400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

3d көбелектер

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мақала.

Бала тәрбиесі- келешек ұрпақ тәрбиесі.

Отбасы- адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты.Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі-отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек.Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне тәрбиелеген абзал.Егеменді еліміздің де ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Отбасында басты мәселе баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру.Ол үшін баланың күн тәртібі,жеке басына қойылған талаптар мен міндеттер,үй еңбегіне араласуы,білімі,қызығушылықтары,бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізеді. Жалпы баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына,болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді.Өз халқын сүйе білген жас ұрпақтың бойында ұлттық намыс та,ұлттық рух та,жарасымдылық та молынан табылады.Жас өскін талшыбық сияқты иілгіш келеді.Оны аялап, мәпелесең,бәйтерек секілді болып өседі.Аяулы анасының әлдиімен, әжесінің ертегісіне сусындаған,әкесінің қамқорлығына бөленген баладан болашақ еліне елеулі, халқына қалаулы саналы да салауатты ұрпақ болып тәрбиеленуі хақ нәрсе.Не ексең, соны орасың дегендей, отбасы, ошақ қасында сәби қандай тәрбие көрсе, оның алдағы өмірі сондай болмақ.Отан –отбасынан басталады деп те айтамыз. Отбасы ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп десекте болғандай.Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек.Жалпылай алғанда адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталатыны мәлім.Адамгершілік негізі- имандылық пен ізеттілікте.Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік,елін,жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, кісінің алажібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеу көзделеді.Қорытындылай келе, бала тәрбиесіндегі ең басты ережелер- балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста болмасын көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады десек те болады.Ендеше, балам адам болсын деп ұрпағымыз үшін алаңдасақең әуелі тәлім-тәрбиеге терең мән бергеніміз жөн.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі