Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
4 сынып. Киіз үйдің ішкі көрінісі. Ұлттық төсеніш түрлері.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Көркем еңбек |
Мектеп: Педагогтің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||
Бөлім: |
Мәдени мұра |
||||||||||||||||||||
Сынып: 4 Күні: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Киіз үйдің ішкі көрінісі. Ұлттық төсеніш түрлері. |
||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
4.1.1.1 – табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау |
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтайды және таниды, оларды өз жұмыстарында интерпретациялайды. |
||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК
|
||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы. |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Басы
|
Психологиялық
дайындық. «Еңбекқорлық және кәсіби
біліктілік» тақырыбында ой қозғау. Жұмбақ Жүз мүйізі бар, Үстінде киізі бар. (Киіз үй) Үй тапсырмасын сұрау: а) Оқушының сурет альбомын қарап,
бағалау 2. Киіз үй бөліктерін атаңыз? 3. Қандай киіз үй түрлерін білесіздер? Мадақтау сөздері арқылы бағалау.
Бастама: Мәдени тұрмыстық заттар дегеніміз не? Жауап: құмыра,торсық, киіз үй т.б Кейінгі әрекет: Дұрыс Дұрыс жауап берген оқушы мадақтау арқылы бағаланады Түрткі сұрақ: Неліктен киіз үй қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер түріне жатады? Сынама сұрақ: мысал келтіре аласыз ба? Қайта бағыттау сұрағы: Көмектесе алатындарыңыз бар ма? Жауап берген оқушыны басбармақ арқылы бағалау.
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді. |
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары. |
|||||||||||||||||
Ортасы |
Жаңа сабақ: Жаңа сабаққа кіріспе: Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары- үй тұрмысында қолданылатын жабдықтар, халық арасында олардың алуан түрлері бар. Кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Мысалы: Әбдіре, Ағаш төсек, Адалбақан, Кебеже, Жастықағаш, Жүкаяқ, Сандық, Сандыққап, Асадал, Алаша, Бөстек, Жастық, Көрпе, Құстөсек, Сырмақ, Текемет Әбдіре - киім-кешек немесе басқа да бағалы бұйымдарды сақтауға арналған сандық. Ағаш төсек - адамның жатып тынығуы үшін пайданылатын үй жиһазы. Адалбақан - киім т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Кебеже - тамақ сақтауға арналған сандыққа ұқсас ағаш бұйым Жастықағаш - жер төсекте жатқан адамның басын биіктету үшін жастықтың астына қоюға ыңғайлап жасалған тиянақ ағаш. Жүкаяқ - жиған жүктің астына қоюға арналған ағаш тұғыр. Сандық - киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым. Сандыққап - сандықты бүлінуден сақтау үшін сыртына кигізетін киіз қап. Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған кебеже тектес ыдыс. Алаша - әр түрлі жүннен немесе әр түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Бөстек - адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш. Жастық - адамның басына жастауға арналған үй жиһазы. Көрпе - матаның арасына мақта немесе жүн (әсіресе түйенің) салып тіккен жамылғы әрі төсеніш. Құстөсек - құс жүнінен (мамығынан) жасалған жұмсақ төсеніш. Сырмақ - киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Текемет - бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз.
Оқушылар мадақтау сөздері арқылы бағаланады. Топпен жұмыс. Концептуалдық кесте толтырады
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды. |
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
Тапсырма жазылған үлестірмелер. Бағдаршам Слайд арқылы дұрыс жауап үлгісі көрсетіледі.
Жұмысдәптері, қалам немесе жай қарындаш. |
|||||||||||||||||
Соңы |
Сабақты қорытындылау: Әр топ тапсырманы постерге түсіріп оны қорғайды. «2 жұлдыз 1 ұсыныс» арқылы екі топ бір-бірін бағалайды орындалған тапсырмаға жағымды пікір білдіру тапсырманың орындалуына оң пікір. ұсыныс білдіру, дегенмен… Кері байланыс
Сергіту сәті. Саусақтарға арналған жаттығулар Ақ парақты алайық, Алақанды қояйық. Жағалатып сызайық, Не болғанын қарайық. Екі оқушы бірігіп, Бір киіз үй жасайық! 2. Жұптық жұмыс. Түзетулерді орындау. (Берілген тапсырмаға қате сурет салынған, оқушы түзетулер жасап дұрыс суретін салуы қажет.)
Жұптардың жауап парақтары ауыстырылып беріледі, жұптар бір-бірін тексеріп, бағалайды. Бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды
Кері байланыс
Бағалау: Үйге тапсырма: «Менің ауламдағы пейзаж көрінісі» атты тақырыпта бейнелеу жұмысын жүргізу. |
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар. |
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. |
Топтық тапсырмалар. |
|||||||||||||||||
Кері байланыс |
Кері байланыс «Рефлексия тақташасы» арқылы
«Қызыл алма»-бүгінгі сабақта жасап үйрендім « Сары алма» - бүгінгі сабақта қандай мәліметтер алдым «Жасыл алма»- бүгінгі сабақта маған қиындық тудырған... Үйге тапсырма: Текеметтің суретін салып, әдемілеп бояңыз.
|
Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады |
Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. |
«Ашық микрофон» кері байланыс парағы |