400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

4 ақпан Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

Материал туралы қысқаша түсінік
4 ақпан Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты:

«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 20-САБАҚ «Жағымсыз эмоциялар мен сөздерге қалай әрекет етеміз?»

Сынып жетекшісі:


Сыныбы:

10 Ә

Күні:

02.02.2026

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға интернеттің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.

Интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Жауапкершілікпен интернетті пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Құндылық:

Жасампаздық және жаңашылдық:

Фактілерді байқау, жинақтау және жүйелеу, білімнің жаратылыстану және гуманитарлық салаларындағы тәжірибені түсіну, зерттеу дағдыларының болуы

Дәйексөз

«Келешек-білімді жастардың қолында» А.Байтұрсынұлы

Көрнекілер:

Презентация, бейнероликтер, слайдтар, қағаз және маркерлер.

Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңі/уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)



  1. Оқушылармен амандасу, сыныптың назарын сабаққа аудару.

  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім сөзі:
– Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз
"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбына арналады. Қазіргі таңда интернет – біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, оның оң және теріс жақтары бар. Біз бүгін интернетті қауіпсіз пайдалану жолдарын үйренеміз.

1. Терминдерді сәйкестендіріңіз

Төмендегі терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіріңіз:

Термин

Анықтама

1.Фишинг A) Вирустық бағдарламалардан қорғайтын бағдарлама

2.Антивирус B) Құпия ақпаратты алдау арқылы ұрлау әдісі

3.КибербуллингC) Интернеттегі қорқыту, қорлау әрекеттері

4.VPN

D) Желіде жасырын түрде деректерді шифрлау әдісі



3. Негізгі бөлім

(20 мин)


  1. Интернеттің пайдасы мен зияны

    • Интернеттің мүмкіндіктері (білім алу, қарым-қатынас, ойын-сауық, жаңалықтар)

    • Интернеттегі қауіптер (алаяқтық, кибербуллинг, жеке мәліметтерді ұрлау, вирустар)

  2. Бейнеролик көрсету:
    – "Интернеттегі қауіпсіздік ережелері"

  3. Талқылау:

    • Интернетті қолданғанда қандай қауіптерге тап болдыңдар?

    • Өмірлеріңде интернет арқылы алданып қалған жағдайлар болды ма?

Shape1

III. Негізгі бөлім (20 мин.)

  1. "Интернетте қауіпсіздік" 5 ережесі:

Жеке мәліметтерді бөтен адамдармен бөліспеу

Белгісіз сілтемелерге өтпеу

Күдікті сайттар мен қосымшаларға кірмеу

Құпия сөздерді жиі ауыстырып отыру

Ата-ана мен мұғалімдерден кеңес сұрау

  1. Ситуациялық тапсырмалар:
    Оқушыларға әртүрлі жағдайлар беріледі, олар өз шешімдерін ұсынады.

Мысал:
– Саған белгісіз біреу әлеуметтік желіде достық жіберді. Не істейсің?
– Саған біреу "Сен ұтысқа ие болдың!" деген хабарлама жіберді. Не істейсің?

  1. "Шынайы немесе жалған?" ойыны:
    Мұғалім интернет туралы бірнеше ақпарат айтады, оқушылар оның рас-өтірігін анықтауы керек.


Тест сұрақтары

1. Құпия сөз қандай талаптарға сай болуы керек?

A) 123456 сияқты қарапайым болуы керек

B) 8 таңбадан кем болмауы керек, әріптер мен сандардан тұруы керек

C) Досыңыздың есімі болуы керек

2. Интернетте қауіпсіздікті сақтау үшін не істеу керек?

A) Белгісіз сайттарға жеке ақпаратты енгізу

B) Антивирус қолдану және екі факторлы аутентификация қосу

C) Барлық файлдарды ашық ортаға жүктеу

3.Кибершабуылдан қорғанудың ең тиімді әдісі қандай?

A) Белгісіз файлдарды ашу

B) Антивирус қолдану және бағдарламаларды жаңарту

C) Желіде әркімге жеке деректеріңізді жіберу

Талдау және пікірталас

Интернеттегі қауіпсіздікке байланысты өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Кибершабуылдан қорғану үшін қандай шаралар қолданасыз?

Егер сіз кибербуллингтің куәсі болсаңыз, не істер едіңіз?




4.Қорытынды бөлім (7 мин)



  1. Топтық жұмыс:
    Оқушылар постер жасап,
    "Интернеттегі қауіпсіздік" бойынша өз ұсыныстарын жазады.

  2. Тест немесе викторина (Quizizz, Kahoot арқылы)

  3. Қорытындылау:
    – Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәлімет алдыңдар?
    – Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін қандай қағидаларды сақтау керек?

Рефлексия (5 мин.)

Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.





Қауіпсіздік сабағы

Негізгі міндеттері:

  1. Оқушылардың өзіне деген сенімділігін артыру.

  2. Кез келген жағдайды сабырлы, мәдениетті түрде шешуге үйрету.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе

Есте ұстаңыз, кез келген адамды басқару үшін алдымен оның эмоциясын басқаруды үйрен дейді психологтер. Олай болса сізді басқалар басқарып жүр. Сіздегі көңіл күйді неге өзгелер басқаруы керек? Ол сізге тиесілі ғой. Ендеше, өзіңізді өзіңіз басқарғыңыз келсе, эмоцияларыңызды бағындырып үйреніңіз. «Ит үреді, керуен көшеді», өмірде өзгенің жағымсыз сөзі мен ұнамсыз жайттар ешқашан таусылмайды, тек олардың кейбіріне көңіл аудармай өтіп кеткен жөн, елемей естімеуге тырысқан дұрыс-ақ, сонымен қатар барлық жайтты сабырмен және заң аясында шешуге болады.

  1. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен өтеді» деген өнегелі нақылдарын қалдырған ата-бабамыз сөздің құдіретін жете сезінген дана болған. Сөз арқылы адамның көңілін көтеруге де, мұңайтуға да, күлдіруге де, жылатуға да болады. Сондықтан да, жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер деген сөз бекерге айтылмаса керекті.

Жақсы сөз жанды жадыратады. Позитивті мағынада айтылған әр сөз жағымды әсер қалдырады. Жалпы алғанда, айтылған сөздердің позитивті және негативті әсерлері бар екені бағзы заманнан бері белгілі. Медицина ғылымы жақсы дамымаған заманда халық дауаны дұғалар мен жақсы тілек сөздерден тапқан. Ал әдепсіз және балағат сөздерді айтудың өзін қарғыс деп есептеген. Тіпті, сол заманда адамдардың ойында балағат сөздерді айтудың дұрыс еместігі туралы болжамдар болса, бүгінде ол сөздердің зияндығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Сол себепті, не ойлап жүргеніңізге, қандай кітаптар оқып, қандай ақпараттар қабылдап жатқаныңызға, айналаңызға қандай сөздер айтып, қандай сөздер естіп жүргеніңізге аса мән беріңіз.

Өміріңізді жақсарту да, құлдырату да өз қолыңызда!

Дөрекілікке тиімді жауап берудің стратегияларымен бөлісу.

3. Қорытынды.

Пайдалы сілтеме:






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.06.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12