3-тоқсан. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

3-тоқсан. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептің 6-сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары оқушылардың тоқсандағы алған білімін жинақтап, тексеруге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым - 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны – 30


Тапсырма түрлері:

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Та псыр ма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл


Тыңдалым тапсырмалары

6.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.1.3.1-тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінy

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 120-130 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда оқушы бір дұрыс жауапты белгілеп, мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгенін көрсетеді. Төртінші тапсырмада мәтінде жауабы бар сұрақты белгілеп, мазмұнға қатысты ақпаратты анықтаса, бесінші тапсырмада мәтін мазмұнына байланысты сұраққа толық жауап жазады. Баланың өзіндік жауабы да ескеріледі. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

Көп таңдауы бар сұрақтар



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді тыңдау –

3-мин.

1 – 1 мин.

2 – 1 мин.

3 – 1 мин.

4 – 1 мин.

5 – 1 мин.


Жалпы уақыт –

8 мин.




1 – 1 б.

2 – 1 б.

3 – 1 б.

4 – 1 б.

5 – 1 б.


Жалпы балл –

5 балл

Оқылым тапсырмалары


6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру

6.3.4.1 - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру


Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 140-150 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтіннің мазмұндық құрылымына қарай мәтін бөліктерін ретімен орналастырады. Екінші тапсырмада мәтін мазмұны бойынша берілген негізгі ақпараттардың ішінен жанама ақпаратты ажыратады. Үшінші және төртінші тапсырмада оқылым мәтінінің тақырыбын қойып, негізгі ойын анықтайды. Бесінші тапсырмадағы сұраққа оқушы өз біліміне сүйене отырып жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдаланып, алған білімін өмірдегі жағдаяттарға байланысты өз ойын білдіруде қолдана алуын бағалайды.

Көп таңдауы бар сұрақтар




Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқу –

4 мин.

1 – 1 мин.

2 – 1 мин.

3 – 2 мин.

4 – 2 мин.

5 – 2 мин.


Жалпы уақыт –

12 мин.




1 – 1 б.

2 – 1 б.

3 – 1 б.

4 – 1 б.

5 – 1 б.


Жалпы балл –

5 балл

Жазылым тапсырмасы

6.5.1.5 - етістіктің шақтарының (жедел өткен шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

6.4.3.1 - жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу

6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу

6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік жазу


6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

6.2.5.1 - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, етістіктің шақтарының (жедел өткен шақ) қызметін, теңеу, эпитет сөздерді орынды қолдануын бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20 мин.

10 б.

Айтылым тапсырмасы

Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек). Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады, әр білім алушыға 2 минут беріледі.

Барлығы:

10

Барлығы:

40 минут

30 балл


Мысал үлгілері және балл қою кестеcі

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым

«Мамандық» сөзі латын тілінен аударғанда «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің мағынасын жастардың көбі біле бермейді. Бұрынғы заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмаған. Әр адам қолынан келген кәсіппен айналысып өмір сүрген.

Ал қазір ше? Қоғамның дамып, нарықтық қарым-қатынастың өмірге келуіне байланысты заман талабына сай әртүрлі мамандық пайда болды. Мамандық таңдау деген – өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдау үшін адам, ең алдымен, өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, қалауына сүйенгені дұрыс.

(128 сөз)

Дереккөз: https://massaget.kz/okushyilarga/otandasyindyi_okyi/33187

(өңделген)

1. Мәтіннің бастапқы бөлігіне сәйкес тірек сөздерді белгілеңіз.

  1. болашақ, жастар, өмір сүрген

  2. мамандық, бұрынғы заман, адам

  3. латын тілі, сөйлеу, жариялау

  4. мамандық, сөз мағынасы, жастар [1]

2. Мәтін мазмұнына сәйкес тақырып таңдаңыз.

  1. Кәсіп түбі – нәсіп

  2. Мамандық таңдау – жауапты іс

  3. Мен таңдаған мамандық

  4. Болашақ мамандықтары [1]


3. Сөйлемді мағынасына қарай толықтыратын сөзді анықтаңыз.

«Мамандық таңдау – өте жауапты, ... іс».

  1. дайындықты

  2. қарапайым

  3. маңызды

  4. қабілеті [1]


4. Мәтінде жауабы бар сұрақты «+» таңбасымен белгілеңіз.

  1. Бұрынғы заманда мамандықтың қандай түрлері болған?



  1. Мәтінде қандай мамандықтар атаулары кездеседі?



  1. Мамандық нені талап етеді?


[1]

5. Сұраққа толық жауап беріңіз. Мамандық таңдауда адам өзінің қандай қасиеттеріне көңіл бөлгені дұрыс?

___________________________________________________________________________________________________________________________________[1]


Оқылым

1. Мәтін бөліктерін мұқият оқып, мазмұндық құрылымына қарай ретімен орналастырыңыз.

1. Басы


2. Ортасы


3. Соңы


[1]

А) Бұл қалаларда жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын. Кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.

В) VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апаттардың куәсі болды. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн тағы басқа көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

С) Ұлы Жібек жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс елдері арасында мәдени және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

(147-сөз)

Дереккөз: https://www.google.com/amp/s/massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/562/amp/

(өңделген)

2. Мәтін мазмұнына қатысты бір жанама ақпаратты анықтаңыз.

Ақпарат

А

Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болды.

В

Жібек жолының бойындағы көне қалалар бірталай апаттардың куәсі болды.

С

Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батыс елдері арасында мәдени және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

[1]

3-4. Мәтінді мұқият оқып, тақырыбы мен негізгі ойын жазыңыз.

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің негізгі ойы




[2]

5. Бұл қала ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.

Сұраққа толық жауап беріңіз. Бұл қай қала?

______________________________________________________________ [1]


Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, теңеу, эпитет сөздерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.


1. «Тарихи-мәдени ескерткіштер – ел тарихы»

Мұғалім сабақта өтілген тақырыпты қорытындылау мақсатында «Тарихи-мәдени ескерткіштер – ел тарихы» тақырыбында оқушыларға өз ойларын жазуға тапсырма берді. Ойыңызды дәлелдеп пайымдау мәтінін жазыңыз.


2. Сіз жазғы демалыста ата-анаңызбен бірге еліміздің көрікті жерлерін араладыңыз. Сапар барысында екі күнде болған жерлеріңізді, алған әсеріңізді сипаттап күнделік жазыңыз.

[10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалог құрауда ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

[10]

Ұсынылатын тақырыптар

1. Менің болашақ мамандығым

2. Менің өлкем – неткен көркем!

3. Ұлылар мекені (Белгілі тұлғалар туралы)

4. Ұлы Жібек жолы бойында болған қандай көне қалаларды білесіз?

5. «Мамандық таңдау – болашағыңыздың бір кірпішін дұрыс қалау» дегенді қалай түсінесіз?






Балл қою кестесі

Тыңдалым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

D

1

5

2

B

1

3

C

1

4

C

1

5

Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, қалауына сүйенгені дұрыс.

1

Оқылым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

1. Басы – C)

2. Ортасы – В)

3. Соңы – А)


1

5

2

B

1

3

Мәтіннің тақырыбы: Ұлы Жібек жолы

1

4

Мәтіннің негізгі ойы: Ұлы Жібек жолының маңызы

1

5

Бұл – Түркістан қаласы.

1


Жазылым

Балл

Мазмұны мен тіл сапасы

9-10

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойы жүйелі, лексикалық минимум қолданысы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Грамматикалық (етістіктің шақтарын, қосымшаларды үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай) және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8


Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Грамматикалық (етістіктің шақтарын, қосымшаларды үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай) және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

5-6

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Грамматикалық (етістіктің шақтарын, қосымшаларды үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай) және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3-4

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Грамматикалық (етістіктің шақтарын, қосымшаларды үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай) және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1-2

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі.

Грамматикалық (етістіктің шақтарын, қосымшаларды үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай) және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.


Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10

Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға шапшаң әрі орынды жауап береді. Ойы жүйелі, лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын, орфоэпиялық нормаларды өте орынды қолданады. Елеусіз қателері бар, бірақ ол ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8

Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға ойланып жауап береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын, орфоэпиялық нормаларды орынды қолданады. Арасында аздаған қателер жібереді, бірақ ойы түсінікті.

5-6

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын, орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

3-4

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын, орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

1-2

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, сөз қайталаулар өте көп.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі