400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

4 класстың жаратылыстану пәнінен ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш класс мұғалімдеріне пайдалы, жаңа қызықты әдістемелер көп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мерзімі: 17.04.2020

Мектеп: №4 ХОМ


Мұғалімнің аты-жөні: Альменова А.К


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сынып: 4


Сабақтың тақырыбы

Ғарыш не бар ?

Оқу мақсаты:

4.4.1.1 Жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау.

4.1.2.2 Алынған нәтижені оқушы формада ұстау.

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Жер бедерінің қандай болатынын біледі.Жасанды моделге сүйене отырып,жердің пішінін анықтайды.

Оқушылардың көбісі жасай алады:

Қоршаған ортадағы құбылыстарды,үдірістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсінеді.Материктер мен мұхиттардың ерекшеліктерін біледі.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады.


Бағалау критерийлері

Сабақ соңында алған білімдерімен бөліседі.Жер ғаламшарының көрінісін сипаттау,талдау жұмыстарын жүргізеді.Аспан денелерімен танысады және өз беттерінше жер ғаламшары туралы жоба дайындайды.


Ойлау дағды деңгейлері

білу, түсіну, қолдану, талдау


Құндылықтарды дарыту

- құрмет; ( жұппен жұмыс жасау кезінде бір-бірінің ойын тыңдай білуге деген құрмет)

- ынтымақтастық; ұжыммен жұмыс жасаған уақытта бірлікте, ынтымақтастықта болу.

Ашықтық құндылығы бірін –бірі бағалау кезінде

Тілдік мақсаттар

Шар,Жер

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Акт қолдану

 https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu#

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh


Пайдаланылатын ресурстар

Оқулық,интерактивті тақта,шар,доп,глобус,желім,ай тұтылуы кезіндегі Айдың суреттері,ойыншық кеме,ермексаз,таяқша,қолшам.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


Сабақтың басы








Ширату жаттығуы

Ана,бола,қала,дала айнала,

Ай мен күн жұлдыз,аспан,табиғат.

Шөбі жұрар суы кәусар,сай-сала.

Бүкіл әлем аманбысың,жамиғат!

Жұмбақ шешу.

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.

(Жер)

Мекені көкте екі ару,

Бірін-бірі көруге зәру.

(Күн мен Ай)

Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау.

Ұ) «Мозайка» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.

Оқушылар ортақ тақырыпқа сəйкес материк, мұхит суреттерінің мозаикасы арқылы топқа бірігеді. Топта жұмыс істеудің ережелерін еске түсіреді.






Сабақтың ортасы












































Жер дегенде не елестейді?(Оқушылар пікірін тыңдау)

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.(Берілген суреттер бойынша аспан денелері,жұлдыз,ай т.б туралы баяндау)

-Сендердің елестеткендерін шындықпен сәйкес келеді ме?

-Ғарышта не бар?(Ғарыш-шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар)

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп елестеген.

Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның(тегіс жер)үстімен жүргізіп көремін.

-Кеме қозғалады,оны тұтас көруге бола ма?

(оқушылардың жауабы)

Енді сол кемені доптың (жердің) үстімен жүргіземін.

Оқушылар алдымен кеменің жоғарғы жағы (төбесі)көрінгенін айтады.

Доппен кемені жүргізе берсек шыққан жеріне қайта оралады екен.

-Бұл ненің дәлелі деп ойлайыңдар?

-Ендеше мына таспаға назар аударайық.

– Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі.

-Ендеше мына таспаға назар аударайық.

Жер ғаламшары туралы ақпарат қаратамын.



(Ұ) Оқушылар карта бойынша Жер бетінде не бар екенін сипаттайды. Құрлықтар мен мұхиттарды анықтайды.

«Алтын сандық» әдісі бойынша оқушылар сандықшаның ішіндегі сұрақтардың біреуін таңдап сол сұраққа жауап береді.Солай сандықшаның ішіндегі сұрақтар біткенше ойын жалғаса береді.

Сұрақтар:

1 Жер бетіндегі жан-жағынан су қоршап жатқан құрлықты не деп атаймыз? (Материк)

2 Құрлықтарды бір-бірімен жалғап жатқан су кеңістігін не дейміз? ( Мұхит)

3 Ауданы жағынан ең үлкен материк? (Еуразия)

4 Ауданы жағынан ең кіші материк ?(Аустралия)

Picture 1

(Ж) Шарға ұқсас заттарды ата.

Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын.Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беремін.Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып,дөңгелектерді қандайда бір заттың немесе нысанның суретіне айналдыра,яғни суретті аяқтайды.Мысалы,ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін.

Бағалау:

Бірін-бірі бағалайды.

5 дөңгелек салынса,5 қоямыз

4 дөңгелек салынса,4 қоямыз.

3 дөңгелек салынса,3 қоямыз.


Сергіту сәті.

Аспан,аспан арайлым.

Саған жиі қараймын,

Сені көзбен шоламын

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын


Топтық жұмыс.Зерттеу жұмысы:

1-топ: Ермексаз, таяқша,қолшамы,ақ бет.

Ермексазды дөңгелекпен таяқшаға кигізіп,қолшам мен парақтың ортасына орналастыруды ұсынамын.Дөңгелектердің көлеңкесі неге ұқсайды?-деген сұрақ қоямын.

2-топ:Кітап немесе төртбұрыш қораптың беті,доп,ұсақ адамдардың фигуралары.Қолдарына жалпақ табақ алып ,үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз

Егер Жер осындай пішінді болса,қалай болар еді?-деген жіктеу сұрағын қоямын.

3-топ: Ойыншықтар(доп,кітап,машина),үстел шамы,ақ бет.Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп,қалам,кітап,өшіргішті қояды.

-Қай заттың көлеңкесі домалақ болады? (Доп)

Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасайды.


Дескриптор:

1 Тәжірибені мұқият жасайды.

2 Сұрақтарға жауап береді

3 Жер туралы толық мағлұмат айта алады.

Бағалау:

Әр топ қорытындыларын ортаға шығып қорытынды айтады.Бағдаршам әдісімен бағалайды.Жердің шар тәрізді екенін дәлелі ретінде ғарыштан түсірілген жер ғаламшарының таспасын көрсетемін.Жердің ғарыштағы көрінісін көрсетемін.
















 https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu#































































https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh




Сабақтың соңы




«Иә», «Жоқ», «Білмеймін» ойыны

Сыныптың үш бұрышына осы сөздер жазылған парақтарды орналастырамын.

Сұрақ қойғанда, осы сөздер жазылған бұрыштарға барып тұрады.

  • -Жер ғаламшары шарға ұқсайды?(Иә-Жер ғаламшары теп-тегіс? (Жоқ)

  • -Жердің шеті бар?(Жоқ)

  • -Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты?(Иә)

  • -Аспан мен жердің түйіскен жері көкжиек сызығы.(Иә)



Рефлексия



Рефлексия

Зымыран

-Егер сабақта бәрі түсінікті болса,қызыл зымыранмен ғарышқа ұшырамын.

-Егер сабақ түсініксіз болса,онда жасыл зымыранмен ұшырамын.

Егер сабақ түсініксіз болса,онда сары зымыранмен ұшырамын.





Саралау-оқушыларға қалай қөбірек қолдану көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз ?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникаларының сақталуы.

Топтау бойынша саралау:-Ынтасы жоғары оқушыларға берілген ақпарат бойынша қызықты тапсырмаларды құрастыруды тапсыру.Тапсырмалар бойынша саралау: Материалдарды игеру деңгейінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпарат қабылдаудың әр түрін ескеру.Оқытудың ақпаратты қабылдау деңгейіне байланысты бірнеше тапсырма

ұйымдастыру.


Қалыптастырушы бағалау құралдары: --мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау,қолдау сөздер айту)

-мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-«Өз жұмысынды бағала».


-сергіту жаттығуларын орындату,-әрекеттерді жиі ауыстыру,қвуіпсіздік ережелерін сақтау.


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескертемін)?

1 Сабақтың ортасында белсенді оқу қызықты өтті.Оқушылар кеменің үстел үстінде,тегіс жерді,доптың үстінде жүргізегндегі тәжірибені көріп сұарқтарға жауап берді.

2 Қалыптастырушы бағалау кезіндегі «Алтын сандық » әдісі тиімді жүргізілді. Оқушылар сандықшаның ішіндегі сұрақтардың біреуін таңдап сол сұраққа жауап береді.

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1: Сабақты жақсартуға белсенді оқудағы баланың өзі зерттеп, өзінің нәтиже шығаруы жақсы көмектеседі.

2: Ресурстар мен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жақсартады

Сабақ туралы не білдім немесе немесе кейбір оқушылардың жетістіктері /қиындықтары. Келесі сабақта назарды неге аудару керек?

Келесі сабақта саралау тапсырмаларына аса назар аудару керек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі