400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

3D панорама жасау және (виртуалды саяхат).

Материал туралы қысқаша түсінік
3 Д панорама туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

____Шардара қ. №16 колледж МКҚК____

(білім беру ұйымының атауы)

Әлеуметтік-экономикалық бағыт

Оқу сабағының жоспары

Модуль/Пән

02 ЖБП Информатика

Педагог

Муталханова М.Е.

Дата: « » _________20___

Жалпы мәліметтер

Курс 1топ ТҰ-73

Бөлім/ бөлімше

Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру

Сабақтың тақырыбы

Тақырып 5.1.3. 3D панорама жасау және (виртуалды саяхат).

Мақсаты (оқу нәтижелері)

1) Бірінші адам көрінісімен 3D панорама (виртуалды тур) жасау.

Міндеттері (бағалау критерийлері)

3) 3D панорамада виртуалды тур жасайды

Күтілетін нәтижелер

Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады.

Ресурстар

Информатика ЖМБ 11сынып, смартфон, MS Image Composite Editor (МС эмедж композет адита редакторы

ЕБҚ білім алушы

Сөйлеу тілінің бұзылысы бар білім алушы: студенттермен бірге топқа бөлінеді, топтық жұмыстарда бірге қатысады, хатшылық қызмет атқарады.

Сабақтың барысы

Уақыт

Іс-әрекеттер мен тапсырмалар

Бағалау

Ресурс


1 мин












2 мин








5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу;

ә) білім алушыларды түгелдеу;

б) аудиторияға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.


Жағымды психологиялық ахуал:

«Мен саған сенемін!»

Жағымды әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың!». Осылай бір-біріне сенім білдіреді.


Топқа бөлу: «Пазл» әдісі арқылы

1 топ "3 D панорама".

2 топ "Виртуалды тур".2 топқа бөлу.


«Бауырсақ» әдісі арқылы өткен сабақты қайталау мақсатында екі топқа сұрақтар беріледі, кезекпен презентацияда көрсетілген сұрақтарға жауап береді.


1-топқа:

  • «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық» деген не?

  • Виртуалды және кеңейтілген шынайылықты қолдану бойынша мысалдар келтір.

  • Виртуалды шынайылыққа «ену» үшін қандай құрылғылар керек?


  • 2-топқа:

  • Виртуалды шынайылықты өмірде қалай қолданып жүрміз?

  • Неліктен виртуалды шынайылықтың болашағы зор деп ойлайсың?

  • Қай салада виртуалды шынайылықты, ал қай салада кеңейтілген шынайылықты көп қолданады?


ЕБҚ Сөйлеу тілінің бұзылысы бар білім алушы топқа бөлінеді, топтағы жұмыстарда бірге отырып хатшылық қызмет атқарады.


Студенттердің тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық студенттердің қатысуы арқылы сабаққа белсенділіктері артады.












Әрбір дұрыс жауап үшін бауырсақ жинайды.

1 бауырсақ 10 балл


«Мен саған сенемін!»













Ресурс

Информатика 11 сынып

Презентация



10мин

Жаңа тақырып бойынша мұғалім "3D - панорама және виртуалды тур " тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетіледі.

1 тапсырма. «Джигсо» әдісі арқылы тапсырма беріледі.

Бастапқыда құрылған 2-топқа оқулықтан мәтін, сурет түріндегі мәліметтер беріледі. Материалды оқуға 3 минут беріледі. Осы уақыт ішінде 2 топ берілген сурет бойынша панорама түрлерін ажыратып, қасиеттеріне қарай бос орынға қажетті сөздерді жазып кестені толтырады.


Жазық панорама

Сфералық панорама

Цилиндрлік панорама

Текшелік панорама









ЕБҚ білім алушы сәйкестендіру парақшасын орындайды.

"Смайлик"арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Өте жақсы. -10 балл

Жақсы. -7 балл

Орташа. -5 балл

https://www.youtube.com/watch?v=hDaBD-XnXLc Оқулық. 80-83 бет

Презентация

Интербелсенді тақта








10 мин


2 тапсырма. Топтық жұмыс. Кейс тасырмасы. ФС


«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша

3 курс оқып жатқан Болат оқу тәжірибесінен өту үшін басқа қалада орналасқан 3 мейрамхананың бірін таңдауы керек. Болат оқытушыдан қай мейрамхананы таңдаған дұрыс деп көмек сұрағанда, оқытушы оған виртуалды саяхат жасау арқылы мейрамханалармен танысуға мүмкіндігі бар екендігін айтты.

Сұрақ:

1.Виртуалды тур жасау үшін не істеуі керек?

2 Қайдай қосымшалармен жұмыс жасаған тиімді?

2.Виртуалды турдың артықшылықтарын атаңдар?


ЕБҚ білім алушы топпен бірге тапсырмаға белсене қатысады.

"Смайлик"арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.



Екі топ жұмыстарын таныстырып, қорғайды,тиімді тұстарын атайды.



Тапсырма соңында адам өміріне тиімді тұстарын сұрап негіздеу.



Тапсырманың орындау қадамдары:

  • Виртуалды тур жасау үшін не істеу керектігін анықтайды.

  • Болат виртуалды тур жасау үшін қолданбалар қолдану керектігіне ұсыныс жасайды

  • Анықталған қызметтің тиімділігін сипаттайды


Интербелсенді тақта

Смартфон

https://www.google.com/intl/ru/streetview/

Өте жақсы. -10 балл

Жақсы. -7 балл

Орташа. -5 балл


17 мин

3 тапсырма Жеке жұмыс

«Барлық оқушылармен жұмыс» әдісі арқылы бүкіл білім алушылар бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етіледі.


Білім алушылар компьютерде «MS Image Composite Editor» редакторында алдын –ала дайындалған суреттерден виртуалды тур құрастырады.


Редакторда жұмыс жасау шарттары туралы тарқатпалар таратылады.


«БОЖ» «әдісі арқылы бүкіл білім алушылар бір мезетте жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді.

ЕБҚ білім алушыға тапсырма қиындық туғызса оқытушы ережені түсіндіру арқылы көмек көрсетеді.

Қ Б "Нысана" арқылы білім алушылар бағаланаады.

Информатика ЖМБ 11 сынып, 84-85 бет

Компьютер

Интернет ресурстар:

• MS Image Composite Editor - http://research.microsoft.com/en-us/um/redmond/projects/ice/



Рефлексия

3 мин







Үй тапсырмасы

2 мин

Кері байланыс

Рефлексия мына сұрақтар негізінде жүргізіледі:

- Мен осы сабаққа дейін не білдім?

- Осы сабақ маған несімен пайдалы болды?

- Қандай мәселені әлі жақсарту керек?


Білім алушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «Бас бармақ» әдісі арқылы білдіреді.


«Google Просмотр улиц» қолданбасы арқылы колледж ғимаратына виртуалды тур құрастыру




Қосымша 1
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі