Мақсаты
|
Оқушыларға алғыс, ризашылық, жақсы тілек
туралы түсінік беру, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы
достықты бағалау, рухани бай, адамгершілігі мол ұрпақты
тәрбиелеу
|
Күтілетін
нәтижелер
|
- Оқушылардың алғыс, ризашылық, жақсы
тілек туралы түсініктері кеңейеді.
- Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың
арасындағы достықты бағалауды
үйренеді.
- Рухани бай, адамгершілігі мол ұрпақ
тәрбиеленеді.
|
Ой
қозғау
|
-
Алғыс айту, ризашылық білдіру, жақсы тілек тілеу дегенді қалай
түсінесіздер?
|
Оқушылар өз ойларын
айтады.
|
Кіріспе
|
Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1
наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа
қол қойған болатын. 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан
бастап атап
өтілуде.
«Алғыс айту
күні» - Қазақстан халқын мәңгілікке
біріктіруге
бағытталған «Мәңгілік
Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының,
қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт
пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы
Ассамблеясының күні.
|
|
Негізгі
бөлім
|
үндестік, өзара сенімділік пен барлық
қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Тұңғыш
Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі
этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған
қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның
белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен
ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда
еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік
қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне
айналды.
бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының
басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен
еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін
күн.
Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның
көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс
айту күні» - қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және
өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл - репрессия мен жер аудару
жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік,
қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер
күні.
айту күні» туралы: «Қазақстан халқы
Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың
бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай
қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті
болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл
күн - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне
деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», -
деген болатын.
шығармашылық
жұмыстар.
|
Оқушылар
слайдтармен жұмыс
жасайды.
Ән
«Алғыс».
Оқушылар
шығармашылық жұмыстар
орындайды.
Ата-аналардың
алғыстарын тыңдайды.
Суреттерден сөздер, сөйлемдер
құрастырады.
|
Қорытынды
|
тілекті естіген сайын жақсылық жасағысы
келеді.
Бір-біріне рахмет, жақсы тілек айту,
қамқорлық жасау, сыйластық көрсету, көмек беру арқылы қуаныш,
шаттық сыйлайды.
|
|