаз маған жол ашқан,

Оқу ,білім,өнерге.

Асығамын мектепке,

Көңілім бар қуанған.

Бақыттымын бүгін мен,

Ұстазыма ұқсаған.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анамдай,әкемдей ұстазым,ұстазым

Өзіңе арналған осы

Бәріміз бірге ән шырқаймыз

https://www.youtube.com/watch?v=u17finA04JQ

8. Сабақтың қортынды сәті

(1 мин)

Ал енді өздеріңді еркін сезініп, бүгінгі сабақты ой елегінен өткізіңіздер. Сабақтың ең сәтті кезеңдерін жүректеріңізде сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Рахмет!

Оқушылар рефлексия жасайды.

Ф.Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы

https://zvooq.eu/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!