Сабақ
тақырыбы: «Жылу».
Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу
дағдысын түсіндіру, үйрету. Баланың анаға деген махаббатын
суреттеу, анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе
білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге
дағдыландыру.
Дамытушылығы:
Сөздік қорларын, тіл байлығын,
шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі:
Анаға
сый-құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап,
әңгімелеу, жұптық жұмыс , салыстыру,сауалнамалық әдіс.
Сабақтың
көрнекілігі: Фариза Оңғарсынова суреті, сауалнамалық
тапсырмалар сұрақтары, Венн диаграммасы, суреттер, кесте
т.б.
Сабақ
барысы:
-
I. Ұйымдастыру сәті. (1- 2
мин)
Жарқырап күн де
ашылды,
-
Айналаға нұр
шашылды,
-
Қайырлы күн! Біз көңілді
баламыз.
-
Қайырлы күн!Біз сәлемдесіп
аламыз,
-
Мақсатымыз- білім
алу,
-
Міндетіміз-
еңбектену
-
Еңбектену
арқылы
-
«5»- ке қолды
жеткізу!
II. Үй тапсырмасын
тексеру. ( 7минут)
А) Қайқауыс.
Ата-ананы құрметтеу
туралы
-Қабуснама қандай кітап?Оны
кім жазған?
-Қайқауыс бұл кітапты кімге
арнап жазған?
Ә) ата- анасы тақырыбында өз ойын
жазып келу
ІІІ. Жаңа білімді
түсіндіру. (8-10
мин)
- Дүниеде анасыз адам болмайды. Осында отырған мен де, сендер де
анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Дүниедегі жақсылықтың
бәрін, нәресте көзімде анадан үйренеміз. Ең алғашқы сөзді, ана
тілінде дұрыс сөйлеуді үйретеді.
1. Біздің ана тіліміз қай тіл?
2. Аналар мерекесін жылдың қай мезгілінде тойлаймыз?
3. Көктемнің ең алғашқы гүлін кім атайды?
- Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, әлі еріп кетпеген
қалың қардың астынан бүршік жарып шығады. Біздің аналарымыз да
өмірдің қиындығына қарамастан, нәзікте болса, жеңіп шығады:
Тіршілік күннен нәр алса, адамзат анадан тарайды.
Ананың жылуын, сендерге деген қамқорлығын қалай сезіп байқайсыңдар?
(сөздерінен, көмегінен, қимылынан, ботақаным, құлыншағым,
айналайын)
Ананың балаға беретін жылуын немен салыстыруға
болады?
Ф. Оңғарсынова туралы қысқаша
әңгімелеу.
1. Бұл суреттегі кім?
2. Оны кім ретінде
білесіңдер?
3. 1 - сыныпта оның қандай өлеңін оқып, танысып едік? Бөлісе
айтқызу. «Ботақаным».
Фариза
Оңғарсынова - ақын, халық жазушысы, журналист,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II
шақыруларының депутаты (1996-2004).
-
1939 жылдың 25 желтоқсанында
Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш
ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық
институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының
Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде
ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек"
газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе,
Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас
редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас
редакторы болып істеген. 1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep»
(қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті
Мәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004). 23
қаңтар 2014 жылы Фариза Оңғарсынова
дүниеден өтті.
Сергіту
сәті:
Өлеңді талдап
түсіндіру.
Жылу
Жылылықтан
жаралған
Құшағы оның – таң
мекен.
Менің айдай
анамнан
Асқан сұлу бар ма
екен?!
Мейірім – нұр
төгілген
Күн көзіндей
жанары,
Ойымды оқып
өңімнен,
Дірілдейді
қабағы.
Жердегі бар
тағамнан
Ана сүті нәрлі
екен.
Бұл жалғанда
анамнан
Сүйікті адам бар ма
екен?!
Жер бетінің
ғұмыры
Күн нұрымен
арайлы.
Біздің үйдің
жылуы
Анамыздан
тарайды.
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп,
саналы түрде, дұрыс оқыту.(3-4 мин)
Сөздік жұмысы: (2
мин)
Өң
- бет, ажар,
түс
Жалғанда -
дүниеде
Ғұмыр –
өмір
«Сұрақтар шеңбері»
әдісі бойынша кестемен жұмысы
(3-4
минут)
|
Сұрақтар
|
Берілген
сөз
|
Қандай?
Кімнің?
Қандай?
Кімнің?
Ненің?
|
анам - айдай
сұлу
құшағы –
кең
жанары – күн
көзіндей
сүті –
нәрлі
нұры –
жылы
|
|
|
|
«Ойлан – жұптас- талқылы»
әдісі бойынша жұптық жұмыс (5минут)
1 деңгей: «Ана» деген кім?Ол
қандай адам?
2 деңгей: «Менің анам»
тақырыбына ой толғау.
3 деңгей: Берілген сөздер мен
сөз тіркесін пайдаланып өлең ұйқастыру (мен ақылды,айтқан
тілін,анамды,ақылын)
................................сыйлаймын,
................................тыңдаймын.
.................................аламын,
.................................баламын.
|
|
«Мәселені болжау»
стратегиясы бойынша суретпен жұмыс
жүргізілді. (3-4
минут)
-Берілген суреттер арасында
қандай байланыс бар?
-Ақын ананы не үшін
күнге ұқсатады?
-Ана мейірімі туралы не
дейсің?
-Ана сүті туралы
ше?
-Ананың алақаны
қандай?
ІҮ. Қорыту.
Венн диаграммасы арқылы Күн мен Ананы салыстыру. Әр оқушы өзі келіп
жазып тұрады. 5минут
● Күн
1. Өлі табиғат.
2. Жерді жылытады, шөп шығарады, қарды ерітеді.
3. Жарық береді.
● Ана
1. Тірі табиғат.
2. Адамды өмірге әкеледі
3. Баласын азамат етеді.
● Ұқсастығы
1. Жылу береді.
2. Барлық халық тағзым етеді
3. Тіршілік бастауы.
Үйге тапсырма
беру: (1 мин)«Жылу»
Ф.Оңғарсынованың өлеңін жаттап алу
Ана туралы өлең жазу
Бағалау. (2 мин)