15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«4 саны мен цифры»
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: «Қарапайым математика»
Тақырыбы: «4 саны мен цифры»
Мақсаты:Балаларды 4 саны мен цифрымен таныстыру. 4 санының құрамына есеп құрастыру.4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету. Көрнектіліктер: тақырыптық суреттер,сандар. Амандасу: Өткен санды қайталау. Жаңа сабақ:Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру. –Аквариумде 3балық болды,тағы бір балық әкеліп қостық.Неше балық болды? 3+1=4.Бүгін біз 4 санымен танысамыз. 4 санын көрсетіп,тура және кері санау.4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру. 3 қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды.Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті,неше қоян қалды? 4-1=3 -Ал,балалар қояндар нені жақсы көреді? -Сәбізді. Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы саны ұғымы қайталанылады. –Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық. Таяқшалар арқылы 4-таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.
-Пішіндер неге ұқсайды? -шаршыға, «ш»дыбысына. 4-саны неге ұқсайды? -төңкерілген орындыққа
Сергіту сәті: 1,2,3-ал кәнеки ұш, 4,5,6,7-мынау ауыл шеті. 8,9,10-ал,кәнеки қон.
Тақтамен жұмыс:Тақтадағы суреттер бойынша заттың атын атап,санау. 4балық,4 ат,4 доп. «4»санына байланысты түсініктер беру. 4 -түлік мал,4-жыл мезгілі,4-қабырғасы,4-машинаның дөңгелегі. 4санының құрамын дөңгелектер арқылы толықтыру. 4санына байланысты есептер шығару. 3 қоянға 1 қоянды қосқанда 4 қоян болады. 2 түлкіге 2 түлкіні қосқанда 4 түлкі болады. 1 кірпіге 3 кірпіні қосқанда 4 кірпі болады.
-Қане, балалар қарандаштың тапсырмасын орындайық. Төрт түлі-түсті қарандашымызды шығарайық. Қандай түстер екенін атап өтейік. –Көк,қызыл,сары,жасыл. Тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу. Ойын «Өз орныңды тап»
Шарты:Балалар 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз.Ретсіз араласып тұрады.Балалар ретімен қатарға тұру керек,қатардағы орнын атау керек.
Қортынды:
-Балалар,біз бүгін қандай санмен таныстық?
«4»санының құрамын қайталау керек.
Балаларды мадақтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген