Бекітемін
Оқу ісінің орынбасары:
_____________________А.А.Кудайбергенова
|
Мектеп |
Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ |
|
Сабақ өткізетін мұғалімнің аты-жөні |
Досаева Гулназ Абылаевна |
|
Мерзімі |
02.03.2023ж |
|
Сыныбы |
4 «Ә» |
|
Пәні |
Дүниетану |
|
Тақырыбы |
Глобус және карта |
|
Бөлім |
Қоршаған ортаны қорғау |
|
Бағдарламаға негізделген оқу мақсаты |
4.2.1.2.Глобус пен карталардың қолдану аясын, олардан негізгі нысандарын көрсете білу; |
|
Сабақ мақсаты |
Глобус пен картаның не үшін қажет екенін біледі. Глобус пен картадан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. |
Сабақ барысы:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут 2 минут 5 минут 2 минут 1 минут |
Өткенді қайталау «Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні» Аудио тыңдау Аудиодан Жер ананың дауысын тыңдату. Не туралы айтып жатқанын табу «Орнын тап» әдісі: Өткен сабақта қоршаған ортаға қамқорлықпен қараумен, экологиялық проблемалармен таныстық. Бос жәшікке қайта өңдеуге болатын қалдықтарды сал. Сары, қызыл, қоңыр, көк, жасыл түсті жәшіктерге салу Сары жәшік – электронды құрылғылар Қызыл жәшік – жеміс-жидектер мен көкөніс қалдықтары Қоңыр жәшік – металдан жасалған бұйымдар Көк жәшік – қағаз қалдықтары Жасыл жәшік – пластикалық ыдыстар Қайта өңдеген жағдайда шикізат өңделеді. Қоршаған орта қоқыс қалдықтарымен ластанбайды. Дескриптор: Қоқыс қалдықтары туралы біледі Түрлерін ажыратып, тиісті жәшіктерге салады 2 балл «Топтастыру» әдісі: Жер – жасыл, дөңгелек, мекен, тіршілік көзі, құнарлы, шөпті. Психологиялық ахуал қалыптастыру Ғылымның сырын ұғамыз, Шығамыз білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік Жеткізсін біздей өренді Дүниетану сырына! |
Өткен сабаққа шолу жасайды Бос жәшіктерге салады Көңіл-күйлерін көтереді Постер қорғайды |
Ауызша мадақтау 2 балл |
Түрлі- түсті жәшіктер |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут 2 минут 8 минут 5 минут 2 минут 8 минут |
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
Миға шабуыл: (жұмбақ шешу) Бір нәрсе бар бетінде жоқ ой менен қыр, Өзінің кіндігінен айналып жүр. Өзіне назар салып қарасаңыз, Келбеті жер жүзінің көрініп тұр (глобус) Жер көрдім, қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін. Көп көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереңдейтін (карта)
«Ойлан, салыстыр» әдісі: Глобус және карта суреті ұсынылады. Жер туралы ғылымды картасыз түсіндіру мүмкін емес. Мұхит, теңіз, құрлық, елді мекендердің орналасуы туралы білім негіздерін түрлі саяхатшылар қалады. Глобусты айналдырып, картаны мұқият қарай отырып, құрлықтың контурын, мұхиттардың көк бейнесін, жазықтарды көруге болады. Картада да, глобуста да белгілі бір белгілер жүйесін қолдана отырып, бейнеленген жер бетінің кішірейтілген нысандарын көре аламыз. Нысандар деп айналадағы кез келген заттар мен құбылыстарды айтамыз. Ал, балалар, карта мен глобус арасында қандай айырмашылық бар? Карта термині – грек сөзінен шыққан.Ол жазуға арналған папирус қағазы дегенді білдіреді.Карта жер бетінің жазықтықтағы көрнекі бейнесі. Глобус сөзі – латын тілінен шыққан. Аудармасы шар деген мағынаны білдіреді. Жұлдыздар, планеталар, ғарыш денесі шар сияқты екені бұрыннан анықталған. Глобус біздің ғаламшарымыздың дәл моделі. Жер бетіндегі барлық нысандардың контуры қандай болса, глобуста да солай көрсетілген. Глобус пен карта адамзаттың маңызды өнертабысы. Глобус пен картадағы түстер нені білдіреді? Көк түс – су, сары түс – құрлық, ақ түс – қар, мұз. Мұхит – Жер бетіндегі ойыстарға жиналған табиғи су айдыны. Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит, Атлант мұхиты, Тынық мұхит. Үнді мұхиты – ең мөлдір, таза мұхит. Атлант мұхиты – ең көп балық ауланатын мұхит. Солтүстік мұзды мұхиты – ең кіші, ең таяз, ең суық мұхит. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Тынық мұхиты – жер шарындағы ең үлкен, ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара – пар. Құрлық – жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршаған орасан зор ауқымды жер бөлігі. Жер шарында барлығы алты материк бар. Екі континент - Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка. Ешқашан қыс болмайтын материк - Африка. Ең үлкен материк – Евразия. Ол біз тұрып жатқан құрлық. Ал Ал ең кіші материк – Австралия деп аталады. Оның атауын Кенгуру аралы деп атауға болады. Ең суық материк – Антарктида. Ол солтүстік полисте орналасқан. Онда адам тұрмайды. Ол жер пингвиндер мен итбалықтар патшалығы. Бейнежазба: «Карта мен глобус» Тапсырмалар: І топ:
4 балл ІІ топ:
4 балл ІІІ топ:
4 балл ІҮ топ:
4 балл |
Жұмбақтың шешуін табады Карта мен глобусты салыстыра ды Карта мен глобус туралы ақпарат алады Бейнежазба мен танысады Топ болып тапсырма ларды орындайды |
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Досаева Гулназ АбылаевнаШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз 4 сынып д8ниетану "Глобус және карта"
Тақырып бойынша 11 материал табылды
4 сынып д8ниетану "Глобус және карта"Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жүйелі жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы Бекітемін Оқу ісінің орынбасары: _____________________А.А.Кудайбергенова
Сабақ барысы:
|

















