400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4.5. Кірістірілген шарттарды программалау 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4.5. Кірістірілген шарттарды программалау 7-сынып ҚМЖ. тапсырмалардың программалық кодтары, дискрипторлары анық жазылған. Сабаққа қолдануға дайын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.5. Кірістірілген шарттарды программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.2 Python программалау тіліндегі кірістірілген шарттарды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: кірістірілген шарттардың операторларын біледі.

Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде кірістірілген шарттарды қалай құрастыруға болатынын біледі.

Кейбір оқушылар үшін: күнделікті өмірден қарапайым және құрамды шарттарға мысалдар келтіреді.

Алдыңғы білім

Тармақталу алгоритмдерін программалау

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы



7 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Бір­біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Топтастыру.

«Программалау», «Операторлар» деген ұғымдар бойынша оқушыларды топтастыру. Парақтардың артқы жағына жасырын жазылған сөздер арқылы 2 топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


Қағаз қиындылары.




Ұжымдық жұмыс

Миға шабуыл әдісі

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.


  • Python программалау тілінде кірістірілген шарттарды қалай құрастыруға болады?

  • Күнделікті өмірден қарапайым және құрамды шарттарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?





Жаңа сабаққа кіріспе:

Оқушыларға жаңа бөлім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.

Сабақтың ортасы







31 мин.


Топтық жұмыс. Талдау

Оқулықтан алған жаңа ақпараттарын пайдаланып, кірістірілген шарттарды қолданудың

3-нұсқасының құрылымдарына талдау жасайды.

І топ: Кірістірілген шарт тексерудің нұсқаларының бір­бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар.


ІІ топ: Төменде (4-суретте) берілген программа кодына кірістірілген шарттардың қай нұсқасына сәйкес келеді.

a=int(input())

b=int(input())

c=int(input())

if a%2==0:

if b%2==1:

k=b //c

else:

k=b //c;

else:

k=(a+b) %c

print (k)


ІІІ топ: Программа кодын талдай отырып, егер а=8; b=5; c=3 болса, программа экранға қандай нәтиже

шығаратыны анықтаңдар.

Дескриптор-Кірістірілген шарт тексерудің нұсқаларының бір­бірінен айырмашылықтарын салыстырады.

- Берілген программа кодына кірістірілген шарттардың қай нұсқасына сәйкес келеді.

- Программа кодын талдай отырып, егер а=8; b=5; c=3 болса, программа экранға қандай нәтиже шығаратыны анықтайды.

Бағалау: Топтар бір-бірін «Менің жұлдызым» әдісі арқылы жұлдызшалар беру арқылы бағалайды.




Практикалық тапсырмалардың орындау ретін түсіндіреді.

1-тапсырма жеке жұмыс

Дискрипторы

Функция мәнін есептейтін программа құрастырады.-1 б

Кірістірілген шарттарды қолданады.-1 б

2-тапсырма

Топтық жұмыс

2-тапсырма Кірістірілген шарттарды қолданудың блок­схемасын құрастыр.

а) Кірістірілген шарттарды қолданудың 1-нұсқасының блок­схемасын құрастыр.

ә) Кірістірілген шарттарды қолданудың 2-нұсқасының блок­схемасын құрастыр.

б) Кірістірілген шарттарды қолданудың 3-нұсқасының блок­схемасын құрастыр.

Дескриптор:

- Кірістірілген шарттарды қолданудың 1-нұсқасының блок­схемасын құрастырады.

- Кірістірілген шарттарды қолданудың 2-нұсқасының блок­схемасын құрастырады.

- Кірістірілген шарттарды қолданудың 3-нұсқасының блок­схемасын құрастырады.


3-тапсырма Жұптық жұмыс

Дискрипторы

Айнымалыларды енгізеді-1б

Салыстыру программасын құрастырады. -1б










4-тапсырма жұптық жұмыс

Дискрипторы

Сандардың кішісін табатын программа құрастырады.-1 б

Мәтіндік файлды қолданады-1 б




























1-тапсырма программа кодын компьютерде жазады.

x=int(input())

if x>0:

y=x+100

else:

if x==0:

y=20

else:

y=x**2

print(y)

Нәтижені шығарады.

2-тапсырманы орындайды.

Блок-схеманы құрастыру жолын түсіндіреді.







3-тапсырма кодын компьютерде орындайды.

p,k,z=map(int,input().split())

if p>0:

x=p**3

else:

if p<0:

x=p+k

else:

x=p-z

print(x)


Нәтижені шығарады.



4-тапсырма кодын компьютерде жазады. мәтіндік файлда нәтижені шығарады.


fin=open('input.txt','r')

fout=open('output.txt','w')

a,b,c=map(int,fin.read().split())

if a<b:

if a<c:

m=a

else:

m=c

else:

if b<c:

m=b

else:

m=c

fout.write(str(m))

fin.close()

fout.close()

Балағау: Жұптар бір-бірін

«Менің жұлдызым» әдісі

арқылы жұлдызшалар беру арқылы бағалайды.


Сабақтың соңы



7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту


Мақсаты:

Сабақты қорытындылау.


«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы төменде берілген сұраққа жауап береді.

«Программалау барысында кірістірілген шарттарды қолданудың маңызына баға бер».


Бағалау: Оқушылар сабақ басынан соңына дейінгі «Менің жұлдызым» әдісі арқылы жинаған жұлдызшаларын санайды. Интерактивті тақтада көрсетілген бағалау шкаласына сәйкес өздерінің бағасын анықтайды.

5 жұлдыздан жоғары – Жарайсың!

4 жұлдызша – Жақсы!

3 жұлдызша – Орташа!

3 жұлдызшадан төмені – Талпын!

Үй тапсырмасы

Мақала дайындау. Шарт тексеру операторы мен кірістірілген шарттарды программалауда қолдану жайлы «Информатика негіздері» журналына мақала жобасын дайында. Мақалаңа тақырып таңда. Мақалада шарт тексеру операторының программалау барысында қолдануы жайлы әңгімелеп, өзің таңдаған бір-екі есептің программасын құру жолдарына тоқталып, шешу жолдарына түсініктемелер жаз.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
01.05.2024
428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі