400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау

Материал туралы қысқаша түсінік
4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау 7-сынып. Тапсырмалардың программалық кодтары, дискрипторлары анық жазылған. Сабаққа қолдануға дайын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау

Бөлім

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып


Сабақтың тақырыбы

4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.

Оқушылардың көбі үшін: Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажырата алады.

Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау,

қолдау көрсету.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.



3.Жаңа тақырыпқа шолу


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

Мұғалімді тыңдайды.

Анықтаманы дәптерге жазып алады.






























Практикалық тапсырмаларды орындайды.










Сабақтың ортасы

31 мин


Практикалық жұмыстар

(Ж) 1-тапсырма

К саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрастыр. Егер сан тақ болса экранға «1», әйтпесе «0» шықсын.

Мысалы

Нәтиже

17

1

62

0


Программа кодын жазады.

Дескриптор:

  • Берілген санның жұп екенін анықтайтын программа құрады.-1б

  • Берілген санның тақ екенін анықтайтын программа құрады.-1б

  • Берілген санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрып, экранға сан тақ болса «1» әйтпесе «0» шығарады.-2б

1-тапсырма коды

k = int(input())

if k%2==1:

print('1')

else:

print('0')


F5

Енгіз 17

Шығу: 1

F5

Енгіз: 62

Шығу: 0


Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі

арқылы бағалайды.


7-сынып оқулығы.

Компьютер


(Ж) 2-тапсырма

В елосипедші v м/с жылдамдықпен қозғалса, s жолды t секундта жүріп өтеме, анықта. Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірі экранға шықсын. Деректедің енгізілу реті: v-жылдамдық, s-жол және t-уақыт.

Мысалы

Нәтиже

5 100 15

joq

10 800 90

ia


Дескриптор:

- Велосипедшінің жүріп өткен жолының жылдамдығын және уақытын анықтайды.-1б

- Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірі экранға шығарады.-2б


2-тапсырма программа кодын жазады.


v,s,t=map(int,input().split())

if (v*t)>=s:

print('ia')

else:

print('joq')

F5

10 800 90

ia

>>>

5 100 15

joq


Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі

арқылы бағалайды.




( Ж) 3-тапсырма

Қыста күн жылы болса, мұз үстінде хоккей ойнау мүмкін емес. 7-сынып оқушылары бүгін сабақтан соң хоккей ойнауды жоспарлауда. Мұғалім оқушыларға хоккей ойнау үшін соңғы үш күнгі тіркелген ауа райы температурасының ең кіші мәні t температурадан төмен болса ғана ойнаулары мүмкін екенін ескертті. Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай ала ма, соны анықта. Деректердің енгізілу реті: соңғы үш күндегі ауа-райының мәндері: a, b, c және t температура.

Мысалы

Нәтиже

-8 -10 -6 -5

ia


Дескриптор:

  • Деректердің енгізілу ретін дұрыс жазады.- 1б

  • Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай алатынын немесе ойнай алмайтынын анықтайды.-2 б

3-тапсырма программа кодын жазады.


a,b,c,t = map(int, input().split())

t1=max(a,b,c)

if t1 < t:

print('ia')

else:

print('joq')


F5

-8 -10 -6 -5

ia

>>>

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі

арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы.

Компьютер


Сабақтың соңы




7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту


Мақсаты:

Сабақты қорытындылау.

1. «Басбармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек» - көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?


Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағасы. «Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асады.



Үй тапсырмасы

Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
01.05.2024
251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі