жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
4 сынып бойынша тізбектелген 4 сабаққа рефлексифті есеп үлгісі
2017-2018 оқу жылындағы 1 «ә» сынып оқушыларымен өткізілген сабақтарға жасалған рефлексифті есеп
Жаңа ғасырдың алдында жаңаша ойлайтын тұлғаларды дайындау міндеті тұр. Мұғалімнің басты мақсаты-оқушыға білімді өздігімен игерту амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау,кеңестер және бағыт-бағдар беру.
Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған.Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады . Ынтымақтастық қағидаты келесі 3 өлшемнен тұрады: оқушылардың білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жасампаз және ойшыл жеке тұлға ретінде өзін-өзі оң бағалау, білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді қолдануға дайын әрі қабілетті болу.
Міне осы тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, мен бағдарлама бойынша
1 «ә» сынып оқушыларына бірнеше берген сабақтарым бойынша талдау жасамақпын. Сабақты бастамас бұрын әрбір сабағымды жаңаша тренингтер жүргізіп отырамын.Оларға сабақтарда өзгерістер болатынын түсіндіріп айтып отырамын.Сабақты бастамас бұрын Кембридж тәсілімен және жаңартылған білім мазмұны бойынша түрліше әдіс-тәсілдерді бір жүйеге келтіре отырып жоспар құрып аламын. Бұл жоспарымның қысқаша мазмұнымен оқушыларымды да таныстырамын,кейде сабақ мақсатын оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы бір жүйеге келтіре отырып өздеріне тапқызамын. Мені қуантатыны оқушылар бір ауыздан жаңа сабақ түрін өткізуге қызығатындықтарын айтып отырады. Ынтымақтастық атмосферасын құру кезінде қиындықтар көп болғанына қарамастан(топқа бөліну, сұрақтың қойылуы, ойларын ашық айта алмау, өз-өздерін асыра бағалау, үнсіз оқушы т.с.с) алғашқы сабағымыз өте көңілді аяқталатын. Дегенмен бағдарламаның жеті модулін бірте-бірте сабаққа енгізу барысында мұндай кемшіліктерді біртіндеп класс болып жеңе бастадық.Сабақ өткізуде кеткен ағаттықтарымды келесі сабақтарда ескеріп отырдым.Оқушыларға өзін-өзі ретте
уге мүмкіндіктер беріп отырдым.Оқушылардың бойындағы жеке ерекшеліктерін біртіндеп байқай бастадым. Жеке партада отыруға үйренген оқушылар топқа бөлуде әр түрлі пікірде болатын. Тапсырманы топ болып шешуде жауапкершілікті сезінген оқушыларым топтық жұмыс жасауда бір-біріне қолдау көрсете білді. Соның ішінде үнсіз оқушылар өз-өздерін көрсетіп, қызығушылықтарын танытып келеді.
Сауат ашу,дүниетану,жаратылыстану сабақтарында «Қызығушылықты ояту» кезеңінде берілген атауларға кластер жасау арқылы да оқушылардың ойлау қабілеттерін одан әрі дамытуға тырысамын. Оқушылар бұл жұмысқа белсене кіріседі. Топ мүшелері бір-бірінің пікірлерімен санаса біледі. Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады дегендей сабақта оқушылар топтасып жұмыс жасай білуді үйреніп келеді.Жаңа тақырыпты меңгеруде оқушылар өз бетінше оқып, берілген аз ғана уақыт ішінде оқушылар жаңа тақырыпты тез меңгеріп, мысалдармен дәлел келтіре отырып, өз ойларын еркін айта білуді үйреніп те келеді. Бұл модульдің мені қызықтырғаны оқушының өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Әрбір сабақ барысында «Мозайка» әдісімен сурет қиындыларын сәйкестендіру арқылы қайта топқа бөліп отырамын. Әңгімелесу – мұғалімдердің балаларды оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Ойлаудың осы бағытына орай, сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру үшін улкен көмегі бар деп ойлаймын.
Сыни тұрғыдан ойлану- бақылаудың, тәжірибенің, ойлану мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 49- бет) Сын тұрғыдан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген екен қазақтың ұлы ақыны Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар» деген екен. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі партадағы бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.
Бағалау кезеңі оқушылардың сыни ойлау қабілеттеріне де әсер етті. Оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалауы, «Смайликтер», «Бағалау критерийі», «Үш шапалақ», «Бағалау парақтары» арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері дамып отырды.
Сыни тұрғыдан ойлауды бағалағанда да оқушылардың бойынан көп ерекшеліктер байқалды.Олар оқушыларды әділ бағалауға көбірек мән берді.Өзінің ойларын ашық айтып, қалай бағалағанын айтып түсіндіруге тырысты.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін
тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
-бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз
қаланды.
Осы Кембридж оқу бағдарламасымен жұмыс жасау мен үшін өте тиімді деп есептеймін.
№8 жалпы орта білім беретін мектеп
2017-2018 оқу жылындағы 1«ә» сынып оқушыларымен өткізілген сабақтарға жасалған рефлексифті есеп
Сынып жетекшісі: Табынбаева С.А
2017-2018оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген