400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

3 сынып Табиғатпен үйлесім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге тәжірбие ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағы


Тексерілді:

Мектеп:№62гимназия Мерзiм:15.04.2019 №28

Тақырып: Табиғатпен үйлесім

Құндылық:Қиянат жасамау

Қасиеттер:мейірімділік,қамқорлық, үйлесімділік

Мұғалiм: Ушурова Р Сынып:3 «Ә»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға адам мен табиғат үйлесімінің маңыздылығын ұғындыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігі туралы білім бере отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушыларды табиғатқа аялы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларды үйлесімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

( сәлемдесу,түгендеу,5-Т ережесін сақтау)

Жағымды көңіл күй сыйлау

Топқа бірігу

  1. топ Гүлдер

  2. -топ Ағаштар

  3. Топ Жапырақтар

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Picture 10

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Обал» мәтінін сұрау.

1.Үйректің үркіп қашу себебі неде?

2.Балалар балапандарға қандай қатер тудырды?

3. «Обал болады »деген сөзді қалай түсінесіңдер?

4.Құстарды неліктен қорғау керек деп ойлайсыңдар?

5.Өзің құстарға қандай қамқорлық жасайсың?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз.

«Табиғат тал бесігің-аялай біл»

Нақыл сөз

Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Дәйексөзді бәрі бірігіп қыздар, ұлдар оқиды

.

4.Мұғалім сыйы. (Бейнебаян)

Табиғат-адамзатқа аманат

Бейнебаяннан қандай әсер алдыңыздар?

5.Шығармашылық жұмыс.

1-топ- Табиғатты аялайық тақырыбында постер қорғау

2-топ «Табиғат» тақырыбына бес жол өлең құрастырыңдар.

3-топ оқушылар қажетті сөздерді пайдалана отырып, табиғатты аялаудың ережесін құрады. Қажетті сөздер: жан-жануарлар, өсімдіктер, топырақ, су, бұлақ, аң-құстар, ұя, жұмыртқа, балапан, ағаш, өзен-көл, гүл, көк шөп.

6.Топпен ән айту.

Өлеңі: Бақытжан Ауданбаев

Сөзі: Нұрлан Еспанов

« Қос қарлығаш»

Бір күн келіп алмастырып бір түнді,

Көктем келіп айналамыз құлпырды.

Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,

Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш көктемде,

Сағындырып жеткенде,

Қандай сезім жетеледі,туған мекенге?

Тағып алап ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар.

Ерте өшкен үмітіңді,

Қайта жақтыңдар.

Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,

Қанатымен тілгілеген аспанын.

Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегім,

Ұя салса ауласына басқаның.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,

Тірліктерін туған жерге өңделген.

Әр бір адам туған жерін сүюді,

Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.

7.Үй тапсырмасы.

«Аппақ бала» әңгімесін оқып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті

Балалар «Табиғат тал бесігің аялай біл»деген нақыл сөз бекер айтылмаған.Қоршаған ортаға, табиғатқа қиянат жасамай қамқорлық танытайық.Сабақ аяқталды сау болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
1705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі