400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

3D модельдеу және анимациялау

Материал туралы қысқаша түсінік
•“Модельдеу”, “анимация” және “компьютерлік анимация” ұғымдарын таниды • Модельдеудің қолданысын және негізгі принципін түсінеді •Модельдеуде бағдарламалар қажеттілігін түсінеді •Модельдеуді бес сатыға ажыратады •Суретке қарап оның модельдеудің қай сатысына жататынын талдайды •Модельдеудің маңызын таниды •Модельдеудің жұмыс істеу түсінігін жаңартады •Модельдеу сатыларын қайталайды, ерекшеліктерін байқайды •Модельдеулің маңызын, •жұмыс жолын •сатыларын айқын түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ


Тақырыбы: 3D модельдеу және анимациялау


Күтілетін нәтиже:


Білім

•“Модельдеу”, “анимация” және “компьютерлік анимация” ұғымдарын таниды

Түсінік

• Модельдеудің қолданысын және негізгі принципін түсінеді


Қолданыс

•Модельдеуде бағдарламалар қажеттілігін түсінеді

•Модельдеуді бес сатыға ажыратады

Анализ

•Суретке қарап оның модельдеудің қай сатысына жататынын талдайды

Синтез

•Модельдеудің маңызын таниды

•Модельдеудің жұмыс істеу түсінігін жаңартады

•Модельдеу сатыларын қайталайды, ерекшеліктерін байқайды


Баға

•Модельдеулің маңызын,

•жұмыс жолын

•сатыларын айқын түсінеді


Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (4 мин.).


Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру және оның маңыздылығын түсіну


Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық


Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


•Жаңа ұғыммен, терминдермен таныстыру

•Қызықты мысалдар арқылы жаңа түсінік қалыптастыру

•Жаңа ұғымды сатылап ажырату


Негізгі ұғымдар мен терминдер:


•Модельдеу, анимация, компьютерлік анимация, моделлинг, текстуринг, риггинг, анимациялау, рендеринг


Оқушыда дағды қалыптастыру:


•Жаңа тақырыпты толықтай игеру және түсіну

•Жаңа ұғымның маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушы қызығушылығын арттыру

Ақпарат көздері:


  1. 3 қатпарлы анимация әлеміне шолу. М. Зафар. Сайт: aitaber.kz
  2. Анимация. Сайт: wikipedia.org
  3. 3D моделтрование в Gmax. К. Поляков. Сайт: kpolyakovnarod.ru


Оқушы жетістігін бағалау:


•Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына, сабақты меңгеру дәрежесіне байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы не бонус тапсырманы орындау қажет.

•Бонус тапсырманы толық орындағанға толық баға, жартылай орындағанға жарты баға беріледі

Үй тапсырмасы:


Жаңа терминдерді қайталап келу, модельдеу сатыларын мысалдармен жаттау


• Бонус-балл тапсырмасы

Blender бағдарламасын blender.org ресми сайтынан жазып алып, оны өз компьютеріңе орнатыңыыз. Модельдеудің алғашқы сатысы “моделлингті” өз бетіңнен үйреніп көр. Blender-мен жұмыс істеудің қандай қиындығы бар? Шамаң келсе өзің қалаған затты модельде.


























САБАҚ БЛОКТАРЫ



і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

1.“Модельдеу”, “анимация” және “компьютерлік анимация” ұғымдарымен таныстыру

2. Модельдеудің негізгі принципін түсіндіру

3. Бағдарламадағы модельдеудің сатыларын көрсету

Слайдтар:


1-слайд (титул)


2-слайд Сабақтың мақсаты


3-слайд Тақырып жоспары


4-слайд Модельдеу және анимация

  • Модельдеу —үшөлшемді математикалық модельді және оның объектілерін құру.

  • Анимация (фр. animation — тірілту, жан беру) —заттарды не өлі денелерді қозғалысқа келтіру. Мысалы, Губка Боб – анимацияланған теңіз губкасы.

  • Компьтерлік анимация— алдын-ала дайындалған графикалық файлдардың реттелген көрінісі.


5-слайд Модельдеу

Бұрынғы Қазіргі


6-слайд Алғашқы 2D анимация


7-слайд Қазіргі 3D анимация

PIXAR студиясы алғашқы анимационды мультфильмді 1986 жылы шығарды.



8-слайд Қолданылуы

  • Инженерия

  • Архитектура

  • Киномотография

  • Компьтерлік ғылым

  • Мультимедия

  • Күрделі құрылғылар жасау

  • Медицина

  • Зергерлік т.б.



9 -слайд Түсінік

  • Көз алдында тұрған бар затты

үшөлшемді кеңістікке (X, Y, Z)

жайғастыр. Сонда әрбір заттың

белгілі бір координатасы бар

нүктелерден және түрлі

өзінен кіші фигуралардан

(сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын байқайсың.



1 0-слайд Түсінік

  • 3D модельдеу және оны анимациялау

негізінде осы принцип жатыр, яғни,

аса күрделі заттарды қарапайым

нүктелер не фигуралар көмегімен

кеңістікте құрастыру.




11-слайд Программалар

  •  Әрине, қиын фигураларды жасау үшін оны нүктелеп құрастыру мүмкін емес деуге болады. Сондықтан қазіргі уақытта 3D модельдеу үшін түрлі бағдарламалар пайдаланылады:

  • Solidworks

  • Blender

  • AutoCAD

  • Gmax


12-слайд Бағдарламалау

Shape1


1

3-слайд 1. Моделлинг

  • Ең алғашқы және негізгі этап

  • Дайын фигуралар “3 өлшемді модель” деп аталады (модель қозғалысы жоқ, түссіз)

  • Модельдерді жасау үшін бізге 3D бағдарламалар кез-келген фигураны бір-біріне қосу, кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды мүмкіндіктер береді




1

4-слайд 2. Текстуринг

  • 3D модельдер нормалдар

картасына бөлінеді

  • Модельдер фигуралары жазықталады

  • Модельдер керекті түске боялады

  • Модель риалистік түрге енеді










1

5-слайд 3. Риггинг

  • Модельдерді қозғалысқа келтіру үшін “сүйектер” жасау

  • Модельдің әр бөлігін белгілі сүйекке бағындыру

  • Сүйек қозғалысқа келгенде, сүйекке бағынышты бөлік қимылдайды










16-слайд 4. Анимациялау


Б ұл этапта барлық дайын

модельдер қимылға келтіріліп,

анимация жасалады, риггингте

жасаған суйектеріміз осында

кеңінен қолданылады






17-слайд 5.Рендеринг



  • “Шрек” анимационды мультфильмінің рендерингіне

20 мың сағат кеткен.





18-слайд Тегін 3D модельдеу сайттары



іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

“Модельдеу”, “анимация” және “компьютерлік анимация” ұғымдары

Модельдеудің негізгі принципі

Бағдарламаларда модельдеудің негізгі сатылары





Қорытынды:_______________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. «Модельдеу» дегеніміз не?

Модельдеу —үшөлшемді математикалық модельді және оның объектілерін құру.

2. «Анимация» дегеніміз не?

Заттарды не өлі денелерді қозғалысқа келтіру. Мысалы, Губка Боб – анимацияланған теңіз губкасы.

3.«Компьютерлік анимация» дегеніміз не?

Компьтерлік анимация— алдын-ала дайындалған графикалық файлдардың реттелген көрінісі.

4. Модельдеу қандай салаларда қолданылады?

  • Инженерия

  • Архитектура

  • Киномотография

  • Компьтерлік ғылым

  • Мультимедия

  • Күрделі құрылғылар жасау

  • Медицина

  • Зергерлік т.б.

5.Модельдеудің негізгі түсінігін бер.

Аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру.

6.Барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалатын сатыны ата.

Анимациялау

7.Модельдер керекті түске боялады, риалистік түрге енетін саты.

Текстуринг

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Неліктен модельдеуді бағдарламаларда жасау оңай? Оның қандай көмегі бар?

2. Модельдеудің сатыларын түсіндір. Модельдеуді сатылап бөлудің пайдасын

көрсет.

ІІІ деңгей тапсырмалары

Суреттерге қарап модельдеудің сатысын ажырат.

  1. Риггинг

  2. Моделлинг

  3. Текстуринг


Сурет A



Сурет B







Сурет C










іV. шығармашылық әрекет



Топтық жұмыс.

1-топ. Модельдеудің қолданысына қарай отырып, оның адам өміріне маңыздылығын түсіндір.

2-топ. Модельдеудің негізгі принципін мысал келтіре отырып түсіндір.

3-топ. Модельдеудің сатыларын ата. Әрбіреуінің ерекшелігіне тоқтал.



V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі