Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
4 сынып әдебиеттік оқу "Ғарыш жолы-жалғасады"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: |
Ғарышқа саяхат |
|
Мұғалімнің аты-жөні |
Нұржанқызы Сәуле |
|
Күні: |
06.04.2023 |
|
Сынып: 4 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Ғарыш жолы жалғасады |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету |
|
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді 1-топ Тоқтар Әубәкіров 2-топ Талғат Мұсабаев 3-топ Айдын Айымбетов 4-топ Юрий Гагарин Топтық ережемен таныстыру! -Бірлесіп жұмыс жасау -Топ басшысын сайлау -Уақытпен санасу -Белсенді қатысу -Тыныштық сақтау Өткен тақырыпқа шолу: Топпен жарыс.Әр топтан үй тапсырмасын айытқан оқушы өз тобына 1 ұпай сыйлайды. Әр кезеңнен жинаған ұпай(бағалау) арқылы көп жинаған топ ең соңында жеңімпаз аталады. -Үй тапсырмасын сұрау. -Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып,жауап алыңдар. +Қосымша мәлімет Әр топтан 1 оқушы шығып,басқа топтарға өздеріне қосымша тапсырма ретінде берілген ғарышкер туралы қосымша ақпараттарымен бөліседі. Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі: - Біз бүгін сендермен ғарыш жолы жалғасады атты тақырыбымызды өтетін боламыз.Үйге берілген қосымша ақпарат біздің бүгінгі өтетін тақырыбымызға байланысты берілген. -Қазақ ғарышкерлері туралы не білесіңдер? -Олай болса, бүгінгі сабақта ғарышкерлер туралы шығарманы оқимыз, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табамыз, тапсырмалар орындаймыз. |
Бір-біріңе жақсы көңіл күй сыйлайды. Топқа бірігеді. Үй тапсырмасын айтады,сұрақтарға жауап береді. Қосымша ақпаратпен бөліседі. |
Жұлдыз карточкасымен бағалау. Ауызша мадақтау; Жарайсың! Тамаша! |
|
|||
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин |
(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі: А) Сөздікпен жұмыс. Ә) Оқылым. -Мәтінді түсініп, тізбектей дауыстап оқыңдар. Б) Сұрақ-жауап. - Бала Тоқтардың отбасы туралы әңгімелеңдер. -Баланың есімі неліктен «Тоқтар» деп қойылған? - Тоқтар Әубәкіров туралы тағы қандай мәлімет айта аласың? Сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау карточкаларымен бағаланады. Сергіту сәтінде қосылып би билейді (Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. А) Дәлелдеу. -Жазушы отбасы мүшелерінің қандай туыстық сезімдерін суреттеген? -Тоқтардың мамандықты қалай таңдағанын мәтіннен тауып оқып беріңдер. -Тоқтарға тән ерекшеліктерді атаңдар. Есіңе түсір: Диалог-әдеби шығармада екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен сөйлескен сөздері. Тоқтардың мамандық таңдауына үлгі болған адамдар кімдер? Мәтіндегі Тоқтардың отбасын сипаттап,ауызша айтыңдар «Жұмбақтар еліне саяхат»кезеңі Оқушыларға бірдей арнайы карточкаларда жұмбақтар жасырылады.Қай топ жұмбақтарға тез әрі дұрыс жауап береді,сол топ жұмбақ жасырылған карточкаларды алады.Ол карточкалар ең соңында ұпай ретінде есептелінеді.Яғни оқушы жұмбаққа жауап беру арқылы өзінің тобынын жеңіске жетуіне септігін тигізеді. 1)Таңмен көзін ашады,Әлемге нұрын шашады (Күн) 2)Күндіз бәрі қашады,Түнде аспанды басады (Жұлдыз) 3)Ұшады қанатсыз,Зырлайды аяқсыз (Зымыран) 4)Көлде жүрген ақ үйрек,Түнде бар да,күндіз жоқ (Ай) 5)Күміс қанат сұңқары,Көкке еркін сүңгиді,Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейміз (Ұшқыш) 6)
Дүниеде бір қарбыз бар
солмайтұғын, «Сұрақ-жауап» әдісі. Оқушыларға арнайы өткен және бүгінгі тапсырмаға байланысты wordwall бағдарламасы арқылы сұрақтар беріледі.Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар бағалау карточкаларымен бағаланады.Және де сол карточкалар арқылы өзінің тобынын жеңіске жетуіне көмектеседі. Қорытынды: Топ басшылар жарысы.Әр топтан топ басшылары шығып,әр топ айтқан ғарышкер туралы қосымша ақпараттарды толықтай айтып шығады. 1 топ Юрий Гагарин 2 топ Талғат Мұсабаев 3 топ Тоқтар Әубәкіров 4 топ Айдын Айымбетов туралы қосымша ақпараттарды айтып,қаншалықты ақпаратты тыңдағанын және қаншалықты түсінгенің айтып шығады.Топ басшылары айтқан ғарышкер туралы қосымша ақпарат берген топ өздері сұрақ қоюға болады.Сол арқылы жақсы айтқан топ басшысына ұпай беріледі. Ең соңында көп бағалау карточкаларын жинаған топ жеңімпаз атанып,грамоталармен марапатталады. |
- Тапсырма орындайды.
-Мәтінді оқып,берілген сұрақтарға жауап береді.
Би билеп сергиді.Денелерін қозғалтып, шыңығады. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. Жұмбақтар еліне саяхат жасайды.Жұмбақтарға жауап беру арқылы,өз топтарына ұпай жинайды. Интерактивті тақта арқылы wordwall бағдарламасында берілген өткен және бүгінгі сабақтарға қатысты сұрақтарға жауап береді Топ басшылары сайысқа түседі.Қосымша берілген ақпарат бойынша басқа топтар дайындап келген ғарышкер туралы айтады,сұрақтарға жауап береді. Өз топтарына ұпай жинайды. |
Дескриптор: Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. - Мәтінді оқиды-1балл. - Бала Тоқтардың отбасы туралы әңгімелейді -1балл. Баланың есімі неліктен «Тоқтар» деп қойылғанын анықтайды Жазушы суреттеген отбасы мүшелерінің туыстық сезімдерін анықтайды-1балл. - Тоқтарға тән ерекшеліктерді атайды -1балл. Мәтіндегі Тоқтардың отбасын сипаттап айтады-1балл Жұмбақтардыңшешімін табады- ғарыш карточкалары
Сұрақтарға жауап береді-бағалау карточкасы
Топ басшылары алған ақпаратпен бөліседі,сұрақтарға жауап береді-бағалау карточкасы |
Әдебиеттік оқу 4 сынып 2019ж
https://youtu.be/Vwa5zBMF_WU
h
|
|||
Қорытын-ды 5 мин |
Кері байланыс «Мадақтама» әдісі арқылы жүреді. Топ басшылары сабақ кезеңдері бойынша өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.Ең соңында ұпайы көп топта 1 орын,қалған топтарға ұпайларына байланысты 2,3,4 орындарымен марапатталады.
Үй тапсырмасы: мәтінді оқып, мазмұндау. |
Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.Топ басшылары топтарын бағалайды |
ҚБ қойылады. |
|