400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4 саны және цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым математикадан ұйымдастырылған оқу-қызмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: 4 саны және цифры

Мақсаты: Балаларды 4 саны және цифрымен таныстыру.

1-ден 4-ке дейінгі сандарды үйрету. Логикалық ойлауын дамыту.

Танымдық ,шығармашылық,сөйлеу іс-әрекеттерін дамыту.


Әдісі: «Тәй-тәй» технологиясы,түсіндіру,сұрақ-жауап, т.б.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-қозғаушы-

лық

Шаттық шеңбері:

-Балалар , бүгін ерекше күн! Топқа қонаққа апайлар келіп отыр. Кәнекей,сәлемдесейік!

(Балалар үш тілде сәлемдеседі)

Балалар үш тілде сәлемдеседі.

-Армысың ,асыл Күн!

Армысың,асыл Жер!

Армысың,көк аспан!

Армысың ,жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне,менің қолым!

Ұйымдас-

тырушы-

лық-

ізденістік

-Балалар сендер қандай ертегіні ұнатасыңдар?

-Я,жарайсыңдар,біз осы«Бауырсақ» ертегісі арқылы іс-әрекетімізді бастаймыз және өткен сандарды еске түсіреміз.


Көрініс көрсетіледі
































-Түлкінің тапсырмасын орындаймыз ба?

1-тапсырма.Сұрақтар

А) Жылдың неше мезгілі бар?

Б) Қазір жылдың қай мезгілі?

В) Күз мезгілінің ерекшелігін атаңдар?

2-тапсырма.

-Күз мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

3-тапсырма

Балалар мынау қандай сан?

-Дұрыс айтасындар,бүгін біз 4 санымен танысамыз.

-Балалар 4 саны туралы қандай ұғымды білесіңдер?


Суреттермен жұмыс,әңгімелесу.


Ендеше мына сыйқырлы компьютердің көмегімен санайық.

-Енді мына жемістердің көмегімен тура және кері санайық,қосу,азайту жұмыстарын жүргізейік.

-1,2,3,4

4,3,2,1


2+2=4, 4-1=3, 3+1=4,4-2=2,1+1=2

-Балалар енді «Құрастыру», «Мүсіндеу» топтарымен жұмыс жасаймыз.

1. «Құрастыру» тобында ілгектерден,санағыштардан,қарандаштардан,таяқшалардан 4 санын құрастыру жұмыстарын жасаймыз.

2. «Мүсіндеу» тобында саусақ моторикасын дамыту арқылы ,жылтыр,ұсақ домалақтарды берілген 4 санына себу арқылы ,ермексаздан 4 алма,4 алмұрт жасаймыз.Оларды санау.


(Шылдырмақ арқылы ауысу.)


-Жарайсыңдар ,балалар!

Сендер 4 санын құрастырып,мүсіндедіңдер.


-Енді 4 санын ауада жазайық,сосын әдемі,ұқыпты етіп дәптерге орындайық.






-«Шалқан», «Бауырсақ»,







Гаухар:-Ерте,ерте ,ертеде

Ешкі жүні бөртеде,атай мен әжей болыпты.Олар бір түйір бауырсақ пісіріпті.Ол бауырсақ орманға қашып кетіпті. Алдынан қоян шығады.

Айберген:-Балалар мына сан қандай сан екенін таппасандар,мен бауырсақты жеп қоямын.

Балалар 1 санын табады.

Гаухар : -Бауырсақ қояннан құтылып домалап келе жатырса,алдынан қасқыр шығады.

Марғұлан:- Балалар мына сан қандай сан екенін таппасандар,мен бауырсақты жеп қоямын.

Балалар 2 санын табады.

Гаухар: -Бауырсақ қасқырдан құтылып домалап келе жатырса,алдынан аю шығады.

Аю: - Балалар мына сан қандай сан екенін таппасандар,мен бауырсақты жеп қоямын.

Балалар 3 санын табады.

Гаухар: Бауырсақ аюдан құтылып домалап келе жатырса,алдынан түлкі шығады.

Түлкі: -Балалар менің қолымдағы сандықшадағы тапсырмаларды орындамасандар ,мен бауырсақты жеп қоямын.





Балалар сұрақтарға жауап береді.




Балалар тақпақтарын айтады.










Суреттермен жұмыс жасайды.






Балалар тура және кері санайды,қосу,азайту амалдарын орындайды.









Балалар екі топта жұмыс жүргізеді.














Дәптерге 4 санын жазады.


-Балалар біз түлкінің барлық тапсырмаларын орындадық,енді түлкі бауырсақты жемейді.


-Ендеше балалар бойымызды сергітіп,

«Осень»әнін орындайық.






Орындайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі