Материалдар / 4-сынып 3-тоқсан тжб қазақ тілі т2

4-сынып 3-тоқсан тжб қазақ тілі т2

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сынып 3-тоқсан тжб қазақ тілі т2
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

4 – сынып ТЖБ

«Қазақ тілі» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары







  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты:

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.



Ұзақтығы - 40 минут Балл саны – 18



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Тыңдалым

4.1.1.1* Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.1.3.1* Тыңдаған материалдың

(ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

Айтылым

4.2.3.1* Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

Оқылым

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

Жазылым

4.4.2.1* Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.







Тыңдалым

  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Жануарларды қорғау үшін қорықтар құру керек. Қорықтарда құстар мен жануарлардың, өсімдіктердің көбеюіне жағдай жасалады.

Қазақстанда Наурызым, Марқакөл, Қорғалжын, Алакөл т.б. қорықтар бар.

Shape1 Қорғалжын қорығы Ақмола облысында орналасқан. Қорықтың басты байлығы – су құстары. Қорғалжын қорығы қызғылт қоқиқазды сақтау мақсатында құрылды. Көктем, жаз айларында бұл қорықтағы көлдер құстарға толады, сондықтан оны «Құс базары» деп те атайды. Қорықта қоқиқаздан басқа бірқазан, шағала, үйрек, қоңыр қаз сияқты құстар, түлкі, қарсақ, суыр сияқты жануарлар мекендейді.

  1. Қорғалжын қорығы қандай мақсатпен құрылды?

А) сирек өсімдіктерді сақтау үшін

В) шағала мен үйректі сақтау үшін

С) қызғылт қоқиқазды сақтау үшін

D) түлкі мен қарсақты сақтау үшін

[1]

  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.

    • Қорғалжын қорығы __________________________________________ орналасқан.

    • Қорғалжын қорығын «Құс базары» деп те атайды, өйткені

______________________________________________________________________

[2]

  1. Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.

Cұрақ:________________________________________________________________

Жауап: _______________________________________________________________

[2]



















Айтылым

2-тапсырма .Тірек сөздерді қолданып, жұбыңмен диалог құр.

  1. Тақырып: Қазақстанның Қызыл кітабы

Тірек сөздер: сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, әртүрлі парақтар, қорғауға алу, тыйым салу



[4]

Оқылым

3-тапсырма

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Қыс мезгілі адамның мінезіне ұқсайды: кейде қатты, кейде жұмсақ. Кейде қатты аяз, боран болса, кейде балаларды ашық күндерімен қуантады.

АShape2 йдос бүгін ерте тұрды. Далада боран соғып тұр. Айдос жүгіріп терезеге келді. Терезе алдында өсіп тұрған жас алма ағашына қарады. Бұл алма ағашын жазда анасы екеуі отырғызған еді.

Боран ағашты майыстырып, жан-жаққа жұлқып тұр. Айдос досын аяп кетті:

- Шыда, ағашым. Боран басылады, күн ашылады. Мен саған келемін. Саған күтім жасаймын. Сен үлкен болып өскен соң маған алмаңды бересің, - деді.

  1. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын жауапты анықта.

А) қыста ағаштарды қар басады

В) қыстың мінезі әр түрлі болады

С) табиғатқа қамқорлық жасау керек

D) боранды күні ағашқа қиын болады

[1]

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер..



а) Автор қыс мезгілін кімге/неге ұқсатады? Неліктен?

______________________________________________________________________

[2]

b) Неліктен? не үшін? сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

______________________________________________________________________

[1]









Жазылым

4-тапсырма

Берілген жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз.

Жоспар:

  1. Қыс көрінісі

  2. Боранды күн

  3. Жас алма ағашы

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі

Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Shape3

Білім алушының ықтимал жауабы:

Қыс келді. Даланы аппақ қар басты. Қыста кейбір күндер аязды, кейде ашық болады.

Айдос бүгін ерте тұрды. Далада боран соғып тұр. Айдос терезеден анасы екеуі отырғызған алма ағашын көрді. Алма ағашы желден майысып тұр екен. Айдос ағашқа:

- Шыда, ағашым, боран басылады. Мен саған күтім жасаймын, - деді.

1

Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі жазады.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

1

Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды.

1

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

1

Лексика-грамматикалық нормаға сай жазады.

Барлығы

5



Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Shape4

C)

1

Адамға/ адамның мінезіне

1

Адам сияқты кейде қатал, кейде мейірімді болады/кейде қатты, кейде жұмсақ болады

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.

Айдос неліктен терезенің алдына келді? / Айдос досын неліктен аяп кетті?/Жас алма ағашы неліктен майысып тұрды?/…

1

Барлығы

4








Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Shape5

С)

1

Ақмола облысында

1

көктем, жаз айларында көл құстарға толы болады/ көктемде, жазда құстар көп болады/...

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.

Қорғалжын қорығында қандай жануарлар мекендейді?/Қазақстанда қандай қорықтар бар?/Қорықтар не үшін құрылады?/...

1

Қорғалжын қорығында түлкі, қарсақ,суыр мекендейді/ Наурызым, Марқакөл, Қорғалжын, Алакөл/Жануарларды қорғау үшін/...

1

Барлығы

5

Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Shape6

Білім алушының ықтимал жауабы:

— Асан, Қызыл кітап деген не?

— Қызыл кітапқа сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер жазылады. Қызыл кітапқа жазылған жануарларды, құстарды аулауға болмайды.

— Ал жануарларды не үшін аулайды?

— Жануарларды бағалы терісі, мүйізі үшін аулайды.

— Қазақстанның Қызыл кітабына қандай жануарлар жазылған?

— Қазақстанның Қызыл кітабына қоңыр аю, қызыл қасқыр, барыс жазылған. ...

1

Тақырыпқа сәйкес баламалы диалог қабылданады.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды және жауап береді.

1

Тақырыпқа қатысты мәліметтерді қамтиды.

1

Тірек сөздерді орынды қолданады.

1

Диалогтік сөйлеу мәдениетін, дауыс ырғағын сақтайды.

Барлығы

4





Барлығы 18 балл

Жариялаған:
Айымгуль
15 Ақпан 2024
961
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі