4 орыс сыныбы "Түйе" сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

4 орыс сыныбы "Түйе" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
4 орыс сыныбына арналған күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Тарау тақырыбы:Түйе

Мектеп: жалпы білім беретін орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сембина Г.С.

Сынып -4

Қатысып отырғандары-

Келмегендер саны-

Осының алдындағы оқу

«Аю».

Стартер:

Сабақ тақырыбына шығу: «Ботақан»

«Алты қалпақ» арқылы бағалау.

Кіріспе:

«Ботақан»мультфильмінен үзінді көру.Сұрақтарға жауап беру.

Оқыту мақсаты

Жануарлар модулі бойынша алған білімдерін толықтыру

Оқушылардың сауаттылықтарын қалыптастыру

Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттар

Мультфильм бойыншаүзіндінің негізгі идеясын түсіну, оқулықпен жұмыс. Тірек сөздер мен фразаларды қолданып, кейіпкерлерді сөйлету. Үзіндіні аяқтау.


Барлық оқушылар істей алады: үзінді мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.


Оқушылардың көпшілігі істей алады: үзінді мазмұнын түсінеді, диалог дайындайды, үзіндіні аяқтайды.

Кейбір оқушылар істей алады: үзінді мазмұнын түсінеді, мазмұнын айта алады.

Табыс критерийі

Үзіндіні түсінеді. Тірек сөздер мен фразаларды қолданады.

Үзіндіні түсінеді. Тірек сөздер мен фразаларды қолдану барысында қиналады.

Даму

«Ботақан»мультфильмнен үзінді көрсетіледі

Ой қозғау

«Инсерт» әдісі

Мәтінді оқып, кодтау. Оқылым әрекетіне арналған тапсырма.

Шөл даланың ыстығына тек түйе шыдайды. Оның жалпақ табаны құмға батпайды. Табанынан ыстық та, суық та өтпейді. Түйе 2 – 3 центнер жүк көтереді. Түйе 50-60 километр жолды су ішпей, шөп жемей- ақ жүріп өтеді. Түйе шөлде өсетін ащы, тікен шөптерді жейді. Ол 45 күнге дейін су ішпей жүре алады. Түйе 200 литр су ішеді.

Кодты таңбалау

Мазмұны


_______





?






ІІ. Белсенді әдіс-тәсілдер негізінде тапсырма дайындаңдар.Тапсырма сөйлесім әрекетіне бағытталған. Диалогты досыңмен оқы

Саша мен Дима ауылға келді. Олар түйені көрді.

- Саша, мынау не? - Бұл түйе.

-Түйенің қасында не тұр? -Түйенің қасында ботасы тұр.

- Түйенің сүтін ішуге бола ма? -Иә,болады. Оны шұбат дейді , ол өте пайдалы.

-Жүні пайдалы ма? -Иә, жүннен киім жасайды.

-Түйеге жүк артуға бола ма? - Иә, түйеге 2-3центнер жүк артуға болады.

- Түйе қандай жануар? - Түйе өте пайдалы жануар..



Тапсырманы аяқтау.Тапсырма жазылым әрекетіне бағытталған

  1. Түйе.

  2. Түйені көрдім.

  3. Мен түйені көрдім.

  4. Мен ауылда түйені көрдім.

Пленарий

Ертегіні аяқтау

Нақтылау. Тілдесім әрекетіне бағытталған. Сандарды сөйлет

2-3 центнер,

40-50 км 200 литр, 45 күн,

Бағалау. Алты қалпақ әдісі арқылы

 

Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтарнегіз болады.

Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

Қызы қалпақ

Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды

Сары қалпақ

Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?  

Қара қалпақ

Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? 

 

Жасыл қалпақ

Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды

 

Көк қалпақ

Көк қалпақ аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

 



Қосымша ақпарат

Тапсырма. Сұраққа жауап жаз. Айтылым әрекетіне бағытталған.


Бағалау – сіз ілгері басуды/ оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, АКТ қолдау. Құндылықтар.

сәйкестендіру


Топтық жұмыс. Бірін-бірі бағалау. Модель алмасу.

« Алты қалпақ» арқылы бағалау.

Суерт, жаратылыстану пәндері

Рефлексия

Сабаққа қатысу барысында өз байқағандарыңызды жазу үшін пайдаланасыз. Сабағыңыз туралы берілген сұрақтарға жауап беріңіз

- Оқу/сабақ мақсаттарына қол жеткізілді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

- Оқу ахуалдары қандай болды?

- Оқушылар арасындағы айырмашылықты анықтау бойынша іс-әрекеттер сәтті болды ма?

- Мен уақыттық графикті дұрыс ұстандым ба? Мен жоспардан ауытқуларға жол бердім бе? Берілсе, неліктен?

1.






Қорытынды бағалау

Сіздің әрекетіңіз сәтті шықты? Нәтижелі болды!

  1. «Инсерт» әдісі

Оқыту мен оқу барысында қай әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?

Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді?

1. Дима, сабаққа қатысу барысында белсенділік танытты.

2. Күрделенген тапсырмалар жасауға ой тасталды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі