жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«3 сыныпқа арналған математика пәнінен таңдаулы курс бағдарламасы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп
«3 сыныпқа арналған
математика пәнінен
таңдаулы курс бағдарламасы»
Бағдарламалық үлгіні құрастырған
бастауыш сынып мұғалімі
Куспанова Алтынай Анубекқызы
2015 жыл
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді.Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысында Математика пәнінен таңдау курсы оқытылады. Бұл курс математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген.Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалып- тастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныптың 3-сыныптарына арналған Математика пәнінен арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріледі.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызы- ғушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиял- дауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәр- биелейді.
Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, мате- матикалық эстафеталар,сөзжұмбақтар шешу,қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Осы курсы әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Курста шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Әрбір тақырып соңында сол тақырыпқа сәйкес өзіндік және бақылау жұмысына арнайы жүктеме бөлінген. Берілетін өзіндік жұмыстар, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап,
өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады.Тақырыптың теориялық бөлімінде сы- ныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі. Курс пәнаралық байланыс негізінде технология, жара- тылыстану пәндерімен байланыстырыла оқытылады.
Негізгі бөлім:
Курстың мақсаты:
- мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау;
- оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллек- туалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
- оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызы- ғу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
- барынша баланың
өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайда-
лану.
- қоғамдық қарым - қатынасты
қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- оқушының логикалық ойлауын дұрыс қалыптастыруда матема- тикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;
- математикалық ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу;
-шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағды- ларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- натурал сан және оның қасиеттері, нөл саны;
- арифметикалық амалдардың мән-мағынасы;
- қосу-азайту және көбейту-бөлу өзара кері амалдар;
- есептегіш техника ретінде микрокалькулятордың мүмкіндігі;
- шамалар және оларды өлшеу;
- сандарды салыстыру және өрнектерді салыстырудың мән-мағынасы;
- математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретіндегі есептің ерекшеліктері мен мәнді белгілері;
- тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер;
- есепті шешудің алгебралық тәсілінің мән-мағынасы;
- сызықтар, бұрыштар мен көпбұрыштардың түрлері, олардың жазықтықта орналасу қалпы және көлемдік фигуралар;
- геометриялық фигуралардың нүктелердің жиыны болып табы- латындығы жайында білімі болу керек.
Сонымен қатар оқушылар өздерінің құрастырған шығармашы- лық жұмыстарын қорғау, тақырыпқа сай кері есептер құра білуі керек.
Күтілетін
нәтиже.
- жұмыстарын өз бетінше
жоспарлауға үйренеді
- орындау тәртібін
түсінеді
- мұғалімнің нұсқауын тыңдап, дұрыс орындауға
үйренеді
- өз жұмысына қорытынды жасауға
үйренеді
- тіл байлығы мен ойлау қабілеті
артады.
Таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы
|
р\с |
тараулар |
сағат саны |
оның ішінде
|
||
|
теориялық |
бақылау |
тест |
|||
|
1 |
«Біздің айналамыздағы сандар мен заттар» |
10 |
8 |
1 |
1 |
|
2 |
«Теңдеу және теңсіздік» |
4 |
4 |
|
|
|
3 |
«Құрастырмалы ойындар» |
3 |
2 |
1 |
|
|
4 |
«Геометрия.Геометрияның негізгі түсініктері» |
11 |
10 |
|
1 |
|
5 |
«Математикалық ойлау есептері» |
6 |
5 |
|
1 |
І.Біздің айналамыздағы сандар мен заттар (10сағат)
Натурал сандар қатары. Сан сәулесіндегі сандарды салыстыру. Қосудың компоненттері. Қосудың қасиеттері. Сандар қалай құрылған?(Разрядтық қосылғыштардың қосындысы.) Азайтудың компоненттері. Көбейтудің компоненттері. Көбейтудің қасиеттері. Бөлудің компоненттері. Бөліндінің мәні нөлге және бірге тең болғанда. Көп таңбалы сандарды көбейту. 10-ға, 100-ге қалай көбейтеміз? Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу.Қалдықпен бөлу
ІІ.Теңдеу және теңсіздік ( 4 сағат)
Әріпті өрнектердің сандық мәні. Теңдік.Теңдіктердің қасиетте- рі. Теңдеу. Жай теңдеулер. Бірнеше амалды орындау қажет болатын теңдеулер. Теңсіздік
ІІІ.Құрастырмалы ойындар (3 сағат)
Үлестер қалай алынады? Бөлшектер қалай пайда болады? Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектен бүтін бөлікті шығарып алу. Бөлшектерді салыстыру
ІҮ.Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері (11сағат)
Геометриялық фигуралар.Көпбұрыштың,тік төртбұрыш пен шар- шының, үшбұрыштың ауданы.Көпбұрыштың ауданын басқа гео- метриялық фигуралардың көмегімен өлшеу. Тік төртбұрышты параллелепипед және текше тәрізді денелердің көлемі. Периметрді табу. Тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыштың ауданын табуға берілген есептер.
Ү. Математикалық ойлау есептері (6 сағат) Кері есептер дегеніміз не? Көбейту мен бөлуге берілген жай есептер. Құрама есептердің шешуін табу. Пропорционал бөлуге, бөлшектерге, қозғалысқа берілген есептер.
Тақырыптық жоспарлау үлгісі
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан (3-сынып)
|
р\с |
Өтілетін тақырыптар |
сағат саны |
оқыту түрлері , әдіс-тәсілдері |
|
|
І.Біздің айналамыздағы сандар мен заттар |
|
|
|
1 |
Кіріспе. Натурал сандар қатары |
1 |
шолу сабақ |
|
2 |
Сан сәулесі. Сан кесіндісі . Сан сәулесіндегі сандарды салыстыру |
1 |
ізденіс сабақ |
|
3 |
Натурал сандарды қосу және азайту Қосу. Қосудың компоненттері. Қосудың қасиет- тері |
1 |
дәріс сабақ |
|
4 |
Сандар қалай құрылған? «Сиқырлы сандар» |
1 |
ойын сабақ |
|
5 |
Математикалық фокус |
1 |
шолу сабақ |
|
6 |
Бақылау жұмысы |
1 |
бақылау |
|
7 |
Натурал сандарды көбейту және бөлу Көбейту. Көбейтудің компоненттері. Көбейтудің қасиеттері Бөлу. Бөлудің компоненттері. Бөліндінің мәні нөлге және бірге тең болғанда |
1 |
дәріс сабақ |
|
8 |
Логикалық жаттығулар |
1 |
ұжымдық |
|
9 |
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Қалдықпен бөлу |
1 |
ұжымдық |
|
10 |
Деңгейлік тапсырмалар,тест |
1 |
сынақ сабақ |
|
|
ІІ. Теңдеу және теңсіздік |
|
|
|
11 |
Әріпті өрнектер.Әріпті өрнектердің сандық мәні |
1 |
дәріс сабақ |
|
12 |
Теңдік.Теңдіктердің қасиеттері |
1 |
ұжымдық |
|
13 |
Теңдеу.Жай теңдеулер. Бірнеше амалды орын -дау қажет болатын теңдеулер |
1 |
ізденіс сабақ |
|
14 |
Теңсіздік |
1 |
ізденіс сабақ |
|
|
ІҮ. Құрастырмалы ойындар |
|
|
|
15 |
Үлестер қалай алынады? Бөлшектер қалай пайда болады? |
1 |
ойын сабақ |
|
16 |
Сиқырлы шаршылар |
1 |
ойын сабақ |
|
17 |
Бақылау жұмысы |
1 |
бақылау |
|
|
ІІІ.Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері |
|
|
|
18 |
Сәуле.Бұрыш. Кесінді. Сынық сызық. Көпбұрыш салу |
1 |
практикалық сабақ |
|
19 |
Тік төртбұрыш. Шаршы. Үшбұрыш салу |
1 |
зерттеу сабақ |
|
20 |
Көпбұрыштың ауданы. «Қызықты текше» құрастыру |
1 |
ойын сабақ |
|
21 |
Тік төртбұрыш пен шаршының , үшбұрыштың ауданы |
1 |
практикалық сабақ |
|
22 |
Тік төртбұрыш пен шаршының , үшбұрыштың ауданы |
1 |
практикалық сабақ |
|
23 |
Көпбұрыштың ауданын басқа геометриялық фигуралардың көмегімен өлшеу |
1 |
ойын сабақ |
|
24 |
Көпбұрыштың периметрді табу |
1 |
дәріс сабақ |
|
25 |
Геометрия бойынша есептер шығару. Периметрді табу |
1 |
ұжымдық |
|
26 |
Тік төртбұрыштың, шаршының , үшбұрыштың ауданын табуға берілген есептерді шешу |
1 |
шығармашылық жұмыс |
|
27 |
Тік төртбұрышты параллелепипедтің көлемін табуға берілген есептерді шешу |
1 |
шығармашылық жұмыс |
|
28 |
Деңгейлік тапсырмалар, тест |
1 |
сынақ сабақ |
|
|
ІҮ. Математикалық ойлау есептері |
|
|
|
29 |
Кері есептер дегеніміз не? Көбейту мен бөлуге берілген жай есептерді шығару |
1 |
шолу сабақ |
|
30 |
Құрама есептер.Құрама есептердің шешуін табу |
1 |
шығармашылық жұмыс |
|
31 |
Математикалық мақал мәтелдер,ребустар,сөзжұмбақтар |
1 |
практикалық сабақ |
|
32 |
Қозғалысқа берілген есептер. Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс. Бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағытқа қозғалыс. |
1 |
ұжымдық |
|
33 |
Теңдеу құру арқылы есептер шығару |
1 |
ізденіс сабақ |
|
34 |
Қорытындылау. Тест |
1 |
сынақ сабақ |
Курсты ұйымдастыру формасы: ойын, шығармашылық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері, зерттеу , практикалық, дәріс сабақ, т.б.
Курсты оқытудың алғашқы формасы: баяндама даярлау, оқулық жоба- сын қорғау, дидактикалық материалдар дайындау.
Оқу жетістіктері: Курсты меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындады.Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.
Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: деңгейлік тапсырмасының, бақылау жұ- мысының қорытындысы балдық жүйемен бағаланады.
2014-2015 жылдардағы математика пәнінен оқушылардың жетістіктері
|
р\с |
аты-жөні |
халықаралық |
аудандық |
мектеп. сайыс, олимпиада |
|
1 |
Әділбеков Бекзат |
«Ақбота» интеллектуалдық марафоны. |
|
|
|
«Кенгуру» математикалық сайысы. |
|
|
||
|
Алтын жабағы |
|
|
||
|
2 |
Арарат Гүлдана |
«Ақбота» интеллектуалдық марафоны. |
|
|
|
«Кенгуру» математикалық сайысы. |
|
|
||
|
Алтын жабағы |
|
|
||
|
3 |
Аманжолов Алмаз |
«Ақбота» интеллектуалдық марафоны. |
|
|
|
«Кенгуру» математикалық сайысы. |
|
|
||
|
Алтын жабағы |
|
|
||
|
4 |
Аманжолов Алмаз |
«Ақбота» интеллектуалдық марафоны. |
|
|
|
«Кенгуру» математикалық сайысы. |
|
|
||
|
Алтын жабағы |
|
|
||
|
5 |
Жаскадыров Альмасих |
«Ақбота» интеллектуалдық марафоны. |
|
|
|
«Кенгуру» математикалық сайысы. |
|
|
||
|
Алтын жабағы |
|
|
||
|
6 |
Әділбеков Бекзат |
|
ауданға ұсынылды |
матем. І-орын |
Сабақ тақырыбы: Тік төртбұрыштың(шаршының) периметрі
Сабақ мақсаты:
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу, ережесімен таныстыру
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен
таныстыру,екі амалмен шығарылатын есептерді құру,шешу, бекіту.
Дамытушылық: Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру,ойлау қабілетін , шығармашылығын дамыту,компьютермен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Дәптерге таза, сауатты жазуды, бірлікке,ынтымақтыққа, шапшаңдыққа,ұжымдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,өзбеттік жұмыс,топтық,жеке,ұжымдық.,
компьютермен жұмыс.
Көрнекіліктер: Фигуралар, сызбалар, Мультимедия, Электрондық оқулық
Бағалау бетшесі
Қолданылатын құрал:
Интерактивті тақта,кесте
Күтілетін нәтиже:
-
Алған білімді тиянақтау
-
Ойын жеткізе білу
-
Есте сақтауға ықпал ету
-
Оқушының білім деңгейін нақты көрсету
-
Компьютермен жұмыс істеу
-
Өзін -өзі тексеру, бағалау
Сабақ барысы:
1.Алғашқы ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды екі топқа бөлу,
әр топтың топбасшыларын таныстырады.
Әділбеков Бекзат, Арарат Гүлдана
1 – топ: Үшбұрыш.
Үшбұрыштың қабырғалары нешеу?
2 – топ: Төртбұрыш. Төртбұрыштың қабырғалалары нешеу?
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Үшбұрыштың периметрін табу
«Ой қозғау»
Оқушыларға әр түрлі фигураларды таратып берілді. Сол фигуралар туралы таныстырады.(қабырғалары нешеу,бұрыштары,төбелерін көрсету)
Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.
1. 8 онд. пен 5 ондықтың айырмасына тең болатын:
2. 7 бірл. пен 3 бірліктің айырмасына тең болатын;
3. 9 бірл.пен 7 бірліктің қосындысына тең болатын;
4. 3 онд. пен 1 бірліктің айырмасына тең болатын;
1-Тік төртбұрыш
дегеніміз не?
-Қарама-қарсы қабырғалары
тең фигураны тік төртбұрыш
дейміз.
2- Шаршы
дегеніміз не?
-Барлық қабырғалары бірдей фигураны шаршы дейміз.
Жана сабақ Оқулықпен жүмыс
№ 1 Топпен жұмыс
І топ:
Тік төртбұрыштың қабырғаларын өлшеу. Не байқадың? Тік төртбұ-рыштың периметрін тап. Тіктөртбұрыштың периметрі 2см+2см+3см+3см =10 см
ІІ топ:
Шаршының қабарғаларын өлше.Не байқадың? Шаршының периметрін тап.
Шаршының периметрі 2см+2см+2см+2см =8 см
Шығармашылық есеп
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы болады.
Сергіту: «Кел, ойнайық:» Кестеге өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастыр.Олардың астына тұсындағы іріптерді жаз.
30 – 1 = 29 Р 8 + 8 = 16 П 18 – 9 = 9 А 14+5= 19 Ы
74 – 70 = 4 Қ 13 – 6 = 7 А 4 + 7 = 11 М 17 – 9 = 8 Л
3-есеп.
Өрнекті жаз және оның мәнін тап.
І. а мен 30 санының қосындысы, мұндағы а =27; 8
ІІ. а мен 6 санының айырмасы, мұндағы а = 76; 89
27 + 30 8 + 30 76 – 6 89 – 6
Шығармашылық есеп
Барлық қабырға тең екен,
Бұрыштары тік болса,
Өлшеп көрсем төрт екен.
Қабырғасы төртеуден.
Табуды біз үйрендік,
Ұзындығы 3 болса,
Ені оның 2ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
№ 4-есеп.Теңдеулерді шеш.
а+8=98 а- 5= 40
Шығармашылық есеп
Стаканға, кесеге және шыны аяққа кофе, шырын және шай құйылды. Стаканға құйылған кофе емес, кесеге құйылған шырын да кофе де емес, ал шыны аяққа құйылған шырын емес. Ыдыстардың қайсысына не құйылды?
Стакан кофе
Кесе шырын
Шыны аяқ шай
№ 5 Бос тор көздерді толтыр.
17-ні және 18-ді қосынды түрінде жазып көрсет.Сәйкес айырмаларды жаз.Олардың мәндерін тап.
Шығармашылық есеп
1.Балапанға көмектес
(12+3) – 10=5 (12 – 3) – 4 =5
2. Компьютермен жұмыс .
Тестімен жұмыс
Қорытынды:
Не үйрендік? Не білдік?
Сабақ тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептер
Сабақ мақсаты:
Жылдамдық, уақыт және қашықтық арқылы тәуелділікті тәуелділікті тағайындау. ережесін таныстыру
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Белгілі жылдамдық пен қашықтық арқылы увқытты,белгілі уақыт пен қашықтық бойынша жылдамдықты табу тәсілдерін қалыптастыру.Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен
таныстыру,екі амалмен шығарылатын есептерді құру,шешу, бекіту.
Дамытушылық: Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру,ойлау қабілетін , шығармашылығын дамыту,компьютермен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Дәптерге таза, сауатты жазуды, бірлікке,ынтымақтыққа, шапшаңдыққа,ұжымдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,өзбеттік жұмыс,топтық,жеке,ұжымдық.,
компьютермен жұмыс.
Көрнекіліктер: Фигуралар, сызбалар, Мультимедия, Электрондық оқулық
Бағалау бетшесі
Қолданылатын құрал:
Интерактивті тақта,кесте
Күтілетін нәтиже:
-
Алған білімді тиянақтау
-
Ойын жеткізе білу
-
Есте сақтауға ықпал ету
-
Оқушының білім деңгейін нақты көрсету
-
Компьютермен жұмыс істеу
-
Өзін -өзі тексеру, бағалау
Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.
Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен бір –бірімізге тілек айтып сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
2.Алғашқы ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды үш топқа бөлу,
әр топтың топбасшыларын таныстырады.
Ерболов Бексұлтан, Әділбеков Бекзат, Арарат Гүлдана
«Ой қозғау»
-
Бір креслоның 4 аяғы бар.5креслоның неше аяғы бар?
-
Сәкенде 8 марка бар,Ал Маржанда 3есе артық.Мағжанда неше марка бар?
-
Қарағай қылқаны 2жыл,ал шыршаныкі 6 есе артық уақыт өсіп тұрады.Шыршаның қылқаны неше жыл өсіп тұрады?
-
Серік 27 ақ көгершін және 9 сұр көгершін өсірді. Серік өсірген ақ көгершіндер сұр көгершіндерден неше есе артық?
Оқушыларға әр түрлі фигураларды таратып берілді. Сол фигуралар туралы таныстырады.(қабырғалары нешеу,бұрыштары,төбелерін көрсету)
Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.
№ 1 Топпен жұмыс Амалдарды орында:
І топ:
1
ІІ топ:
60 – 45 : 5 * 4 + 18 : 2 * 5 =
ІІІ топ:
9 * 4 – 18 + 7 * 7 – 3 * 5 =
№2 Қалып қойған сандарды орнына қой:
І топ:
7 * 6 + . . . = 48 . . . * 10 + 9 = 39
ІІ топ:
9 * 6 + . . . = 72 6 * . . . + 12 = 60
ІІІ топ:
. . . * 6 + 5 = 35 7 * . . . + 4 = 46
№3 Теңдеулерді шеш:
І топ:
Х + 264 = 710 600 : Х = 2
ІІ топ:
710 – х = 264 Х *4 = 800
ІІІ топ:
Х – 436 = 264 120 : Х = 3
№4 Есепті шығар:
І топ:
Жаяу адам Уақыты-----------3сағ
Қашықтығы--------12км
Жылдамдығы-----------? км
Ш: 12км : 3 сағ =4 км/сағ
ІІ топ:
Жүк пойызы Уақыты-----------3сағ
Қашықтығы--------120км
Жылдамдығы-----------? км
Ш: 120км : 3 сағ =40 км/сағ
ІІІ топ:
Жолаушылар пойызы Уақыты-----------3сағ
Қашықтығы--------360км
Жылдамдығы-----------? км
Ш: 360км : 3 сағ =120 км/сағ
Қорытынды: Бірдей уақыт аралығында әр түрлі қашықтықтар жүріп өткен кезде жылдамдықтары да әр түрлі болады.
Шығармашылық есеп
Нүкте қалай қозғалғанын табу.
Сергіту:
№5
І топ:
Ұзындығы 6 см,ені одан 4 см қысқа тік төртбұрыш сыз. Оның периметрін және ауданын тап.
ІІ топ:
Ұзындығы 12 см,ені ұзындығының 1/4 -іне тең тік төртбұрыш
периметрі мен ауданын тап.
ІІІ топ:
Ені 40 см,ұзындығы х см, ал периметрі 200см болатын тік төртбұрыштың ауданын тап.
Сергіту:
№ 6
Шаңғышы 12 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жолда болды. Шаңғышының жүрген жолы қанша?
12 км/сағ
![]()
?
12 * 4 = 48 (км)
Шығармашылық есеп
|
5 |
|
|
|
1 |
|
5 |
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
5 |
|
|
4 |
|
5 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
5 |
2 |
4 |
3 |
1 |
|
3 |
5 |
1 |
2 |
4 |
|
2 |
1 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
4 |
2 |
5 |
3 |
|
4 |
3 |
5 |
1 |
2 |
Қорытынды:
Не үйрендік? Не білдік?
Сабақ тақырыбы: Қорытынды «Қызықты есептер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты
шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды ауызбіршілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина,тақта ,тест,ертегі есеп, өлең есеп,слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Қызықты
математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға ,бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапат талады.
Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы 1) Топ басшысы- Ерболов Бексұлтан
2) Жаскадыров Алмаз
3) Урахова Гүлжанар
4) Башенов Нұрлыбек
5) Әжіханова Амангүл
6) Мұсағали Айболат
7) Арарат Гүлдана
8) Исмагулов Нұрғизат
«Білгірлер» тобы» 1) Топ басшысы-Әділбеков Бекзат
2) Аманжолов Алмаз
3) Мұратова Фарида
4) Русланқызы Сабина
5) Тұралиев Бердәлі
6) Берикова Әсем
7) Ғинаятов Жархын
8) Айдарбеков Алмат
9) Ғаділова Сымбат
Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,сарқырап аққан мөп-мөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген күн сәулесі. Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық.
Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
Оқушылар қандай көрініс көріп тұрық.? Әсем табиғаттың.
Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр. Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жаға-
сына дем алуға барады.Асқар мен Болат суға шомылып,күнге қыздырынып болған соң,анасы оларды тамақтануға шақырады.Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді.Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады.Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да,тамақтың қалдықтарын көлге,лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:
-Тез машинаға отырыңдар,үйге қайтамыз- деді.Сөйтіп олар машинаға оты- рып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған,ластанған.Соны тазалау үшін ,өз
үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешулеріңіз қажет. Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.
Ей,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Алғырлар» 1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3.Ондықтан құралған сан. Қырық
4.Бір таңбалы сан. Үш
5.Кеміту амалы. Азайту
«Білгірлер» 1.Бір таңбалы сан Бір
2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3.Бұрыш түрі Сүйір
4.Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында : «Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір,жасыл желекке айналуы тиіс»,-деген болатын.
- Балалар ,біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса
қоса аламыз?
- Қоқыстан тазалаймыз,ағаш отырғызамыз,гүл егеміз.
Ендеше ,балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу,гүлдер егіп,даламызды жасыл желекке айналдыру-болашақ ұрпақ сендерге байланысты. Сондықтан өз үлесімізді қосайық..
«Ағаш отырғызамыз»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ,ол дұрыс өспей қалады.Ад сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың , тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.
1- ағаш тапсырмасы:
«Баспалдақ» ойыны
«Алғырлар» 90 * 10=900 «Білгірлер»
48 : 2=24 350 : 7=50
38:1=38 56:1=56
72 : 2= 36 400 : 10=40
25*3=75 24 * 3=72
40* 20=800 80*5=400
2-ағаш тапсырмасы:
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
Үйрек Ай Ту (Азайту) Мысық ,Етік, Р (Метр)
Сергіту сәті: Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
-
Тағы қандай үлес қосамыз.
-
Гүл егеміз.
-
Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Оны баптап күту қажет.
Қызғалдақ тапсырмасы. Бейне сұрақ . Рахат.Бақытжан.
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:- «Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:
5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі,әрі бізден екі есе көп,кетейік», - деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
Раушан гүл тапсырмасы.
Математикалық санамақ айтып жарысу.
4-дегенім жақсы баға,
1-дегенің жаман баға,
-Алады оны жаман бала.
2-дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3-дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді,қәне құстары-
мызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1- құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.
2 –құс «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады .
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
-Кел балалар ,ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу,топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз, 6 аламаның 2-уін
Қайтып қонды 20 қаз Досың сұрап алады.
Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі
Қане кім тез шешеді? (30 қаз) Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
Табақта 55 алма 100 асықтың 30-ын,
Қолымда 5 алма Досым сұрап алды
Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма) Өз қолымда қалады.
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
3-құс «Саршымшық» тапсырмасы. Тест
1- топ 2-топ
1. Амалды орында:
84 : 42 64 : 32
а) 69 ә) 47 б) 2 а) 60 ә) 61 б) 2
2. 1 жылда қанша ай бар? 1 аптада қанша күн бар?
а) 12 ә) 18 б) 36 а) 7 ә) 14 б) 21
3. Сатылғаны-100 л Кесе – 700 теңге
Қалғаны – 30 л Қасық – 300 теңге
4. Болғаны - ? Барлығы - ?
а) 70 а) 1000 теңге
ә) 130 ә) 400 теңге
б) 300 б) 100 теңге
5. Салыстыр: 8 жүздік * 60жүзд 9 жүзд * 50 жүзд
а) < а) <
ә) > ә) =
б) = б) >
6. Минутпен өрнекте: Сағатпен өрнекте:
4сағ 20 мин = 2 тәуілік 40 саға=
а) 240 ә)140 б) 260 а) 24 ә) 88 б) 240
Математика
Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Суреттегі фигураларды анықтау
Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада
неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды?
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина ,мотоцикл,велосипед)
дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,
велосипед тұр?
-Осымен,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік,оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап
«Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Қорытынды
Күтілетін нәтиже:
1.Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажы- ратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады.
2. Оқушыларды математика пәні бойынша олимпиадаға, сайыс- тарға қатыстыру, шығармашылық, ғылыми жобаларын қорғау, өзін-өзі бағалау;
3.Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді;
4.Танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы, қызығушылығы оянады;
5.Математикалық білімді тұрмыста қолдана білуге үйренеді;
6.Оқушылардың есептеу мәдениеті дамиды.
Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын ұстамдарын меңгеру және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Осы нәтиже сапалы болса:
1. Білім сапасын арттырады.
2.Білімдік деңгейін арттырады.
3.Өз бетімен білім алады.
4.Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.
5.Білу қабілетін арттырады.
6.Олимпиядаға қатысады.
7.Курстан алған білімдерін тұрмыста пайдаланады.
Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұр- пақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналары сөзсіз. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәр- бие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, таңдау курстар бағдарламасын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Пайдаланған әдебиеттер
Мұғалімдерге арналған
1. 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана
2.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жал- пыға міндетті стандарттары
3.Б.Барсай, «Математикалық білім беруде қазіргі технологияларды қолдану»
Алматы: «Өлке» баспасы,2002.
4. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау тех- нологиясы 1-4 сынып. Алматы, 2005
5.Математика оқыту әдістемесі. 4-сынып мұғалімдеріне арналған
6.Л.Кадралина, «Есепті әртүрлі тәсілмен есептеу-таным әдістері»
// Бастауыш мектеп , 2008 №6
7.М.Т.Осанова, «Математика» 3-сынып // Бастауыш мектеп, 2008 №5
8.Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсыр- малар
Ш.Х. Құрманалина, Өміртаева Р.Қ Алматы «Атамұра» 1997ж.
Оқушыларға ұсынылған әдебиеттер
1.Оқушының анықтамалығы 1-4 сынып «Алматыкітап баспасы» 2009
2.Математика пәні бойынша тест тапсырмаларының жинағы
3.«Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары
4.Математика. Дидактикалық материалдар. 3 сынып
«Атамұра» баспасы, 2000
Бағдарлама авторы туралы мәлімет:
1. Аты-жөні : Куспанова Алтынай Анубекқызы
2. Туған күні,айы,жылы: 25.12.1964жыл.
3. Білімі: жоғары.
4.Бітірген оқу орны: ГПИ
5.Мамандығы: бастауыш сыныптар мұғалімі
6. Санаты: бірінші
7. Еңбек өтілі: 30 жыл.
8. Мекен жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы.
9. Байланыс телефоны: 877786785292
Мазмұны
Кіріспе
Түсінік хат...............................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Курстың мақсаты, міндеті.................................................................................4
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар..............................4
2.Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы.......................................................5
Тақырыптық жоспарлау үлгісі...........................................................................6
Қорытынды
Күтілетін нәтиже..................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................23
Аннотация
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқу- шыларының дербестігін, белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етеді. Сондықтан, оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың математикалық ойлау белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігінен туындайды.
«Математика бізбен бірге» таңдаулы курсының мақсаты оқушыға математикалық білім деңгейін меңгертіп, оларды практикада қолдана білуге, болашақта жоғарғы сынып математикасын игеруге мүмкіндік жасау болып табылады.
Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында математиканың қолданылмайтын жері жоқ, сондықтан әр адамда міндетті түрде математикалық сауаттылық болуы керек. Олай болса, әр оқушыны математикалық сауаттылық деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Ол үшін бастауыш мектепте «Математика бізбен бірге» курсын оқыту керек.
Курсты оқыту оқушылардың танымдық қызметін жетілдірудің барлық таным көздерімен, таным әдістерімен, зерттеушілік шығармашылық қызметінің көздерімен таныстырудың, белгілі бір заттарды салыстыра отырып, ұқсастық пен айырмашылықты таба білуге үйретудің жалпы тәсілдерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызады, нәрселерді салыстыру, сәйкестендіру, қарама-қарсы қою, елестету арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйретеді.
Оқушы
шығармашылығын
дамытудың
алғы шарттары
және сыныптан
тыс жұмыстар.
«Оқушыны
оның берген
жауаптарына
емес,
саған
қойған
сұрақтарына
қарап
бағала”
Вольтер.
“Бала жайлы
әділетті
де дұрыс
ойлау
үшін біз оны өз өрісінен
біздің
өрісімізге
алып келуге
тиіс емеспіз.
Қайта
оның рухани
әлеміне
көшуге
тиіспіз
”.
Н.
Н.
Прогов.
“Қазақстан
Республикасы
2015
жылға
дейінгі
білім
беруді
дамыту
тұжырымдамасындағы”
орта білім
берудің
мақсаты
-
жылдам
өзгеріп
отыратын
дүние
жағдайларында
алынған
терең
білімнің,
кәсіби
дағдылардың
негізінде
өзін өзі дамытуға,
адамгершілік
тұрғысынан
өз бетінше
шешім
қабылдауға
қабілетті
жеке тұлғаны
қалыптастыру
міндетін
атқару
мұғалімнің
педагогикалық
шеберлігімен
білімділігін,
әдіскер
шығармашылығын
талап
етеді.
“Білім
Заңында”
мектеп
оқушылары
бойында
адамгершілік
және тұрмыс
негіздерін
қалыптастыру,
азаматтыққа
тәрбиелеу,
олардың
ақыл -
ой,
танымдық
шығармашылық
қабілеттерін
айқындау
міндеттері
айтылған.
Мектептегі
жеке тұлғаны
дамыту
үшін ұстаз
тұлғасына
қойылатын
негізгі
талаптар:
1.
Шәкірт
жанын
түсініп,
оны зерттей
білу шеберлігі,
2.
Шәкірттің
жеке тұлға
екенін
мойындауы.
3.
Өзіне
сын көзбен
қарай
алуы.
және өзіне
айтылған
сынды
қабылдай
алуы.
4.
Шәкіртке
ықпал
ете білуі
5.
Шәкірттен
шындық
айта білуді
талап
ете алуы.
6.
Шәкірт
бағалай
алатындай
білімдарлық,
адамгершілік
қабілеті
7.
Ойлау,
сөйлеу
шеберлігі
8.
Шығармашылық
ізденгіштік
қабілеті
болуы
шарт.
Ұлы Орыс педагогы
К.
Д.
Ушинский
педагог
мамандығын
жоғары
бағалай
келіп:
“Мұғалім
мамандығы
сырттай
қарапайым
болғанымен,
тарихтағы
ең ұлы істердің
бірі”
деген.
Мұғалім
халқымыздың
болашағы
болып
саналатын
өскелең
ұрпақтың
интеллектуалдық
негізін
салушы,
рухани
дүниесін
қалыптастырушы,
және ол ұрпақтар
тәрбиесіне
жауапты
қоғамның
сенімді
өкілі.
Сондықтан
әр мұғалімнің
кәсіби
жетілуінің
негізі
факторы
-
өздігінен
білім
алу болып
табылады,
Бұл бағытта
әрбір
мұғалім
озық педагогикалық
тәжірибелерді
зерттеп,
мектептегі
немесе
тұрғылықты
жердегі
кітапханалардан
әдебиеттермен
танысып,
өз жоспарлары
бойынша
жұмыс
істеуі
міндетті.
Өздігінен
білім
алуда
атқаратын
қызметтері
ретінде:
М.
Князеваның
мынадай
топтамасын
келтіруге
болады:
1.
Экстенсивтік
-
жаңа білімдерді
іздестіру,
жинақтау.
2.
Компенсаторлық
-
мектептік
білімнің
олқылықтарын
толтырып,
өз біліміндегі
кемшіліктерді
жою.
3.
Бағдарлық
-
мәдениет
және қоғам
ішінде
өз орнын
анықтау.
4.
Дамытушылық
-
өзіндік
сананы,
есте сақтау
қабілетін,
ойлау
қабілетін,
шығармашылық
сапаларын
дамыту.
5.
Әдіснамалық
-
кәсіби
біліктілігін
жетілдіру,
дүниенің
тұтастығын
түсіне
алу.
6.
Коммуникативтік
-
түрлі
кәсіптер,
ғылымдар,
адамдар
арасындағы
байланыстарды
орнату.
7.
Шығармашылық
-
шығармашылыққа
үйрену.
8.
Жаңашылдық
-
қалыптасып
қалған
пікірлерге
жаңаша
көзқарастардың
туындауы,
ескілікті
жою және жаттандылықтан
арылу.
9.
Психологиялық
-
зиялы
адамдар
қатарынан
екенін
сезіну,
өзін зиялылар
қауымының
бір бөлігі
ретінде
сезіну.
10.
Горонтологиялық
-
жасы ұлғайған
адамдардың
өздігінен
білімдерін
жетілдірулері
арқылы
заманауи
жаңалықтардан
хабардар
болып
отыруы.
Бүгінгі
күні ғылым
мен техниканың
даму деңгейі
әрбір
оқушыға
сапалы
және терең
білімнің
және іскерліктің
керектігін
талап
етеді.
Сол себепті
де -
оқушылардың
шығармашылық
ойлауын
дамыту,
оқушының
табиғи
дарындылығын
пайдалана
отырып,
ғылыми
көзқарасы
мен белсенділігін
дамыту
керек.
Шығармашыл
адам -
ол жасампаз
тұлға.
Ол өзін,
айналасын,
қоғамды
жаңартып
отырады.
Математика
сабағында
оқушылардың
шығармашылық
қабілетін
дамытуға
әсер ететін
факторлар:
-
жүйелі
жұмыстар
-
сабақ
оқыту
тәсілдері
-
үйірме
жұмыстары
-
ғылыми
жұмыс
-
оқу құралдары
-
оқулық
-
электрондық
оқулықтар
-
желілік
байланыстар.
Шығармашылық
іс -
әрекет
шәкірттің
білімге,
нәтижеге
жетуге
деген
өте белсенді,
дербес
танымдық
іс -
әрекеті.
Шығармашылық
дегеніміз
-
алынған
ақпаратты
түрлендіріп,
тапқырлық
танытып
бірыңғай
ойларды
қорыта
білуі,
оралымды
ойлау
қабілеттері,
зерттеушілік
белсенділігі.
Оқушының
шығармашылық
іс әрекеті
қалыптасуының
негізгі
кезеңдері:
1.
Айқын
дұрыс
қойылған
мақсат
2.
Қосымша
мәліметтер
іздеу
3.
Нәтижені
жан жақты
тексеру.
Шығармашылықтың
пайда
болуының
негізгі
шарттары:
1.
Пәнге
үйретудің
еркіндігі.
2.
Білім
кеңістігінің
әр бағытты
болуы.
3.
Мұғалім
мен оқушының
бірлескен
шығармашылық
жұмыстары.
Шығармашылықты
дамытудың
алғы шарттары:
1.
Оқушының
шығармашылық
деңгейін
анықтау.
2.
Оқушының
қызығушылығын,
белсенділігін
арттыру.
3.
Оқушының
мүмкіншілігіне
қарай
тапсырмаларды
жүйелі
түрде
орындату.
4.
Шығармашылық
қабілетті
тәрбиелеу
барысында
кездесетін
қиындықтар
мен қарама
-
қайшылықтарды
есепке
алып,
зерттеу.
5.
Оқушының
шығармашылық
қабілетін
тәрбиелеуді
кезең
бойынша
сатылап
дамыту.
6.
Мұғалімнің
өз ісіне
ізденімпаздықпен
қарап,
сабақты
шығармашылықпен
өткізуі.
Оқушы
шығармашылығын
дамыту
мынадай
үш кезеңмен
анықталады:
1.
Анықтау
кезеңі:
Оқушылардың
шығармашылық
қабілеттерінің
бастапқы
деңгейін
анықтау,
оқушыларды
қабілет
деңгейіне
қарай
топтау.
2.
Қалыптастыру
кезеңі:
Шығармашылық
тапсырмалар
жинақталған
әдістемелік
нұсқау
жасап,
оның тиімділігін
оқу үрдісінде
тексеріп,
оқушылардың
шығармашылық
қабілеттерін
дамытып,
білім
деңгейлерінің
артуын
қамтамасыз
ету керек.
3.
Бағалау,
қорыту
кезеңі:
Алдыңғы
жасалған
жұмыстар
нәтижесінде
оқушының
шығармашылық
әрекетке
деген
тұрақты
қызығуы
қалыптасып,
белсенділігі
артып,
шешімдер
құра білуі
тиіс.
Шығармашылық
тұлғадағы
ең басты
фактор:
білуге
құмарлық,
терең
түрлі
сипатта
қабылдағыштық,
меңгеруге
икемділік,
ақыл -
ой белсенділігі,
зейін,
ой ұшқырлығы.
Оқушының
шығармашылық
қызығушылығына
әсер ететін
факторлар:
1.
Оқу мазмұны.
2.
Оқушының
бағыты
мен жоспарына
меңгерілетін
білімнің
сәйкестігі.
3.
Оқу материалының
мазмұны,
қызықты
болуы.
4.
Мұғалімнің
шеберлігі.
5.
Жеке тұлғаның
ерекшелігі.
6.
Оқу үрдісіндегі
жағымды
қарым
-
қатынас.
Оқушының
шығармашылық
қызығуының
дамуы,
жеке
тұлғаның
қалыптасуы
барысында
дамитындықтан
оқушының
жас ерекшелігіне
аса мән берілуі
керек.
ҚР “Білім
туралы”
заңының
41
бабында
“Педагог
қызметкерлер
оқушылардың
мемлекеттік
білім
беру стандарттарында
көзделген
деңгейден
төмен
емес білім,
білік,
дағдыны
қамтамасыз
етуге,
шығармашылық
қабілеттерінің
дамуы
үшін жағдай
жасауы
міндетті”-
делінген.
Сондықтан
оқушыларды
шығармашылыққа
баулып,
олардың
белсенділігін,
қызығушылығын
арттыра
түсу үшін сыныптан
тыс жұмыстардың
рөлі зор.
Сыныптан
тыс жұмыстар.
Сыныптан
тыс жұмыстарды
ұйымдастыруда
ескеретін
жайттар:
1.
Сыныптан
тыс жұмыс
оқушының
сабақта
алған
білімдері
мен дағдылары
негізінде
ұйымдастырылады.
2.
Сыныптан
тыс жұмыс
оқушы
инициативасынан
басталып,
олардың
жеке қажеттіліктерін
өтейтіндей
бағытта
жүргізілуі
керек.
3.
Сыныпта
тыс жұмыс
оқушыларды
математикаға
қызықтыру
мақсатында
өтуі тиіс.
Сыныптан
тыс жұмыстардың
мақсаты:
-
оқушылардың
шығармашылық
ізденістерін
дамыту.
-
өзіндік
қабілеттерін
дамыту
-
қоғамдық
қарым
-
қатынасты
қалыптастыру.
Міндеті:
-
алған
білімдерін
әрі қарай
жетілдіру
-
өз білімін
тереңдету
қабілетін
шыңдау
-
оқушылардың
белсенділігін,
қызығушылығын
арттыру
-
оқушылардың
өзара
қарым
-
қатынасын
қалыптастыру
Еңбектенуге,
ізденуге
ықпал
ету.
Талабы:
-
Оқушы
қабілетін
ескеру
-
білім
мен тәрбиенің
өзара
байланысы
-
оқушының
ой еркіндігі.
Күтілетін
нәтиже.
-
жұмыстарын
өз бетінше
жоспарлауға
үйренеді
-
орындау
тәртібін
түсінеді
-
мұғалімнің
нұсқауын
тыңдап,
дұрыс
орындауға
үйренеді
-
өз жұмысына
қорытынды
жасауға
үйренеді
-
тіл байлығы
мен ойлау
қабілеті
артады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген