Материалдар / §4. Файл және бумамен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

§4. Файл және бумамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып Информатика пәні бойынша сабақ жоспары. Жаңа программа бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
970
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: .................................................

§4. Файл және бумамен жұмыс

Мектеп: № 37 Ынтымақ негізгі мектебі


Күні:

Мұғалімнің есімі: Абдірахманова А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Оқу мақсаттары:

  1. Файлдар, бумалар, таңбашалар құру және олармен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру.

Жетістіктер критерийлері

Барлық оқушылар

  1. Файлдар мен бумалар анықтамаларын біледі, файлдардың кеңейтілімі, түрлі файлдық кеңейтілімдер туралы білімдері қалыптасады.

  2. Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі

Түсінеді, талдайды,білімін қолданады: файл, бума, таңбашалармен жұмыс жасауды, файлдардың атауын, типін анықтай алады.

Кейбір оқушылар

Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: файлдар, бумалар, таңбашаларды ажырата алады, оларды құруды үйренеді.

Өткен тақырып

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы тақырыпты қайталау.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

СТО, «Миға шабуыл», «Инсерт», «Сөзімді аяқта», «Кубизм»

Қолданылатын ресурстар

Слайд, оқулық

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, қазақ тілі, әдебиет



Жұмыс түрлері

Тапсырмалар, қосымшалар

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті (нәтижесі)

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг «Сөзімді аяқта» «Компьютер» ақпаратты қалай өңдейді? Оқушылар бірінен соң бірі өз ойларын жалғастырып айтады.

Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Топтастыру.

Сынып оқушылары файл, бума, таңбаша суреттерінен мозайка құрастыру арқылы топтасады.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша Интернеттің мүмкіндіктерін, пайдасы мен қаупі туралы сұрау. «Инсерт» әдісі бойынша

Сынып оқушыларының жауабын тыңдайды, қажет болса мәліметтермен толықтырады.

Оқушылар берілген сұрақтар бойынша өз ойларын айтады.

Қызығушылығын ояту, мәселе қою.

Көпір тапсырмасы «Ой шақыру» әдісі бойынша сұралады. Модем деген не? Интернет не үшін қажет?

Оқушы жауаптарын тыңдайды. Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырады.

Көпір тапсырмаларында берілген сұрақтарға әртоп сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді.

ІІ кезең

Теория бойынша оқулықтағы « Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары (топтық жұмыс, презентация қорғау, мұғаліммен бірге талдау)

Сен білесің бе?

Әртопқа берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрастыру беріледі. Бір оқушы мәтінді түсіндіреді.

1 – топ: Файлдар

2 – топ. Бумалар.

3 – топ. Таңбашалар ( топтық жұмыс).

«Білу» тапсырмасы «Кубизм» әдісі бойынша сұралады.

«Түсіну» тапсырмасын қорытынды жасап, ой – тұжырым айтады.

«Талдау» тапсырмасы. Бума мен таңбашаны салыстырып, оқушылар өз ойларын айтады.

«Жинақтау» тапсырмасында кестені дәптерге толтырады.

жаңа сабақты меңгерту мақсатында жаңа ұғымдармен, материалдармен таныстыру, слайдтар көрсету арқылы мәліметтер беру.



Топ бойынша орындалған тапсырмаларды тексеру.






Әр қадам тапсырмаларына нұсқау беру, тексеру.

Мұғалім тексереді, қателескен жағдайда түзейді.

Оқушылардың мұндағы мақсаты – берілген тапсырмаларды топпен бірлесе отырып орындау.



Топ мүшелерінің ойын тыңдау.



Оқулықпен жұмыс жасау.








Оқушылар тапсырмалардың жауаптары бойынша талдау жасап, өз ойларын айтады.

Сергіту сәті

Ән тыңдау рақылы жаттығу жасау..

Оқушылармен бірге сергіту жасау.

Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығу жасайды.

ІІІ кезең

«Қолдану» және «Бағалау» тапсырмалары

«Қолдану» тапсырмасында оқушылар компьютермен практикалық жұмысты орындайды.

«Бағалау» тапсырмасы.

файлдарды сақтау кезінде нені ескеру керектігі туралы ойларымен бөліседі.

Компьютерде орындалатын практикалық тапсырмаларды тексеру.


Оқушылардың айтылған жауаптарын тыңдау, ойларымен бөлісу.

Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін практикада қолдан мақсатында практикалық тапсырмаларды компьютерде орындайды. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.

Бағалау, кері байланыс ( бағалау парағы бойынша)

Топтар бірін – бірі «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Мұғалім тексереді, дұрыс нәтижелерін бағалайды. Бағалау парағына қорытынды бағаларын қояды.

Өзінің дұрыс жауаптарын тексеріп, бағалау парағына жазады.

Үй тапсырмасы:

§4 – ті оқу, қадам тапсырмасын аяқтау.

Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінің және бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны моиторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.



Қосымша ақпарат

Саралау: оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын.

Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын.

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіліп, Интернет тақырыбына мазмұнды сызбаны түсінікті етіп дайындау айтылды. АКТ – мен байланыс жасау. Бір – бірін топта тыңдау. Сыйластық таныту. Бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу.

Рефлексия: 1. Сабақ (оқу мақсаттары) шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған шаралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

2.Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.

2.

3.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.

2.

4. Сабақ туралы өз пікірім.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!