
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
3 сыныптарда "Цифрлық сауаттылық" пәнін оқытуға арналған әдістемелік құрал
“Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі”мемлекеттік мекемесінің “А.Саттаров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3 сыныптарда "Цифрлық сауаттылық" пәнін оқытуға арналған әдістемелік құрал
Әзірлеген информатика пәнінің мұғалімі
Розахунова Мукадас Нурумжановна
2024-2025 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .....................................................................................................................3
1-бөлім. Информатиканы оқыту............................................................................5
1.1. 3-сыныпта информатиканы оқыту бағдарламасы........................................5
1.2. Информатиканы 3-сыныпта оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспары..................................................................................................................8
2-бөлім. Сабақты жоспарлау................................................................................9
1-сабақ. Компыотерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері. Техника қауіпсіздігі. Көз жаттығулары.............................................................................9
2-сабақ. Компьютердің даму тарихы................................................................10
3-сабақ. Әрекеттер...............................................................................................12
4-сабақ. Кері әрекеттер........................................................................................14
5-сабақ. Алгоритмдер...........................................................................................15
6-7-сабақтар. Алгоритм қасиеттері....................................................................17
8-сабақ. Алгоритм түрлері....................................................................................19
9-сабақ. Бақылау жұмысы-№1.............................................................................20
10-сабақ. Алгоритмді графикалық және блок-сызба түрінде бейнелеу..................................................................................................................20
11-12-сабақтар. Сызықтық алгоригм.................................................................22
13-16-сабақтар. Тармақталу алгоритмі.............................................................24
17-сабақ. Бақылау жұмысы-№ 2......................................................................... 27
18-21-сабақтар. Қайталану алгоритмі сабақ..................................................... 28
22-23-сабақтар. Жиындар сабақ......................................... ...............................31
24-27-сабақтар. Жиындарды салыстыру мен топтау........................................32
28-сабақ. Бақылау жұмысы-№ 3............................................................................
29-сабақ. Жиындар арасындағы қатыстар..........................................................35
30-32-сабақтар. Терістеу ұғымы. Ақиқат және жалған сабақ.......................................................................................................................36
33-сабақ. Бақылау жұмысы................................................................................38
34-сабақ. Қайталау...............................................................................................39
КІРІСПЕ
Ақпараттық қоғам жағдайында жалпы орта білім беру сатысында өскелең ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың негізі "Информатика" пәні болып табылады. Орта білім беру жүйесіндегі оның рөлі қазіргі әлемдегі ақпараттық білім мен технологияның мән-мағынасына сәйкес артып отыр.
Оқытудың мақсаты — оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу мен оны пайдалану туралы білімдерді меңгерту және ақпараттық технологияны саналы да, тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Информатиканы 3-сыныпта пән ретінде оқытудың мазмұны мемлекеттік білім стаңндарты деңгейіңде қарастырылған. Бастауыш сыныптарда оның жаңа пән ретінде пайда болуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты.
Сол себепті де информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап оқыту қажеттігі бүгінгі күні өте көкейкесті мәселе болып отыр. Біздіңше, бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытуға негіз болатын басты факторлар мыналар:
— ақпараттық қоғамға бастауыш мектеп оқушысын бейімдеу;
— ерте жастан оқушылардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
— бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, оларды әлемдік-ақпараттық білім кеңістігін игеруге даярлау.
Аталған факторлар мен отандық, ТМД елдерінің зерттеулері мен тәжірибелерін негізге ала отырып, ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешені жасақталды. Олар оқулықтан, өдістемелік құралдан, дәптерінен тұрады.
Жасақталған оқу құралы мұғалімдерге бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқыту әдістерін қарастыруға негізделген әдістемелік құрал болып табылады.
Бұл құралда информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мазмұны ашылып, оны әдістемелік тәсілдері айқындалады.
Әдістемелік құрал 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде информатиканы 3-сыныпта оқытудың оқу бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау үлгілері келтірілген.
2-бөлімде күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес сабақты өткізу мазмұндалады. Сонымен бірге сабақтың мақсаттары мен міңдеттері, теориялық материалдарды баяндау бойынша әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптеріңдегі берілген тапсырмаларды орындау реті мен оның жауаптары келтірілген. Бұл құрал мұғалімнің түрлі әдістерді қолданып, сабақты түсіндіруге, әрі оны қызықты өткізуіне мүмкіндік береді.
Мұғалімнің сыныптағы оқушының білім деңгейіне сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспарда берілген оқу материалдарының сағаттарын қысқартып не сағат сандарын көбейтуіне, сонымен бірге өзінің шығармашылық деңгейіне сәйкес әдістермен тәсілдерді де түрлендіріп өткізуіне мүмкіндігі бар.
Информатиканы оқытудың эргономикалық (санитарлық-нормалық) талаптарына сәйкес оқушылар компьютерде 10-15 минут жұмыс жасайтынды. Осыны ескере отырып, негізгі тапсырмалардың басым көпшілігін жұмыс дәптерінде орындалатындай етіп бердік.
Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды сыныпта орындап үлгермей қалғандары болса, оны үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
Жұмыс дәптеріндегі берілген тапсырмаларды мұғалім дауыстап оқып, оның мағынасын түсіндіргеннен кейін, оқушыға тапсырманы қарындашпен орындау ұсынылады.
Оқушылардың білімін бағалауда теориялық материалдарды меңгеру мен жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау деңгейлері және компьютерде жұмыс жасау қабілеттері ескерілуі қажет.
Мұғалімдер үшін жасақталған бұл құралдың сапасын арттыру негізінде шығармашылық ескертулер, ұсыныстар мен қосымша материалдарды авторлар ұжымы шын жүректен қабылдайды.
1-бөлім ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
1.1. 3-сыныпта информатиканы оқыту бағдарламасы
3-сыныпта информатиканы оқыту барысында төмендегідей мазмұндық желілер қарастырылады:
— әрекет және кері әрекеттер;
— алгоритм және оның қасиеттері;
— алгоритм және оның түрлері;
— компьютер және оның құрылымы;
— алгоритмді графиктік түрде бейнелеу;
— сызықтық алгоритмнің мәні мен мағынасы;
— тармақталу алгоритмнің мәні мен мағынасы;
— қайталану алгоритмінің мәні мен мағынасы;
— алгоритм түрлерін графиктік түрде бейнелеу;
— алгоритмді өндеуге графиктік ақпаратгардың мүмкіндіктерін қолдану;
— алгоритмді өңдеуге мәтіндік ақпараттардың мүмкіндіктерін қолдану;
— жиын және олармен жұмыс жасау әрекеттері;
— логикалық тұжырымның мәні.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Ұсынылып отырған мазмұндық желілер оқушыларды төмендегідей мумкіндіктермен қамтамасыз етеді:
-
алгоритм - информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мағлұматты беру;
-
күнделікті өмірдегі алгоритм қасиеттерінің рөлі мен мәнін түсіндіру;
-
алгоритмдік графиктік түрде бейнелеудің практикалық мәнін ашу;
-
алгоритм түрлері туралы жалпы мағлұмат беру;
-
сызықтық алгоритм ді құра білуге үйрету;
-
сызықтық алгоритмді графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
-
тармақталу алгоритмін қызметші сөздерін пайдалану арқылы құра білуге үйрету;
-
тармақталу алгоритмін графиктік түрде бейнелеуге үйрету;
-
сызықтық алгоритм мен тармақталу алгоритмі арасындағы өзара байланысты айқындайтын мысалдар келтіре білуге үйрету;
-
компьютердің қызметін ұйымдастыру, оның негізгі бөліктерінің жұмыс жасау принциптері мен оның қосымша құрылғылары туралы мағлұматты беру;
-
алгоритмді түрлендіруге компьютердің графиктік және мәтіндік мүмкіндіктерін қолдана білу туралы мағлұмат беру;
-
алгоритмнің графиктік түрлерін бейнелеудегі графиктік редактордың қызметі туралы мағлұматты беру;
-
мәтіндік редактордың алгоритм түрлерінің қызметші сөздерін жаза білу туралы мағлұматты беру;
-
Информатика пәнінің пәнаралық байланысындағы алгоритмнің рөлін мысалдар келтіру арқылы ашу;
-
саңдық ақпараттарды өндеудегі "Калькулятор" қызметі туралы мағлұматты беру;
-
нысанның және оның қасиеттерінің күңделікті өмірмен байланысы туралы мағлұматты беру;
-
жиын және оның элементтерінің информатикадағы орны туралы мағлұматты беру;
-
логикалық тұжырымның ақпаратгармен жұмыс жасаудағы қызметі туралы мағлұматты беру.
Оқушы нені білу керек:
-
алгоритм — информатиканың іргелі ұғымы ретіндегі мәнін;
-
алгоритм қасиеттері мен түрлерінің мәнін;
-
компьютер — ақпаратты өндеу құралы ретіндегі мәнін;
-
компьютер құрылғылары және олардың ақпаратты өндеудегі қызметтерінің мәнін;
-
пернетақта және оның негізгі бөліктерінің мәнін;
-
компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау ережелерін;
-
алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуін;
-
алгоритм түрлерін жазудағы қызметші сөздердің мәнін;
-
графиктік редактор мен оның алгоритмді түрлендірудегі мүмкіндіктерін;
-
мәтіндік редактор мен оның алгоритмді түрлендіруден мүмкіңдіктерін;
-
Калькулятор мен оның алгоритмді түрлендірудегі мүмкіндіктерін;
-
нысан ұғымы мен оның қасиеттерінің мәнін;
-
жиын және оның элементтерінің мәнін;
-
логикалық тұжырым және оның мәнін.
Оқушы нені үйрену керек:
-
алгоритммен және оның түрлерімен жұмыс жасау әрекеттерін;
-
компьютерді іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
-
компьютер құрылғыларының жұмысын басқару әрекеттерін;
-
пернетақтамен жұмыс жасау әрекеттерін;
-
тышқанмен жұмыс жасау әрекеттерін;
-
графиктік редакторды іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
-
алгоритмді графиктік түрлендірудегі графиктік редактордың әрекеттерін;
-
мәтіндік редакторды іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
-
мәтіндік редактор арқылы алгоритм түрлерін жазу, редакторлау мен форматтау процестерін, оларды сақтау мен aшy әрекеттерін;
-
Калькуляторды іске қосу мен оның жұмысын аяқтау әрекеттерін;
-
Калькулятор арқылы арифметикалық өрнектерді есептеу алгоритмдерін өңдеу процестерін, оларды сақтау мен ашу әрекеттерін;
-
нысанмен жұмыс жасау әрекеттерін;
-
жиын және оның элементтерімен жұмыс жасау әрекеттерін;
-
логикалық тұжырыммен жұмыс жасау әрекеттерін.
1.2. 3-сыныпта информатиканы оқытудың
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сагат)
Сабақ нөмірі |
Тақырыптар мазмүны |
Сағат саны |
1-сабақ |
Компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері. Техника қауіпсіздігі. Көз жаттығулары |
1 |
2-сабақ |
Компьютердің даму тарихы |
1 |
3-сабақ |
Әрекеттер |
1 |
4-сабақ |
Кері әрекеттер |
1 |
5-сабақ |
Алгоритмдер |
1 |
6-7-сабақ |
Алгоритм қасиеттері |
1 |
8-сабақ |
Алгоритм түрлері |
1 |
9-сабақ |
Бақылау жұмысы №1 |
1 |
10-сабақ |
Алгоритмді графикалық және блок-сызба түрінде бейнелеу |
1 |
11-12 сабақ |
Сызықтық алгорихм |
2 |
13-16 сабақ |
Тармақталу алгоритмі |
4 |
17-сабақ |
Бақылау жұмысы № 2 |
1 |
18-21 сабақ |
Қайталану алгоритмі |
4 |
22-23 сабақ |
Жиындар |
2 |
24-26 сабақтар |
Жиындарды салыстыру, топтау |
3 |
27-сабақ |
Ішкі жиындар |
1 |
28-сабак. |
Бақылау жұмысы № 3 |
1 |
29-сабақ |
Жиындар арасындағы қатыстар |
1 |
30-32 сабақ |
Терістеу ұғымы. Ақиқат және жалған |
3 |
33-сабақ |
Бақылау жұмысы № 4 |
1 |
34-сабақ |
Қайталау |
1 |
|
БАРЛЫҒЫ |
34 |
2-бөлім. САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ
1-сабақтың тақырыбы: Компьютерлік сыныпта тәртіпті сақтау. Көз жаттығулары. Қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— компыотер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері мен көздің жұмысын қалпына келтіретін жаттығуларды қайталау;
— компьютер сыныбында міндетті, түрде сақталатын тәртіп, тазалық ережелерін әрдайым есте сақтауға оқушыларды үйрету;
— жаңа материалдарды меңгерудегі өткен материадарының өзара байланысын ашу, рөлін көрсету.
Дамытушылық мақсаты:
— компьютерлік технологиямен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтауға оқушыларды дағдыландыру;
— оқушыға өз денсаулығының қоршаған орта мен қоғам үшін маңыздылығьш ашу;
— ақпараттық қоғамда өз орнын табуға бейімдеу.
Тәрбиелік мақсаты:
— оқушыларды тәртіптілікке, жүйелілілікке, сабырлыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;
— өз денсаулығына деген жауапкершілігін тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, көрнекі плакаттар (компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесіне арналған), компьютер, компьютерлік программалар.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалім қайталау сабағын өзара пікір алысу, әңгіме, сұрақ-жауап әдістеріне құра отырып, "Компъютер сыныбына саяхат" сабағы түрінде өткізгені тиімді. Сабақ мазмұнын ойын түріңдегі саяхат сабағына құра отырып, мұғалім ойната отырып, ойландыруға, проблемалық жағдайларды жеңіл де, мазмұнды деңгейде құра білуге, бір-бірінің жауаптарын толықтырып, өз пікірлерін айта білуге, оны дәлелдеуге оқушыға үлкен мүмкіндіктер береді.
Ойын соңында мұғалім жіберілген қателіктерге, жауаптарды талқылап, дұрыс жауабын беріл, оны толық, жан-жақты мазмұңда қосымша мағлұматтармен толықтырып өтеді.
III.Оқулықпен жұмыс.
IV. Сергіту сәті.
V. Жұмыс дәптермен жұмыс.
VI. Жаца сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелерін кім жатқа айтып береді?
2. Кез жаттығуларын қалай орындаймыз, кім көрсетеді?
3. Осы көз жаттығуларын үнемі орындап, тәртіп ережелерін бұзбау не үшін пайдалы және маңызды?
VII. Бағалау.
VIII. Үй тапсырмасын беру. Оқулықта, жұмыс дәптеріңде берілтен материалдарды қайталау. Ережелерді жаттау, көз жаттығуларын дұрыс орындауға жаттығу.
2-сабақтың тақырыбы: ЭЕМ-ның даму тарихы.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік мақсаты:
— компьютер туралы түсініктерін толықтыру;
— оқушыларға ЭЕМ-ның шығу, даму тарихы туралы нақты мағлұмат беру;
— ақпараттық қоғамдағы компьютерлік сауаттылықтың рөлін, маңызын ашу.
Дамытушылық мақсаты:
— оқушыларға ЭЕМ-ның даму тарихы туралы білім бере отырып, ақпараттық қоғамдағы ақпараттық технологиялардың рөлін көрсету;
— бүгінгі күні ақпараттық технологияға (компьютерге) деген қоршаған ортаның, қоғамның көзқарасын көрсете отырып, оқушылардың техниканы сауатты меңгеруге деген қабілеттерін дамыту;
— өз бетімен қосымша материалдарды оқуға, білімін толықтыруға деген дағды қалыптастыру;
— оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмыс жасауға баулу.
Тәрбиелілік мақсаты:
— пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
— оқушылардың қабылдау, ойлау, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз бетімен ізденуге, білім алуға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық, ойындық
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, көрнекі плакаттар (ЭЕМ-ның даму тарихы), компьютер, мультимедиялық электрондық оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Балалар, компьютерді біз бәріміз білеміз, ал оның шығу, даму тарихы туралы не білесіңдер?
2. Компьютерді кім ойлап тапқан?
3. Алғаш шыққан ЭЕМ-дар және бүгінгі күнгі арнаулы компьютерлер арасыңда қандай айырмашылықтар бар?
4. Кім осы арнаулы компьютердің мүмкіңдіктерін рет-ретімен айтып береді?
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім оқушылардың берген жауаптарын талдап және толықтыра келе жаңа сабақты ертегі, әңгіме түріңде баяндауға құрғаны ұтымды. Мұнда мұғалім өз әңгімесін ерте кездегі адамдардың, соның ішінде, гректер мен мысырлықтардың, абак — есеп шоты құрылғысы ретінде пайдаланудан бастағанын кейін шетел ғалымдарының Блез Паскаль, Г. Лейбниц және т.б. ғалымдардың арифметикалық амалдарды орыңдауға арналған құрылымдарды ойлап тапқаңдары туралы мәліметтер беруден бастайды. Әңгіме барысында есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі жетістіктерді айта келе, басты назар 1970 жылдары шыққан есептеуіш машиналар және 1984 жылы шыққан арнаулы компьютердің 1-моделіне жан-жақты түсінік беріледі. Бүгінгі таңда қолданылып жүрген арнаулы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы күнделікті өмірдегі қолданылу саласына қарай мысалдар келтіре отырып баяндайды.
Сонымен қатар мүғалім мүмкіндігіне қарай программалық құралдарды, Интернетті, электрондык поштаны пайдаланып, техниканың бүгінгі жеткен жетістіктерін көрсетудің пайдасы зор.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Сергіту сәті.
VI. Жұмыс дәптермен жұмыс.
VII. Жаңа сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Алғашқы құрылғының шығу тарихын кім айтады?
2. Компъютердің 1-моделі қашан жарық керді және оны кім ойлап тапты?
3. Біздің елімізде мектептерде компьютерлер қашан қолданыла бастады?
4. Бүгінгі күні қай фирманың компьютері кеңінен қолданылады?
VIII. Бағалау.
IX. Үй тапсырмасын беру.
Компьютердің шығу және даму тарихы туралы реферат дайындау.
3-сабақтың тақырыбы: Әрекеттер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— оқушыларға заттарды іс-әрекетіне қарап атауды, анықтауды түсіндіру;
— заттарды іс-әрекеттері бойынша талдауға, топтастыруға үйрету;
— тышқанның көмегімен draq and drop операцияларын орындауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— Оқушылардың қоршаған ортадағы заттарды жан-жақты талдай білуге, іс-әрекеттеріне қарай топтастыра білу қабілеттерін дамыту;
— Компьютерде жұмыс істеудің іс-әрекеттерін меңгерте отырып, өз бетімен жұмысқа баулу;
— оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмыс жасауға баулу.
Тәрбиелік мақсаты:
— жүйелелілікке, талдауға, бірізділікке, жұмысын жобалай білуге тәрбиелеу;
— оқушылардың жұмысына деген жауапкершілікті арттыру.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, мультимедиялық электрондық оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Балалар, іс-әрекет дегенді қалай түсінеміз?
2. Күнделікті өмірде оның маңызы қандай, яғни іс-әрекеттерсіз біз өмір сүре аламыз ба? Мысалдар келтіріндер.
3. Сонымен, осы айналадағы заттардың іс-әрекеттерін жақсы білу не үшін керек деп ойлайсыңдар?
4. Сезім мүшелеріне денеміздің қай мүшелері жатады және соған сәйкес қай ақпарат түрлері алынады?
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім жаңа сабаққа шолу бағытында берілген сұрақтарға берген оқушылардың жауаптарын толықгыра келе, жаңа сабақты түсіндіреді.
Бұнда айналадағы заттардың бір-бірінен іс-әрекетіне, түрі, түсі, қасиетіне қарай ерекшелетіні, олардың атқаратын қызметтері туралы нақты мысалдар келтіру арқылы түсіндіріледі. Бізді қоршаған күнделікті ортадағы жанды, жансыз заттардың әрқайсысының өзіне тән іс-әрекеттер атқаратыны, мысалы, жылқы кісінейді, қой маңырайды, қалам жазады, гүл өседі. Сондай-ақ, компьютерді басқару әрекеті көрсетіліп, ондағы тышқан мен пернетақтаның рөлі айтылады. Сабақтың мазмұндылығы мен оқушылардың материалды нақты қабылдауы үшін қоршаған ортадағы жанды, жансыз заттарға арналған суретті картинкалар, буклеттермен қатар мультимедиялық программаларды қолданған тиімді.
IV. Окулықпен жұмыс.
V. Сергіту сәті.
VI. Жұмыс дәптермен жұмыс.
VII. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында ұшты-ұшты, телефон т.б. басқа іс-әрекет мазмұнына құрылған ойындар ойнату,
карточкамен жүмыс түріндсгі жүмыстарды ксңінен пай-даланған дүрыс.
VIII. Бағалау,
IX. Үй тапсырмасын беру. Әрекеттерге арналған суреттерді жинақтау, соған сәйкес өңгіме құрастыру.
4-сабақтың тақырыбы: Кері әрекеттер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— кері әрекет түсінігімен таныстыру;
— оқушыларға кері әрекеттерді анықтай білуді үйрету, оған тән қасиеттерді меңгерту;
— оқушыларға дұрыс және кері әрекеттерді бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру;
— берілген тапсырмаға кері әрекет жасауды үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— оқушыларға іс-әрекеттер туралы түсініктерін кеңейтіп, кері әрекеттердің өзіне тән қасиеттерін меңгерту;
— оқушылардың талдау, жинақтау, салыстыру қабілеттерін дамыта отырып, кері және дұрыс іс-әрекеттердің өзара байланыстылығы мен айырмашылығын көре білуге үйрету;
— өзіндік қорытынды, пікір жасап, оны дәлелдей білуге, тәжірибе жинақтауға баулу;
— шығармашылық жұмысқа машықтандыра отырып, өздігінен бағдарламаны қосу және жұмыс істеу дағдыларын дамьпу.
Тәрбиелілік мақсаты:
— қоршаған ортадағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарып, олардың заңдылықтарын көре білуге тәрбиелеу;
— еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер; дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Балалар, сонымен іс-әрекеттер туралы біз не білдік?
2. Ал компьютердегі іс-әрекет қалай іске асады, оны кім компьютерде көрсетіп береді?
3. Компьютердегі іс-ерекетті басқару құрылғылары қайсы, олардың атқаратын қызметі қандай?
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім өткен сабақта айжан материалды бүгінгімен байланыстыра келе, іс-әрекет арқылы заттың күйін өзгерте алатынымызды түсіндіреді, мысалы киімді кию, қайтадан шешу, теледидарды қосу, оны өшіру. Бұл әрекеттердің басты айырмашылығы: оларды бұрыңғы бастапқы қалпына келтіре алатыңдығында екендігінде, сол себепті олар кері іс-әрекеттер деп аталатынын айтады. Сонымен бірге, кері іс-әрекеттері жоқ іс-әрекеттер де болатындығын нақты мысал негізінде түсіндіріп кетеді. Мысалы сынған ыдыс-аяқ. Сабақта бұған қоса бағдарламаны іске қосу, шығу сияқты жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мән беріледі.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компьютерде жұмыс
VI.Сергіту сәт.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны
1. Сонымен кері іс-әрекеттер дегеніміз не, мысал келтір.
2. Кері іс-әрекеттері жоқ іс-әрекеттерге мысал келтіріңдер. Кім тақтаға дұрыс әрекет пен оған кері әрекетті жазады?
VIIІ. Бағалау.
ІХ. Үй тапсырмасын беру. Оқулықтағы берілген материалдарды қайталау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. Кері іс-әрекетке 3-4 мысал дайындау.
5-сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
-
оқушыларға алгоритм ұғымын түсіндіру;
-
алгоритмді құруға және оны орындауға үйрету;
-
алгоритм атқарушысы туралы беру.
Дамытушылық мақсаты:
-
алгоритм туралы түсінік бере отырып, өз жұмысын жоспарлай білуге оқушыны үйрету.
-
логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге машықтандыру;
-
оқушылардың алгоритмдік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыны өз мақсатына жете білуге, жүйелілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
— оқушыны өз жұмысына есеп беруге, жұмысының нәтижесін көре біліп, жоспарлай білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойыңдық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, мультимедиялық электрондық оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Үйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаца сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Балалар, біз таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін қандай іс-әрекеттер орындаймыз?
2. Ал таңертеңнен кешке дейінгі атқаратын іс-әрекеттерімізді кім айтып береді?
ІІІ. 2.Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім оқушылардың жауабын толықтыра келе, күнделікті іс-әрекеттер негізінде алгоритм ұғымы туралы түсінік береді. Бұнда іс-әрекеттердің жүйелі тізбегі алгоритм деп аталатынын айта отырып, "Әрі қарай жалғастыр" ойыны арқылы сабақты өткізуге болады. Ойын барысында қате айтылған жауаптарды оқушылардың өздеріне тапқызып, оны ұжымды түрде талқылау, түзету жұмыстары орын алғаны дұрыс.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компъютермен жұмыс.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту жүмысын топ немесе парта қатары жарысы түрінде өткізуге болады. Бұнда тақтаға іс-әрекет суреттері ілініп, соған сәйкес алгоритмдерін жазу тапсырмалары беріледі. Тапсырманы ертегі, әңгіме құрастыру сияқты шығармашылық жұмыс түрлерімен толықтыруға болады.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Өз бетімен еркін тақырыпқа алгоритм құрып келу.
6-7-сабақтардың тақырыбы: Алгоритм қасиеттері: түсініктілігі, нәтижелелігі, қадамдылығы, дискреттілігі, жалпылығы.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік мақсаты:
— оқушыларға алгоритм қасиеттері туралы нақты мағлұмат беріп, түсінік қалыптастыру;
— алгоритм қасиеттері туралы түсінік бере отырып, оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
— алгоритм қасиеттерін айқындайтын мысалдар келтіре білуге үйрету;
— алгоритм құруда оның қасиеттерін орынды пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық мацсаты:
— алгоритм қасиеттерінің күнделікті өмірдегі маңыздылығын аша білу арқылы ойлау, елестету, салыстыру, алдын-ала болжау, қиялдау қабілеттерін дамьпу ;
— алгоритм қасиеттерінің өзара байланыстылығы мен ерекшелігін айқындайтын мысалдар арқылы танымдық оқушының қызығушылығын қалыптастыру;
— оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
— өз бетімен ізденуге баулу.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, еңбекқорлыққа, өз жұмысына есеп беруге тәрбиелеу;
— алгоритмдік мәдениетін қалыптастыру .
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, мультимедиялық электрондық оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ.1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Балалар, алгоритм құру барысында басты назарды неге аударамыз?
2. Алгоритмде көрсетілген әрекеттердің сапалылығы немен анықталады?
3. "Көшет отырғызу" алгоритмінің құру әрекеттерін ата және ол алгоритмнің мазмұнын түсіндір.
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім өткен материалды пысықтай отырып, оқушылардың берген жауаптарын толықтыру арқылы "Киіз үй құру" алгоритмін қарастырады. Себебі өтілетін материал өте күрделі. Сондықтан "Киіз үй құру" алгоритмін оның әрбір қасиетіне сәйкес құру әрекеттеріне ерекше назар аудару керек. Аталған мысал арқылы мұғалім оқушыларға алгоритм қасиеттерінің мәні мен маңызын ашады. Оқушыларға айтқан мағлұматтар түсінікті болу үшін "Информатика әлеміне саяхат" мультимедиялық оқулығында берілген "Алгоритм қасиеттері" сабағы басшылыққа алынады.
Сабақ 2-сағатқа жоспарланған және төмендегі мазмұнда беріледі:
6-сабақ. Алгоритм қасиеттері: түсініктілігі, жалпылығы.
7-сабақ. Алгоритм қасиеттері: қадамдылығы немесе дискреттілігі, нәтижелілігі.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компьютермен жұмыс.
"Информатика әлеміне саяхат" мультимедиялық электрондық оқулығында берілген "Ақша қар салу" алгоритмін орындау мен оны талқылау ұсынылады.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жумыс.
VII. Жаңа сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Алгоритмнің әрбір қасиетіне сәйкес мысал келтір және оны түсіндір.
2. "Информатика әлеміне саяхат" мультимедиялық оқулығындағы берілген материалдарға талдау жаса және оны компьютерде көрнекі түрде көрсет.
3. "Үй тапсырмасын орыңдау" алгоритмін құрып, қандай қасиеттері бар екенін түсіндір.
— калькулятор программасының мүмкіндігін сызықтық алгоритмдерді орындауға баули отырып, оқушының алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмысқа баулу;
— алгоритмдік мәдениеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты:
— жүйелілілікке, өз жұмысын жоспарлай білуге тәрбиелеу;
— дүниетанымдарын кеңейтіп, қоршаған ортаны бағалап, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, плакаттар ("Сызықтық алгоритмнің қызметші сөздері, жазылу ережесі, графиктік түрде бейнеленуі"), мультимедиялық электрондық оқулық "Информатика әлеміне саяхат"
Сабақтын өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу жасау.
Мұғалім алдын-ала дайындаған тапсырмалар арқылы өткен материалдарды еске түсіреді. Тапсырмалар тақтаға плакат түрінде, оқушыларға берілетін үлестірмелер (нашар үлгеретін оқушылар үшін) түрінде дайындалады.
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім оқушылардың тапсырмалардың орындалу қорытындысына өз бағасын бере келіп және оны толықтыр, отырып, жаңа сабақты түсіндіреді. Бұңда жарлықтар бірінең соң бірі тізбектеліп орындалатын болса, онда ол алгоритм сызықтық алгоритм екендігін және оны күнделікті өмірден алынған мысалдар негізінде баяндайды. Мысалы, хат жазу, сыйлық дайындау, туған күн кешіне бару, тамақ пісіру т.б.
Материал 2 сағатқа жоспарланған. Сондықтан 1-сағат материалды түсіңдіруге бағытталса, ал 2-сағат практикалық сабаққа арналады. Сабақ құрылымы төмендегі мазмұнда беріледі:
11-сабақ. Сызықтық алгоритм.
12-сабақ. Алгоритмдерді Калькулятор программасын пайдаланып, орындау.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компьютермен жұмыс.
"Информатика әлеміне саяхат" мультимедиялық электрондық оқулығында берілген материалдарды шолу, сызықтық алгоритмге берілген тапсырмаларды орындап, нәтижесін компьютерде көрнекі түрде көру.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Бұнда мұғалім оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың жаңа сабақ тақырыбына сәйкес келетін алгоритм құруға, оны шағып әңгімеге ұластыру сияқты тапсырмалар негізінде бекіткені тиімді.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Өз ойынан сызықтық алгоритмге 3-4 мысал жазып келу.
13-16-сабақтардың тақырыбы: Тармақталу алгоритмі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— тармақталу алгоритмі туралы түсінік беру;
— қызметші сөздер арқылы шарттарды жазуды үйрету;
— оқушыларды тармақталу алгоритмін орындауға дағдыландыру;
— шартты тұжырымдарды құра білу дағдысын оқушыларда қалыптастыру;
— тармақталу алгоритмін орындауда компьютердің мүмкіндігін пайдалана білуге оқушыларды жаттықтыру;
— компьютерді математика сабағында тиімді оқыту құралы ретінде қолдана білуге үйрету;
— тармақталу алгоритмінің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес оқушының меңгеру деңгейін анықтау;
— Paint графикалық редакторында оқушыларды тармақталу алгоритмдерінің блок-сызбасын сызуға үйрету;
— тармақталу алгоритмдерін бейнелейтін геометриялық фигураларды графикалық редакторлардың көмегімен түрлендіре білуге үйрету;
— компьютерде алгоритммен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
— тармақталу алгоритмінің күнделікгі өмірдегі мәнін аша білуге жаттықтыру;
— тармақталу алгоритмінің бағдаршам ережесін сақтаудағы маңызын көрсету, оны тиімді қолдана білуге үйрету;
— пәнаралық байланыстың мәні мен маңызын ашатын мысалдар келтіре білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін тармақталу алгоритмін құру арқылы дамыту;
— тармақталу алгоритмімен жұмыс істеу және орындауға компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана білу шеберліктерін дамыту.
— компьютерді математика сабағында еркін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
— мультимедиялық электрондық оқулықтар арқылы тармақталу алгоритмін компьютерде көрнекі түрде меңгертіп, практика жүзінде шындай түсуге көмектесу;
— компьютердің көмегімен шығармашылық жұмыстарды орындауға баулу;
— тармақталу алгоритмдерін бейнелейтін сызбаларды түрлендіруде графикалық редактордың мүмкіндіктерін оқушыларға ашу;
— күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстарды, олардың заңдылықтарын айыра білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;
— алгоритмдік сауаттылығын қалыптастыру;
— оқушыларды байқампаздыққа, еңбекқорлыққа, ой қорытындысын жасай білуге, өз жұмысының нәтижесін көре білуге тәрбиелеу;
— қоршаған ортадағы заңдылықтарды көре білуге, бағалауға үйрету;
— пәндерден алған білімдерін тиімді қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, ойындық, практикалық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дөптері, компьютер, плакаттар ("Тармақталу алгоритмінің қызметші сөздері, жазылу ережесі, графиктік түрде бейнеленуі"), мультимедиялық электрондық оқулық "Информатика әлеміне саяхат".
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны.
1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не, мысал келтір.
2. Сызықтық алгоримнің басты ерекшелігі неде, оны мысал келтіру арқылы дәлелдеп бер.
Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім жаңа сабақты өткен сабақлен байланыстыра түсіндіреді. Бұнда ол оқушыларға әрекеттердің атқарылу реттілігі белгілі бір шарттарға байланысты өзгеріске ұшырай отырып орындалатын болса, онда ол алгоритм тармақталу алгоритмі деп аталатындығын атап өтеді. Басты назар алгоритмді атқару барысында шарт орындалса, әрекет атқарылатынын оқушыға жете меңгертуге бағытталады. Мұғалім оны бағдаршам, ауа-райына қатысты нақты мысалдар негізінде жан-жақты талдап, түсіндіреді. Тармақталу алгоритмін графиктік түрде бейнелеудің ерекшеліктерін көрнекі түрде түсіндіру оқушылардың материалды жан-жақты меңгеруіне игі әсерін тигізеді. Мультимедиялық электрондық оқулықта берілген "Тармақталу алгоритмі" бөліміндегі материалдарды оқушылардың өздігінен игеру мақсатында беру өзіндік білім алу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұл материал 4 сағатқа бөлінген. Сондықтан 1-сағат теория мен практиканы араластырып өтуге бағытгалса, ал 2-4-сабақ пәнаралық байланысты, яғни математика, жолда жүру ережесі пөндерінде берілген материалдарды тармақталу алгоритмін қолданып жазу әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Блок-сызбадағы кескіндерді салуда графикалық редактордың мүмкіндігін қолдану ұсынылады.
Сабақ құрылымы төмендегі мазмұнда беріледі:
13-сабақ. Тармақталу алгоритмі.
14-сабақ. Компьютер — математика сабағыңда. Тармақталу алгоритміне практикалық жұмыс.
15-сабақ. Paint графикалық редакторында сызу тармақталу алгоритмдерінің блок-сызбасын.
16-сабақ. Компъютер "жолда жүру ережесі" сабағыңда.
Тармақталу алгоритмдеріне арналған практикалық жұмыс. Алгоритмдерді бағдаршам ережелеріне пайдалану.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компыотермен жұмыс. Мулътимедиялық электрондық оқулықта берілген "Тармақталу алгоритмі" бөлімін теориялық материалдарды меңгертуге және онда берілген тапсырмаларды компьютерде орындату арқылы практикалық сабақты жүргізуге пайдалану тиімді.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Тармақталу алгоритмінің анықтамасын айтып беріндер және онда қандай қызметші сөздер қолданылады. Мысал келтір.
2. Тармақталу алторитмінің күнделікті өмірдегі маңызы қандай?
3. Тармақталу алгоритмін графиктік түрде бейнелеу кескіңдерін ата. "Егер компьютер Интернет желісіне қосылса, онда мен ....." мысалын аяқтап, блок-сызбасын сызып, тармақталу алгоритмін жаз.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Оқулықта, жұмыс дәптерде берілген материалдарды қайталау, тапсырмаларды орындау. Тармақталу алгоритміне 3-4 мысал дайындап келу.
17-сабақ. Бақылау жұмысы - № 2
Мақсаты:
— өткен материалдарды қайталау және бекіту;
— бақылау жұмысын өткізу арқылы оқушылардың білімін тексеру және меңгеру деңгейін анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар
Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Екі нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Мұғалім тапсырмаларды оқып, түсіндіреді. Оқушылар дәптерге аты-жөндерін жазып, тапсырмаларды өздігінен орындауы тиіс.
18-21-сабақтардың тақырыбы: Қайталану алгоритмі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— қайталану алгоритмі туралы түсінік беру;
— қайталану алгоритміндегі қызметші сөздердің жазылу форматын үйрету;
— қайталану алгоритмін құруды және орындауды үйрету;
— қайталану алгоритмінің графиктік түрде бейнеленуін үйрету;
— компьютердің графикалық, мәтіндік мүмкіндіктерін алгоритмдерді жаза білуге дағдыландыру;
— мультимедиялық электрондық оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты.
-
қайталану алгоритмі туралы түсінік бере отырып, алгоритм туралы мағлұматтарын кеңейгу;
-
алгоритмдерді құру заңдылықтарын меңгерту арқылы алгоритмдік сауаттылығын дамыту;
-
қайталану алгоритмін құруда елестету, ойлау, сурет салу, жоспарлау, салыстыру, талдау, жүйелей білу қабілеттерін дамыту;
-
мультимедиялық электрондық оқулық арқылы өз бетімен білім алу, іздену арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік мақсаты:
— алгоритмдер құру арқылы өзін-өзі бағалауға, өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыра білуге тәрбиелеу;
— оқушыларды байқампаздыққа, ой қорытындысын жасай білуге, өз жұмысына есеп бере білуге тәрбиелеу;
— алгоритмдік қабілетін қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын кернекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, плакаттар ("Қайталану алгоритмінің қызметші сөздері, жазылу ережесі, графиктік түрде бейнеленуі"), мультимедиялық электроңцық оқулық "Информатика әлеміне саяхат".
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Алгоритм түрлерін ата. Тармақталу алгоритміне мысал келтір.
2. Сызықтық алгоритм мен тармақталу алгоритмі арасындағы өзара байланыстылық пен ерекшелікті айқындайтын мысал келтір және оны түсіндір.
3. Алгоритм түрлерін графиктік түрде бейнелеу ерекшеліктерін ата. Мысал келтір.
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім өткен материалмен байланыстыра келе алынған жауаптарды сараптап, толықтыра келе, жаңа сабақты түсіндіруге көшеді. Өз сөзінде жарлықтары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм қайталану алгоритмі деп анықтаманы айта келе "Егін жинау" алгоритмі арқылы оның мәні мен мағынасын ашып, яғни егінді егу, суару, күту, жинау сияқты бірнеше рет қайталанатын әрекеттер арқылы жүзеге асатындығын түсіндіреді. Сондай-ақ, кейбір алгоритмдерде белгілі бір шарттардың сақталу аяқталғанша бірнеше рет қайталанатын команданың бөлігін циклі денесі деп атайтындығын оқулықтағы материалмен байланыстыра отырып, түсіндіру көзделеді. Мультимедиялық электрондық оқулықта берілген «қайталану алгоритмі» бөлімі оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасалатындай етіп компьютерді практикалық жұмыстар жасату қажет.
Бұл материал 4 сағатқа жоспарланған. 1-сабақ теориялық материалды меңгеруге негізделсе, ал 2-4 сабақ практикалық сабақтарға негізделеді. Практикалық сабақтарда қайталану алгоритмін блок-сызба арқылы құру, пәнаралық байланысты ашатын тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындап, талқылау, компьютердің графикалық, мәтіндік мүмкіндіктерін қайталану алгоритмін жазуға пайдалану және т.б. жұмыс түрлері орын алды.
Сабақ құрылымы төменгі мазмұнда беріледі:
18-сабақ. Қайталану алгоритмі.
19-сабақ. WordPad мәтіндік редакторында алгоритмдер жазу. Алмасу буфері. Қию. Көшіру.
20-сабақ. Қайталану алгоритмдерінің блок-сызбасын Paint графикалық редакторында сызу. Алмасу буфері. Қию. Көшіру.
21-сабақ. Калькулятор программасын пайдаланып, алгоритмдерді орындау.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компьютермен жұмыс.
Мультимедиялық электрондық оқулықта берілген "Қайталану алгоритмі" бөлімін теориялық материалдарды меңгертуге және онда берілген тапсырмаларды компьютерде орындату арқылы практикалық сабақты жүргізуге пайдалану тиімді.
VI. Сергіту сәті.
VII.Дәптермен жұмыс.
VII. Жаңа сабақты бекіту.
Берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Қайталану алгоритмінің анықтамасын айтындар. Қандай қызметші сөздер қолданылады. Мысал келтір.
2. Қайталану алгоритмінің басқа алгоритм түрлерімен байланыстылығын анықтайтын мысалдар келтір және оны түсіндір.
3. Қайталану алгоритмінің күнделікті өмірдегі маңызы қандай?
4.Қайталану алгоритмін графиктік түрде бейнелеу кескіндерін ата. "Қазақстан "сезінде "а" әрпі қанша рет кездесетінін анықтап, блок-сызбасын сызып, қайталану алгоритмін жаз.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Оқулықтағы берілген материалдарды қайталау. Әрбір сабаққа сәйкес мұғалімнің тандауы бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар беру.
22-23 сабақтардын тақырыбы: Жиындар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— жиын туралы алған білімдерін пысықтау, қайталау;
— жиын және оның элементтеріне тән негізгі қасиеттерін меңгеру деңгейін анықтау;
— жиындарды бір-бірінен ажыратып, талдай білуге үйрету;
Дамытушылық мақсаты:
— пәнаралық байланыстың маңыздылығын жиын ұғымын меңгерту арқылы ашу;
— жиын және оның элементтерін жұмыс жасау барысында оқушылардың логикалық ойлау, елестету, жобалау қабілеттерін дамыта отырып, күнделікті өмірдегі олардың мәнін ашу;
— өз бетімен іздену, білімін толықтыру арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік мақсаты:
— жиындардың негізгі белгілері арқылы олардың элементтерін анықтау мүмкіңдіктері мен өзіне тән негізгі қасиеттерін көре біліп, оларды бағалай білуге тәрбиелеу;
— оқушыларды байқампаздыққа, ой қорытыңдысын жасай білуге, өз жұмысына есеп бере білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, плакаттар ("Жиын және оның элементтері"), мультимедиялық электрондық оқулық "Жиындар".
Сабақтың өту барысы:
І. Үйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтармазмұны:
1. Жиын дегеніміз не? Мысалмен түсіндір.
2. Өткен 2 сыныпта біз жиын туралы не оқыдық?
3. Жиынның элементтері дегенді қалай түсінесің?
4. Жиынның маңыздылығы неде, мысал негізінде түсіңдір.
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім өткен материалды еске түсіру негізінде және жауаптарды толықтыра келе, оқушыларға жиындар, олардың элементтері туралы мысалдарды жан-жақты талдау негізінде қорытып өтеді: Мұғалім материалды баяндау барысында оқушылармен бірлесе отырып, мысал келтіру, оны талдау жұмысын басшылыққа алған жөн. Сабақта қабаттасқан жиын туралы түсінік беріліп, ол мысалы, "Барлық компьютерлер - құрылғылар" жиынының элементтері негізінде түсінік беріледі.
Сабақ 2-сағатқа жоспарланған. Екеуі де практикалық сабаққа негізделген. Сабақты өткізу барысы 2-сыныпта берілген материалдарды қайталау, пысықтау, дамыту негізінде құрылған. Мулътимедиялық электроңдық оқулықта берілген тапсырмаларды орындап, оны талдап, нәтижесіңде жиынның және оның элементтері ұғымының мәні мен мағынасын ашуға бағытгалады.
Сабақ құрылымы төменгі мазмұнда беріледі:
22-сабақ. Жиындар.
23-сабақ. Компьютер — бейнелеу өнері сабағыңда.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компъютермен жұмыс.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңа материалды "Бұл қай жиын", "Жиын элементтерін тап" сияқты ойын ұйымдастыру мен суретті картинкалар, электрондық карточкалар арқылы бекіткен тиімді.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру.
Дәптердегі 5-6 тапсырмаларды орындап, талдау жасау.
24-27 сабақтардың тақырыбы: Жиындарды салыстыру мен топтау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— жиындарды салыстыру мен топтау туралы оқушыларға нақты түсінік беру;
— топ, топтау ұғымдарының ерекшеліктерін меңгерту;
— ішкі жиындар ұғымын, ортақ жиындар мен біріккен жиындар мағлұматын қалыптастыру;
— күнделікгі өмірдегі жиындарды салыстыру, топтай білу дағдыларының маңызын ашуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— пәнаралық байланыс негізінде білімдерін толықтыру;
— жиындарды салыстыру мен топтау туралы білімдерін нақтылай отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту;
— жиынның салыстыру мен топтау ұғымдарын кеңейту арқылы оқушыларды өзіндік талдауға жәнс өз бетімен ізденуге баулу;
— ақпараттық мәдениеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыларды жүйелілікке, ой ұшқырлығына, еңбекқорлыққа, ой қорытындысын жасай білуге, оз жұмысының нәтижесін көре білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, плакаттар ("Жиындардың салыстыру мен топтауды бейнелейтін суреттер"), мультимедиялық электрондық оқулық "Жиындарды салыстыру мен топтау".
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Жиынның мәні мен маңызын анықтайтын мысал келтір және оны түсіндер.
2. Өткен сабақта біз жиын туралы жаңадан не білдік?
3. Заттарды қалай салыстырамыз?
4. Үлкен, кіші, көп, аз ұғымдардың ерскшелігі неде, оны заттарды салыстыру кезінде пайдалана аламыз ба? Мысал келтір.
5. Топ дегенді қалай түсінесіңдер? Заттарды қалай топтаймыз? Мысал келтір.
III. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім айтылған жауаптарды толықтыра келе, тақтадағы плакатқа сүйене отырып, жиындар, оларды салыстыру мен топтауға берілген тапсырма мысалдарды талдайды. Жаңа сабақты түсіндіру барысында "Информатика әлеміне саяхат" мультамедиялық электрондық оқулығындағы берілген материалдарды компьютерде көрнекі түрде қолдану ұсынылады. Жиындарды салыстыруда да санына қарай анықталып, салыстыра алатынымызды мысалдар арқылы түсіндіреді. Жиын және оларды топтау мәселесінде топ — бұл ортақ белгілері бойынша әрекеттері, түстері, түрлері, кескіні, өмір сүру ортасы т.б. жиын элементтерін бөліп алу болса, топтау — бұл жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін немесе белгілерін анықтай білу деп анықтамасын бере келе мысалдар негізінде дәлелденеді. Мұғалімнің шығармашылық деңгейіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне қарай сабақты түрлендіріп өткізуге болады.
Сабақ 4-сағатқа жоспарланған. Берілген сағаттардың барлығы да практикалық сабаққа бағшталып, ұйымдастырылады.
Сабақ құрылымы төменгі мазмұнда беріледі:
24-сабақ. Жиындарды салыстыру топтау.
25-сабақ. Компьютер математика сабағында
26-сабақ. Компыотер — қазақ тілі сабағында.
IV. Оқулықпен жұмыс
V. Компьютермен жұмыс
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Мұғалім оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін оқулықта берілген тапсырмалар негізінде немесе қосымша тапсырмалар дайындау арқылы бекітіледі.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Оқулықтағы берілген материалдарды қайталау. Жұмыс дәптеріңдегі 5-6 тапсырманы орындап, талқылау.
28-сабақ. Бақылау жұмысы № 3.
29-сабақтардың тақырыбы: Жиындар арасындағы қатыстар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
— оқушыларға жиындардың бірігуі мен қиылысуы туралы түсініктерін толықтыру, нақтылау;
— ортақ жиындар мен біріккен жиындар мағлұматын қалыптастыру;
— жиындар туралы білімдерін бекіту;
— жиындардың өзіне тән белгілерін анықтау арқылы оларды талдай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— пәнаралық байланыс негізінде білімдерін толықтыру;
— информатика пәнінде жиын ұғымының алатын орнын анықтап, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту;
— жиынның бірігуі мен қиылысуын ұғымдарын кеңейту арқылы оқушыларды өзіндік талдауға және өз бетімен ізденуге баулу;
— ақпараттық мәдениеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыларды жүйелілікке, ой ұшқырлығына, еңбекқорлыққа, ой қорытындысын жасай білуге, өз жұмысының нәтижесін көре білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, плакаттар ("Жиындар арасындағы қатыстарды бейнелейтін суреттер"), мультимедиялық электрондық оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Жиын арасындағы қатыстарға мысалдар келтір және оның мәні мен мағынасын түсіндір.
2. Жиындардың қиылысуы мен бірігуі туралы не білеміз, мысал негізінде кім түсіндіріп береді?
4. Айтылған жауаптарды толықтыратындар бар ма?
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім айтылған жауаптарды толықтыра келе, тақтадағы плакатқа сүйене отырып, жиындар арасындағы қатыстарды анықтауға берілген тапсырма-мысалдарды талдайды. Жаңа сабақты түсіндіру барысында "Информатика әлеміне саяхат" мультимедиялық электрондық оқулығындағы берілген материалдарды компьютерде көрнекі түрде қолдану ұсынылады. Жиындар арасындағы қатыстар тақырыбын күңделікті өмірде кездесетін атап айтқанда, "жеңіл көліктер жиыны", "ақпараттық технология жиыны" т.б. мысалдармен, байланыстыру оқушылардың материалды тез, әрі тиімді игеруіне ықпал тигізеді. Аталған материалды ойын түрінде ұйымдастыруға да болады, атап айтқанда, "Ғажайып алаң", "Кім миллион ұтады?" және т.б. түріндегі шығармашылыққа бағыттағы ойын түрлерін алуға болады.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компьютермен жұмыс.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
1. Жиынның арасындағы қатыстарға мысалдар келтіріп, олардың қандай айырмашылығы бар екенін түсіндір.
2. Жиынның қиылысуына 1-2 мысал келтіріп, түсіңдір.
3. Жиынның бірігуі мен қиылысуы қай пәнде жиі кездеседі? Оған мысал келтір.
4. Жиынның бірігуі мен қиылысуына мысал келтіріп, мағынасын түсіндір.
IX.Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Жұмыс дәптеріндегі 5-6 тапсырманы орында.
30-32-сабақтардың тақырыбы: "Терістеу" ұғымы. "Ақиқат" және "жалған" тұжырымдар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
-
оқушыларға терістеу ұғымы туралы түсінік беру;
-
оқушыларға логикалық тұжырым, "ақиқат" және "жалған" тұжырымдар туралы түсініктерін кеңейту;
-
логикалық тұжырым жасай білудің маңыздылығын меңгерту;
-
"ақиқат" және "жалған" тұжырымдарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
— күңделікгі өмірде терістеу ұғымының мәні мен маңыздылығын мысалдар арқылы көрсету;
— логикалық тұжырым жасай білудің маңыздылығын ашу;
— ақиқат пен жалған тұжырымның өзара ерекшелігін ажырата білуге үйрету;
— оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік мақсаты:
— оқушыларды жүйелілікке, ой ұшқырлығына, еңбек-қорлыққа, ой қорытындысын жасай білуге, өз жұмысының нәтижесін көре білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: дәрістік, көрнекілік, практикалық, ойындық.
Сабақта пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, плакат ("Ақиқат және жалған"), мультимедиялық электрондық оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. 1. Жаңа сабаққа шолу мақсатында берілетін сұрақтар мазмұны:
1. Логика ұғымың бұған дейін қай пәнде кездестірдіңдер?
2. Сөздердің терістеу мағынасын қалай түсінесіндер? Мысалы, үлкен — кіші, жақсы-жаман әрі қарай жалғастырып, терістеу ұғымын кім түсіндіріп береді?
3. Ақиқат және жалған ұғымдарына мысал келтіріп, айырмашылығын көрсет.
ІІІ. 2. Әдістемелік нұсқаулар
Мұғалім өткен материалды оқушылармен қайталап болғаннан кейін, сынып оқушыларына жаңа материалды меңгерту алдында жалпылама сұрақтар қояды. Сұраққа жауап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Оқушылардың жауабын талқылағаннан кейін мұғалім "терістеу" ұғымын түсіндіреді (оқулықтағы 53-бет). Мұғалім "Информатика әлеміне саяхат" мультимедиялық электрондық оқулықтағы "Терістеу" материалын компьютерде түсіндіру ұсынылады. Ақиқат, жалған ұғымдарын пысықтау және алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыру мақсатында "Аукцион", "He? Қайда? Қашан?" т.б. танымдық ойындарды кеңінен пайдалану тиімді.
Бұл материал 3 сабаққа есептелінген. Барлық берілген сағаттар практикалық сабақтар ретінде өткізуге бағытталады.
Сабақ құрылымы төменгі мазмұнда беріледі:
30-сабақ. Терістеу ұғымы. Ақиқат және жалған.
31-сабақ. Тұжырым.
32-сабақ. Тұжырымдарды математика сабағында пайдалану.
IV. Оқулықпен жұмыс.
V. Компъютермен жұмыс.
VI. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
1. Терістеу дегеніміз не?
2. Ақиқат және жалған пікірлерінің бір-бірінен ерекшелігі қандай? Мысалдар келтір.
3. Терістеу қандай қызметші сөз арқылы жазылады? Мысал келтір.
4. Ақиқат және жалған пікірлер болып табылатын 3-4 мысал ойласындар.
IX. Бағалау.
X. Үй тапсырмасын беру. Жұмыс дәптеріндегі 3-4 тапсырманы орындау. Оқулықтағы материалдарды қайталау және өз беттерімен шығармашылық тапсырмалар дайындау.
33-сабақ. Бақылау жұмысы- № 4
Мақсаты:
— өткен материалдарды қайталау және бекіту;
— бақылау жұмысын өткізу арқылы оқушылардың білімін тексеру және меңгеру деңгейін анықтау.
Әдістемелік нұсқаулар
Бақылау жұмысы екі нұсқадан турады. Екі нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Мұғалім тапсырмаларды оқып, түсіндіреді. Оқушылар дәптерге аты-жөндерін жазып, тапсырмаларды өздігінен орындауы тиіс.
34-сабақ. Қайталау.
Мақсаты:
— бақылау жұмысын талдау;
— бақылау жұмысында жіберілген қателерді қарап, талқылау;
— өткен материалдарды қайталау, оқушылардың білімін бекіту.
Әдістемелік нұсқаулар
Өткен материалдарды қайталап, пысықтау. Материалдарды еске түсіріп, бекіту үшін сөзжұмбақтарды шешкізуге болады.

