Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны -2018»
Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ
жігітінің бойындағы қасиеттерімен
таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау,
әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна
мәдениетін қалыптастыру,
дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер
нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
слайдтар
Барысы:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар,
оқушылар!Бүгінгі сыныбымызда өтілгелі отырған «Жігіт сұлтаны-2018»
байқауына қош келдіңіздер.Сіздерді балаларыңыздың бойындағы
қабілеттерін, ой –өрістерін,өнерлерін ,ата салтын сақтайтын
жігіттер екенін көрсете алатын қасиеттерін тамашалауға шақырамыз.
«жігіт сұлтаны-2018» сайысын жүргізу тізгінін кішкентай
жүргізушілерімізге беремін.
Жаннұр
Ассалаумағалейкум халқым
менің
Ассалаумағалейкум салты
елдің
Жаңғыртпақ «ата-баба» салтын
бүгін
«Қырағы жігіттері»
сыныбымның
Рауан:
Армысыз
ұстаздарым
Армысыз
құрдастарым
Қазақтың салт –дәстүрін
қадірлейтін
Үкілі жүргізуші қос
қыздарың
Жаннұр
Уа, халайық,
халайық,
Мұнда назар
салайық!
Ата жолын
жалғамақ
Ел дәстүрін
қолдамақ
Ел намысын
қорғамақ.
Ұлдар шықсын
ортаға,
Бүгін сұлтан
атанбақ!
Рауан
1)Біледі ол жақсы менен
жаманды
Өнерімен тамсандырған
адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға
Байсын атты жігіт болған
батырды
Жаннұр
2)
Жігіттің дара туған
ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Сом білек Қажымұқанның інісіндей
Келеді Нұрмұхаммед бір
кісідей
Рауан
3) Өнер қуған
жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Нұрбекжан
Көрінген күштің басынан
Жаннұр
4)
Сүрінбей сыннан өтем
деп
Мақсатыма жетем деп.
Сыныптың ерке
жігіті
Нұрхан балаң
келеді.
Рауан
5)Жарқырап ақ күмістей кең
маңдайлы
Нұрасыл балаңыздаң нұр
жайнайды.
Білімін таразыға салып
көрсен,
Бір тонна алтының да баса
алмайды.
Жаннұр
6)
. Ақынның тұяғымын
сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған
Намысын тізгініне байлап
келеді
Әбдірахмандай
жігітің
жарқылдаған
Рауан
Еңбек сүйгіш, таудай талап
бойында,
Барлық істі тыңдауы бар
ойында
Елдардайын жігітті қарсы
алайық
Қолпаштап өнеріне
тамсанайық.
Жаннұр
Сөз алдық алдыңызда қос
көгершін
Әділдікпен беретін өз
төресін
Сіздерді салтанатпен
таныстырам
«Әділ-қазы «шынайы біз
сенетін.
Рауан
Биология пәнінің мұғалімі
Жүсіпова Гулманат апай
«Мұрагер»ұлдар ұйымының
жетекшісі Әлсүгіров Рахымжан ағай
Мектеп тәлімгері Әбілдаева
Құндызай апай
Жаннұр
Қайсысы әнші, кім
биші,
Талабына
қарайық.
Кімдер зерек, кім
жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым
бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып
өтейін.
-
«Жеті атасын білген
ұл
Жеті рулы елді білер»- бөлімінде әрбір
қатысушы өзін –өзі
таныстырады.
-
«Жігітке жеті өнерде аз» -бөлімінде әрбір
қатысушы өз қолынан келетін өнерін
көрсетеді.
-
«Күш атасын танымас» бөлімінде қатысушылар
бір бірімен күш сынасады
-
«Мақал сөздің мәйегі» мақалдың жалғасын табу
керек
-
«Білімді мынды жығар» Ұяшық таңдай отырып
берілген сұраққа жауап
береді.
-
«Жаңбырменен жер
көгерер
Батаменен ел көгерер» бөлімінде әр қатысушы
бата айтып өтеді.
Рауан:
Сап түзеді жігіттің
сұлтандары,
Сыныптың менмін деген
ұландары.
Қоржыннан бір –бір асық алса
екен,
Сахнаға шығатұғын
тұмарлары.
(Ортада қатысушылар номерлерін
алады)
Жаннұр
Жеті атасын
білмейтін
Жетесіз ел
емеспіз.
Өзіңізді
жігіттер,
Таныстырып
өтіңіз!
1-кезеңіміз өзін өзі
таныстыруды бастаймыз.
1
номерлі..............................................
2-номерлі.............................................
3-номерлі
.............................................
4
номерлі..............................................
5-номерлі.............................................
6-номерлі
.............................................
7
номерлі..............................................
8-номерлі.............................................
Рауан:
Таныс болдық жігіттер
тегіменен
Туып өскен мекені,
еліменен.
Бәрі де ақын
көрініп,
Таныстырып кетті ғой төгіп
өлең.
Өнерің барда
жігіттер,
Тоқталып сірә,
іркілме.
Жұрт қарасын
қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып,
сайысымыздың «жігітке жеті өнер де аз» бөлімін
бастаймыз.
1
номерлі..............................................
2-номерлі.............................................
3-номерлі
.............................................
4
номерлі..............................................
5-номерлі.............................................
6-номерлі
.............................................
7
номерлі..............................................
Жаннұр:
Әй, ер жігіт, ер
жігіт,
Ей, өр жігіт, өр
жігіт.
Атыңа ерік бер,
жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып,
сайысымыздың «Күш атасын танымас» деп аталатын бөлімін
бастаймыз.
Рауан:
Сайысымыздың келесі түрі
«мақал сөздің мәйегі»
Қазақ шешен халық. Халықтың
шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің
міндеті.
Әр жігітке мақалдың басы
айтылады,жалғасын табу керек .
1.көп біл,аз
сөйле
2.Ашу дұшпан ,ақыл
дос
Ақылыңа ақыл
қос
3.Дені сау адам-дәулетті
адам.
4.өнерлі жігіт өрде
озар
Өнерсіз жігіт жер
соғар
5.тазалық- денсаулық
негізі
Денсаулық -байлық
негізі
6.Ағаш тамырымен
мықты
Адам достарымен
мықты
7.Таулы жер бұлақсыз
болмас
Сулы жер құрақсыз
болмас
8.Үлкен бастар,кіші
қостар
9.Батыр бір рет
өледі,
Қорқақ мың рет
өледі.
10.Білгенің –бір
тоғыз
Білмегенің тоқсан
тоғыз.
11. Оқу –білім
бұлағы,
(білім- өмір
шырағы.
12. Оқусыз білім жоқ
,
(білімсіз күнің
жоқ.)
13. Тіл тас жарады.
(Тас жармаса, Бас
жарады.)
14.Ананың
сүті—бал,
Баланың тілі —
бал.
15.Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
16.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды
жығар.
17. Білім – таусылмайтын
кен
.(Ақыл - тозбайтын тон)
18.Әдепті бала ата-анасын
мақтатар,
(Әдепсіз бала ата – анасын
қақсатар.)
19.Ананың сүті- бал,
(
Баланың тілі- бал.)
20.Қына тасқа бітеді,
(Білім басқа бітеді.)
Жаннұр:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап
бер
Келді кезек тапқырлықты
танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер
сүрінбей.
Жүлде сенде қуана
бер,күлімде-дей отырып «Білімді мыңды жығар» бөлімін
бастаймыз.
1
номерлі..............................................
2-номерлі.............................................
3-номерлі
.............................................
4
номерлі..............................................
5-номерлі.............................................
6-номерлі
.............................................
7
номерлі..............................................
Рауан:
Қазыбектей халқыңның данасы
бол
Қарабастай жұртыңның бабасы
бол,
Елін қорғап дұшпанға соққы
берген,
Үш жүздің Бөгенбайдай панасы
бол.
Деп қазақ бата берген
ұлдарына,
«Қазағым өсіп-өніп, көркейсін
!-деп
Қалдырған өсиетті де ,батаны
да-дей келе ендігі кезекті сайыскерлеріміздің бата беру өнеріне
берсек.
1
номерлі..............................................
2-номерлі.............................................
3-номерлі
.............................................
4
номерлі..............................................
5-номерлі.............................................
6-номерлі
.............................................
7
номерлі..............................................
Жаннұр:
Достарым, түсініңдер сөздің
нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысымызда аяқталып
келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға
берейік.