400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

3сынып ҚМЖ ҚазТ2 9 мамыр - Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 3 класс Қазақ тілінен " 9 мамыр - Жеңіс күні "
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымы:

  Қысқа мерзімді сабақ жоспары    

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 8-бөлім «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып: 3

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

9 мамыр - Жеңіс күні

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

3.​5.​1.​1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақтың мақсаттары

мәтіннің негізгі ойын түсінеді, сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыруды үйренеді; заттың атын /іс-қимылын білдіретін сөздерді мұғалімнің қолдауымен қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.«Ең зейінді» ойыны.Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.



«Сақина салмақ» ойыны.Үй тапсырмасын сұрау :107-бет 5-тапсырма


Ой шақыру. «Жауынгер» сөзіне ассоциация жаса.

Сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу:

- Қандай қазақ жауынгерлерін білесің?

-Бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

*Оқушыларға сабақтың мақсаттарын түсіндіру

Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.

Үй тапсырмасын оқиды.

(Т) Ықтимал жауаптары: батыр, елін сүйетін, жерін құрметтейтін, жаудан қорғайтын, қаруы бар... Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы т.б.

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.


Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша!Керемет!Оқушылар « Бас бармақ» тәсілі арқылыбағалайды.


Сабақтың ортасы

(9-42 минут)


1.Сөздікпен жұмыс:

жеңіс-победа

жауынгер-воин

жау- враг

ұмытпау –не забыть

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: сөздерді мәнерлеп оқиды.

ұмытпау [ұмұтпау]

жауынгер [жауыңгер]

«Оқы, ойлан, есте сақта» әдісі.Ең көп/аз сөздерді жазған оқушыны бақылау. 2.Грамматикалық қоржын. Біз ұмытпаймыз

Тыңдалым. Оқылым.

Айтылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.

Жаңа сөздерді белгіленген уақыт ішінде оқып, жаттайды. Естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады, саны анықталады.

Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.

Жіктеу:Біз жауынгерміз


Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша!Керемет!Оқушылар « Бас бармақ» тәсілі арқылыбағалайды.

Оқулық

109 бет

суретті сөздік

слайд













3. 2-тапсырма

Мәтінмен жұмыс.

Т) Мәтінді тыңда,оқы.Мәтін не туралы?Мәтінге тақырып қой.

«Сұрақ бізден-жауап сізден» әдісі

Оқылым.Мәтінді тыңдайды.1 топ- тізбектеп оқиды, аударады.

2-топ -сұрақ құрастырады3-топ -жауап береді

Дәптерге ұнаған 2 сұрақ-жауабымен жазады.

Дескриптор

- мәтінді қатесіз оқиды -мәтінге тақырып қояды -сұрақ (қандай? қай? қайда?) құрастырады

-сұрақтарға жауап береді; − сөйлем құрылымын сақтайды


Оқулық

109-бет












Оқулық

110-бет


Мәтін:

9 мамыр – Жеңіс күні. Жауынгерлер Отанды қорғайды. Олар төрт жыл соғысты. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова – жауынгер батырлар. Олар жеңіске жетті. Ұлы жеңісті адамдар ұмытпайды. 9 мамырда мәңгілік алауға гүл қоямыз .

3-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендір.

1

Жеңіс

а

ұмытпайды

2

мәңгілік

ә

қорғайды

3

батыр

б

күні

4

жаудан

в

алау

5

батыр жауынгерлері

г

жауынгерлер

4-тапсырма.Дұрыс нұсқасын айт.

1. Жеңіс күні ә) тоғызыншы мамырда 2. Жеңіс күні - а) бейбітшілік мерекесі 3. Соғыс а) төрт жыл жүрді 4. Жауынгерлер ә) Отанды қорғады 5. Адамдар а) жауға қарсы шықты

4. 3-тапсырма.(ЖЖ) Сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендір.


5.4-тапсырма. (Ж) Дұрыс нұсқасын айт.


Сергіту сәті. «Дирижер» ойыны..

6.5-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақ қой.

1. Жыл сайын 9 мамырда Жеңіс күнін тойлаймыз.

2. Соғыс төрт жыл жүрді.

3. Жауынгерлер Отанды қорғады.

4. Адамдар жауға қарсы шықты

Айтылым. Тапсырманы өзара оқып, талқылайды. Басқа жұптар жұмыстарын бағалайды.

Тапсырманы топпен талқылайды. Түсінбегенін сұрайды. Қажетті жауапты белгілейді. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

(Ө) Жазылым.Берілген сөйлемдерге сұрақ қояды..

Сұраққа жауап беріп өзін тексереді.Кемшіліктерін түзейді.

Кері байланыс.Оқушылар өз жұмыстарына қаншалықты риза болғандықтарын көңіл-күй бас бармақ арқылы көрсетеді.

Дескриптор

-сөздердің мағынасын түсінеді; -заттың атын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолданады

Дескриптор:

- сұрақ қояды

-сөйлемдерді сауатты жазады

− сөйлем құрылымын сақтайды


















Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия(Ө) «Кеме» арқылы оқушылар сабақтағы өз жұмысына баға береді.

Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттау. 111-бет 7,8-тапсырма

Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
368
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі